Айтматов әлемінің шырақшысы

Бүгінгі күні айтматовтанушылардың ішінде жазушы мұраларын тыңғылықты зерттеп, насихаттап, қырғыз әдебиеті мен ғылымына үлес қосып жүрген тұлғалардың бірегейі - Абдылдажан Акматалиев.
Егемен Қазақстан
30.03.2017 3989
2

Ол Шыңғыс Айтматовтың қасында жүріп, екеуі аға-інідей етене араласты. Ғалым өзінің көптеген зерттеулерін жазушының шығармашылығын талдауға, насихаттауға арнады. Қазір белгілі ғалым Қырғыз Ұлттық академиясының вице-президенті. 

2015 жылы Абдылдажан Акматалиев Ұлттық ака­де­мия­ның құрамындағы Ш.Айт­ма­тов атындағы тіл жә­не әдебиет инс­титутының ұсынуымен «Айт­ма­тов жайлы этюдтер» атты кі­­­тап­ты жарыққа шығарды. Бұл кітапта автор заңғар жа­зу­­­шының өмірінің көпшілікке бел­­­гісіз тұс­тарын, қызметін, кө­п­­­теген оқи­ғаларға қатысты ой-­пі­кі­р­ле­рін, әсерін баяндайды. 

Абдылдажан Акматалиев ұлы жазушыны алғаш рет 1980 жыл­дың 1 қазанында Фрунзеде Ғылым Академиясында өткі­зіл­ген бүкілодақтық ғылыми кон­фе­­ренцияда көреді.

Конференцияда үзіліс жа­рия­­ланғанда, бір кісімен тұр­ған жа­зушыға жігіт жа­қын­дап, қы­сы­ла:  – Сізбен сөйлесуге бола ма? – дейді.

– Айта беріңіз, – дейді жазушы кү­лі­мсіреп.

– Шыңғыс Төреқұлұлы, мен жақында іссапармен Алматыда бол­дым. Сізге достарыңыз Қал­тай Мұхамеджанов, Олжас Сү­лей­­­менов, Зейнолла Қабдолов сә­­лем айтып жатыр. Осыны сіз­ге жеткізгім келді, – дейді Ак­ма­та­лиев.

– Рахмет! Сенің есімің кім? Не үшін онда бардың? –  деп сұ­рай­­ды жазушы. Өзінің аты-жө­нін айт­қан жігіт Айтматовтың шы­ғар­­машылығын зерттеп, диссер­та­­ция жазып жатқандығын, Ал­ма­тыға материал жинау үшін бар­ғанын айтады.

– Е-е, «Советтік Қырғызстан­да» жарияланған Қалтаймен бол­ған сұхбат сенің жұмысың екен ғой, – дейді жазушы. – Менікі, – дей­ді жігіт, жазушының бұның ин­тервьюін оқып фамилиясын ес­ке сақтап қалғанына қуанып. Жа­зушы жігіттің қолын қатты қы­сып, одан соң көлігіне отыра­ды. Бақыттан басы айналған жі­гіттің төбесі көкке екі-ақ елі жет­пей қалады.

1981 жылдың 27 қа­за­нын­да қырғыз-қазақ әдеби бай­ла­ныс­тарындағы мәселелер бой­ын­­ша сұрақтар қоймақ болып жа­зушының кабинетіне келген Ак­ма­талиевке Шыңғыс Айт­матов «Қыр­ғыз әде­бие­тін та­­нушылар ішін­дегі та­лант­ты­ла­­рының бірі – м­енің кі­ші інім Акматалиев Аб­­дыл­да­ға» деген тілек-қол­таң­ба­мен қыр­ғыз тіл­інде шыққан «Ға­сырдан да ұзақ күн» атты кі­та­бын сый­ға тар­тады.

1983 жылдың 25 қарашасы – Аб­дылдажан Акматалиев үшін ең бақытты күндердің бі­рі. Бұл кү­ні заңғар жазушы ға­лым­ның үйінде қонақта болады. Сол күннен бастап, екеуінің ара­сында отбасылық қарым-қа­тынас орнайды. Жас ғалым үл­кен жазушымен достыққа, шы­ғармашылық байланысқа, ада­ми қарым-қатынасқа қылау түсірмеді. Жазушының өтініші бой­ынша ғалым оның қызы Ширин мен ұлы Эльдарды қыр­ғыз тіліне, грамматикасына, әде­бие­тіне үйретіп, аптасына екі рет сабақ та жүргізеді. Балалар әде­­биеті інжу-маржанымен су­сын­датады. Жазушы және оның жұ­ба­йы Мария Урматқызы ізденгіш жас ғалымға риза болады.

Абдылдажан Акматалиев жа­зу­шымен өнер-білім, әдебиет, дәс­түр мәселелері бойынша көп пікірлескен адам. 1986 жы­лы қазақ әдебиеті туралы сөз қоз­ға­лғанда, Айтматов Шерхан Мұр­тазаның үйінде Оралхан Бөкеевпен танысқанын айтады. Акматалиев болса өз тара­пы­нан Оралхан Бөкеевтің, Әбіш Кекілбаевтың, Софы Сма­таев­тың, Мұхтар Мағауиннің, Сайын Мұратбековтің шы­ғар­ма­шы­лы­ғы туралы өз ой-пі­кі­рі­мен бө­­лі­се­ді. Осы әңгіме бары­сы­н­да Шың­­ғыс Төреқұлұлы Әбіш Ке­кіл­­баевтың өте дарынды жазушы екендігін айтып, ол туралы өте жылы лебіз біл­ді­реді. Бұдан қыр­ғыз зия­лы­ла­рының қазақ әде­бие­тінің жай-күйін назардан тыс қал­дыр­май бақылап оты­ра­ты­нын аң­ғарасыз.

Акматалиевтің өзі Шыңғыс Тө­реқұлұлына диссертациясын қор­ғарда және Қырғызстан Ле­нин комсомолының сыйлығын ала­рда М.Қаратаевтың, З.Ахме­тов­тің, З.Қабдоловтың, Қ.Мұ­ха­мед­жановтың қолдағанын ай­тып отыратын. Олардың ле­бі­зі­нен туысқан халыққа деген сый­ластықты, үлкен құрметті се­зесіз.

«Айтматов жайлы этюдтер»  кітабында автор 1987 жылдың 25 қыр­күйегінде Алматыда Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған конференцияға кеңінен тоқ­та­л­ады. Кездесуді республика бас­­шысы Колбиннің ашқанын, эко­­номикадағы табыстарға тоқ­талып, мәдениет пен әдебиет мә­­­селелеріне келгенде Олжас Сү­­лейменовке қарап: «Осылай ғой, Олжас Омарович?» – деп ара-тұра сұрау тастағанында, ақы­н­ның үндемегені, жүзінің қуа­­р­ғаны жан дүниесінің алай-дү­лей болып жатқанын аңғартса ке­рек. «1986 жылғы Алматыдағы Жел­тоқ­сан оқиғасынан кейін екеуінің ара­­сындағы текетірестен біз ха­бар­­­дар едік. Колбин өз сөзін қа­­зақ тілін үйреніп жат­қан­ды­­­ғымен аяқтады. Одан соң Шы­ң­ғыс Айтматов, Мұстай Кәрім, Камиль Яшен, Мумин Ка­ноат сөйледі. Бірақ, барлық сөйлеушілердің емен-жарқын ашыла алмағанын аңғардық. Бір сағатқа созылған кездесуде ат шаптырым кабинетте жайсыз ахуал сезіліп тұрды», деп жазады автор. Сол күні сағат 17-де сол кездегі Ленин атындағы Сарайда салтанатты жиналыс басталады. Мінберге Олжас Сүлейменов кө­терілгенде, залда жиналған көп­шілік біразға дейін қол соғып тұ­рып алады. Залда тыныштық ор­нағанда, өр ақын өз сөзін бас­тап кетеді. Ол Әуезовтің өмірі, қыз­меті мен шығармашылығы, ба­сына үйірілген қауіп пен қатер жай­лы айтады. Оның әрбір сө­зі тыңдаушысының жүрегіне дәл же­тіп жатты. «Бұл 1986 жыл­ғы желтоқсан трагедиясынан кей­­ін­гі алғашқы салтанатты жи­­­­­налыс еді. Жиналғандардың кө­­­бінің жанарына жас кептелді. Олар орындарынан тұрып, қол со­қ­­ты. Мен мұны қайғыны қуа­ныш­тың жеңгені, болашаққа де­ген сенімнің алаулағаны деп тү­сін­дім. Олжас Сүлейменов қо­лын кеудесіне қойып, көп­ші­лікке алғыс білдіріп жатты. Бірақ, жиналғандар қол со­ғу­ын тоқтатпады. Бұл жойқын ағыс­тың берік плотинаны бұзып-жа­рып кеткендігін еске салды. Ол­жас Сүлейменов жанарына ке­ліп қалған жасты жасыра алмай, сүртіп жібергенде, көп­ші­ліктің қол соғуы ұзақ ова­ция­ға ұласты. Мен партияның Орталық Комитеті өкілдерінің жүздеріндегі абыржушылықты байқадым. Бірақ, олардың өздері де азаматтық ұстанымға деген ха­лықтың осындай алғыс біл­ді­руін тоқтата алмай­тынын тү­сінді. Ақы­­ры, Олжас Сү­лей­меновтің өзі залды тыныштандырды. Бар­лық жиналғандар секілді мен де ха­­лық мүддесі үшін күрескен ұл­­дарын құ­р­­­меттеп, елдің көкке кө­те­ре­тініне көз жеткіздім»,  деп жа­за­ды автор.

Сол жылы мамыр айының жай­машуақ күндерінің бірінде жа­зушы мен жас ғалым Фрунзе кө­шелерімен әңгімелесіп келе жа­тып, Ғылым Академиясының геология институты орналасқан ғи­маратқа жақындайды. «Міне, осы жерде 1952 жылы «Манас» эпо­с­ын талдаған үлкен жиналыс өтті. Біз, жастар оны тыңдауға бар­дық. Сонда мен алғаш рет Мұх­тар Әуезовті көріп, сөзін тың­­дадым. Залда ине шаншар орын болмады. Себебі, біздің ұлы мұрамыз «Манас» эпосының тағ­д­ыры шешіліп жатты. Тек Әуезовтің батылдығы, даналығы және шешендігінің арқасында «Манас» эпосы халыққа қайта ора­лды. Әуезовтің жалынды сөз­деріне риза болған көпшілік бір­неше рет қол соғып отырды. Сонда маған шешеннің кең де ашық маңдайы, мәселені талдаудағы батылдығы, жан дү­ниесінің тереңдігі ұнады. Ке­й­іннен ол екеуміз бір-бірімізге әке мен баладай болып кеттік», дейді Шыңғыс Айтматов.

Ғалым негізінен қырғыз фоль­клоры, «Манас» эпосын жә­не Шыңғыс Айтматовтың шы­ғармашылығын зерттеумен ай­налысты. Оның заңғар жа­зу­шының өмірі, қызметі жә­не шығармашылығын зерттеп, әр жылдары «Шыңғыс Айт­матов және бауырлас ха­лық­тар әдебиеті», «Шыңғыс Ай­т­­ма­тов шығармашылығы КСРО-­ның түркітілді халықтар әде­­биетімен байланыста», «Шың­­ғыс Айтматов: өмірі мен шы­­ғар­машылығы», «Шыңғыс Айт­­ма­тов және әдебиеттер байл­а­­ны­сы», «Айтматов туралы сөз», «Ұлттар әдебиетін байыту үрдісінде Ш.Айтматовтың шы­ғар­машылық белсенділігінің мә­ні», «Чингиз Айтматов: Живи и пом­ни», «Чингиз Айтматов: Че­ло­век и Вселенная», т.б. 30-ға тар­­та монография жазды. Бұдан өз­ге ТМД елдерінің баспасөзінде көптеген ең­бек­тері жарияланды. Ға­лымның шы­ғармашылығын са­ралағанда, оның ешқашан ерін­бей-жалықпайтынын, өз ісіне үл­­кен дайындықпен кірісетін ең­­бек торысын аңғарасыз. Әсі­ре­­се, Шыңғыс Айтматовтың шы­­­ғармашылығын талдағанда те­­­рең білімділігімен, көреген сы­н­­­шылдығымен танылады.

Абдылдажан Акматалиевтің өзі де қаламгер. Он шақты әде­би жинақтардың авторы. 1987 жыл­дың 5 маусымында ол бір­неше жас жазушымен бір­ге Қыр­ғыз КСР жазушылар ода­ғы бас­қар­масының төрағасы Шың­ғыс Айт­матовтың қолынан мү­ше­л­ік би­летін алады.

Абдылдажан Акматалиев «Ха­­лықаралық Айтматов клу­бын» құруда, «Айтматов кі­тап­та­рының кітапханасын» ашу­да, Ше­кердегі Күркіреу Мә­дениет үйін­де жазушының му­зей­ін, «Ай­тматов оқуларын» ұйы­м­дас­­тыруда үлкен жұмыстар ат­қар­ды.

Ғалым 1993 және 2008 жыл­да­­ры Швед академиясының Но­бель сыйлығын беру ко­ми­те­­тіне хат жолдап, түркі ха­лық­та­ры жазушыларының ішін­де­гі марапатқа лайықтысы деп Шың­ғыс Айтматовтың кандидатурасын ұсынады. Оған осы жылда­ры Швед академиясындағы К.Еспмарк, С.Аллен секілді ла­у­а­­зы­м­ды мырзалармен жазысқан хат­­­­тары куә.

­Бүгінде ғалым – Халықара­лық Айт­­матов академиясының пре­зи­денті. 2008 жылдан бері Ғы­лым академиясының құ­ра­мын­дағы Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының ди­ректоры.

Әрине, Шыңғыс Айтматов­тың мұраларын көздің қарашы­ғын­дай сақтауда, насихаттау­да оның ұрпағы, бауырлары өз жұ­мыстарын жүргізіп жа­тыр. Бі­рақ, Абдылдажан Акма­та­лиев­тің орны бөлек.

Нұрлан ЕСЕНОВ,

тарих ғылымдарының кандидаты

Тараз




СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.09.2018

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі болуы мүмкін бе?

18.09.2018

11 жылдан кейін қайталанған тарихи кездесу

18.09.2018

Мемлекет басшысы қосарланған салықты болдырмайтын Өзбекстанмен арадағы келісімге өзгерістер енгізді

18.09.2018

Елбасы Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету заңына енгізілген өзгерістерге қол қойды

18.09.2018

Студент жастардың жатақхана мәселесі шешілуде

18.09.2018

Батыс Қазақстан облысында Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

18.09.2018

Жеңімпаздар әлем чемпионатына барады

18.09.2018

«Астана» 4 қазан күні өз алаңында Францияның «Ренн» клубымен ойнайды

18.09.2018

Атырауға алғаш рет Елбасының көшпелі көрмесі келді

18.09.2018

Қостанай облысының оңтүстік өңірі егін орағын аяқтап келеді

18.09.2018

Бауыржан Қарағызұлы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

18.09.2018

Ақмола облысында 61 ІТ сыныбы ашылды

18.09.2018

Әлихан Смайылов Қаржы министрі болып тағайындалды

18.09.2018

«Адырна» республикалық әдеби-көркем ұлттық журналы аламан бәйге жариялады

18.09.2018

Статусты сәйкестендіру керек

18.09.2018

Қостанай облысында адасқан тырна аңшылық шаруашылығына тапсырылды

18.09.2018

Ақмола облысында 2870 орынды қамтитын 11 жатақхана салу жоспарлануда

18.09.2018

Әулиеата аймағында туризмді дамытудың нақты жоспары жасалды

18.09.2018

Құрылыс компаниялары қызығушылық танытуда

18.09.2018

Елімізде жұмыспен қамтылған жастардың саны - 2,1 млн адамды құрайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Búgingi qazaq áıeli

Qazaq áıeli qaı zamanda da qatparly taqyryp bolǵan. Epostyq jyrlar men ertegilerde, jyraýlar poezııasynda qazaq áıeliniń, qazaq qyzynyń asqaq beınesi áspetteldi, sulýlyǵy jyrlandy, jan dúnıesiniń izgilikti qasıetteri pash etildi. Baǵzydaǵy Tumar hanym men Umaı anadan bastap qazaq tarıhy da Domalaq ana, Aıpara ana, Qyzaı ana, beridegi Bopaı hansha men uly Abaıdyń ájesi Zere syndy ardaqty esimderge kenen bolyp kelgeni belgili. Qashannan-aq halyq qasıetiniń qormaly, ulttyń uıaty áıel bolǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу