Айтыстан кейінгі «айтыс»

Түркі әлемінің астанасы, кеше ғана алты алашқа сауын айтып, жиырмадан астам мемлекеттің басын қосып Наурыз және қала құрметіне дүбірлі той жасаған Түркістанда халықаралық айтыс өтті.
Егемен Қазақстан
29.03.2017 2452
2

Түркістан ежелден рухани астана болып есептеледі. Бұл жолы айтыс қазақ халқының кемеңгер ұлдарының бірі, алаш тағдыры тезге түскенде жанын шүберекке түйіп ел іргесінің сөгілмеуіне өлшеусіз еңбек сіңірген Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдығына арналды. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ сарайында өткен екі күндік айтысқа еліміздегі мықты ақындардан бөлек, көрші Қырғызстаннан азаннан салсаң кешке дейін ауызын жаппай түйдек-түйдек сүбелі жыр ақтаратын қос мықты келіпті.

Бірінші күнгі қидаласқан айқастан соң ақтық кездесуге ал­ты жұп өтті. Бұлар да сүзгіден өтіп, ең жоғары ұпай жинаған төр­теу ең мықтыны анықтау үшін тағыда үкілі домбырасын қол­­ға алды.

Үш кезеңде де шашасына шаң жұқтырмаған қостанайлық Айбек Қалиев бас бәйгеге ті­гіл­ген алтын көмбе − 3 миллион теңгені жеңіп алды. Онымен үзеңгі қағыстырып, бір ұпай ғана жоғалтқан оңтүстікқазақстандық Жар­қынбек Наушабаев бірінші оры­нды иеленді. Екі екінші орын­ға айтыса отырып ретіне қа­рай түрлі ән әуезіне салып, жұ­р­т­шылықты желпіндіріп отыратын оңтүстіктің оғланы Нұрлан Есенқұлов пен Қырғызстандағы «Айтыс» орталығының басшысы, көмейінен лағыл маржан тө­гілетін Асылбек Маратов ие бол­ды.

Елімізге белгілі қаламгер Кө­пен Әмірбек жүргізген екі күндік ала­ман айтыс дау-шарсыз өтті дес­ек, шындыққа жанаспас еді.

Бірінші күні Жарқынбек Нау­­ша­беков пен Сара Тоқ­та­мы­сова айт­ысқанда, қазылар алқасына сын айтқан азаматтар болды. Екеуі де ешкімнен сау­ғаға сөз сұра­май­тын мықты ақын­дар. Әзіл-қал­жын­ға да әй­дік ұста. Сырт көзге ең жо­ға­ры ұпайға лайық кө­рін­ге­ні­мен, әзілге оң иығын бе­ріп тұ­­ра­тын Сара айтыстағы ар­қау тақырыпты кеңінен ашуда Жар­қынбектен сәл кемшін түс­ті. Қазылар алқасының бір мү­шесі Татьяна Бурмистроваға Сар­а­ның Жарқынбектің жеке басын арты­ғы­рақ мінегені ұнаған жоқ. Сара – бас жүлдеге лайық ақын. Бірақ, қа­зіргі айтыс өнерінің ақтаңгері Бекарыс Шойбеков қарындасына жол бергенімен, әзілдің шоғын көбірек қағыстырып кеткен Сара не­гізгі тақырыпты жалаңдау шо­л­ып, тағы да несібесінен қа­ғыл­ды. Әйтпесе, халық ақы­ны Әселхан Қалыбекова тө­рай­ым­дық еткен қазылар ал­қа­сының еш­кімде алты аласы, бес бересі жоқ, негізгі та­қырыпты терең бой­лаған ақын­д­арға басымдық бе­ргенін ешкім заңсыз дей алмас.

Айбек – ойлы ақын. Бұқара­ның бойындағы ащы шындықты ай­тамын деп шенділерге жақпай қа­лып жүретін, дауылпаз ақын сәл мүлт кетсең, қиып түседі.

Айтыс басталғаннан жоғары ұпай жинап келе жатқан Нұрлан Есенқұловты екі мәрте сөзінен оңдырмай ұстаған Қалиев барлық айтысында бойына қылау ж­ұ­қ­тыр­ғ­ан жоқ. Кейбіреулердей әр қиырға алып қашып, арзан сөзге мал­данбайтындығын танытты. Оның қарсыласы сауғаға жолын сұрағанда, жеңісті қазылар алқасы беретінін ескертіп, айтыстан емес, арсыздардан күнде жеңіліп жүргенін айт­қа­нын қа­зылар алқасының мү­ше­сі, көр­некті ақын Ханбибі Есен­қа­раева бүгінгі айтыстың ең үлкен олжасы өмір шындығы деп баға берді. Түркістан төрінде өткен ха­лықаралық айтыстың ең үлкен ол­жасы – қалыпты айтысқа реформа жасалғандығы.

ТҮРКСОЙ-дың өкілі, қазы­лар алқасының мүшесі Асқар Тұр­ғанбаев қазылар алқасының жұп­тауымен емес, жеребе тартып айтысуға бастама көтерді. Яғни, ақындар айтысар алдында ғана жеребе тартады. Сонда алдын ала дайындалған «заготовка» жайына қалып, нағыз айтысқа орын берілмек.

Бұл көрші Қырғызстанда бұрыннан бар тәжірибе екен. Қа­зылар алқасының мүшесі, Қыр­ғызстандағы республикалық «Ай­тыс» қауымдастығының тө­ра­ғасы Рысбай Исақовты әң­гі­ме­ге ­тартқанымызда, осы жайтты тол­ы­ғырақ айтып берді.

«Айтыс» орталығына әр ай­дың он күнінде айтыс ақын­да­ры жи­налады екен. Олар­ға кез кел­ген тақырып ұсынылады. Мә­се­­лен, қасық немесе сыпырғы. Осы­­дан бір сәт ауытқымай жыр тө­­гуі­ң керек. Жеребе де айтыс ал­­дында тартылады. Тақырып та сол мезгілде айтылатын тә­жі­ри­бе­лері бар.

Асқар Тұрғанбаевтың бастамасын ақындарымыз бірден құптай қойған жоқ. Бұрынғы жұптаудың көбесі сөгіліп, айтыс алдында болмаса да жеребе тартылды. Соның өзі айтысқа айтарлықтай қанат бітірді. Біздің ақын­дардың осалы жоқ қой. На­ғыз айтысқа көрермендер де өте разы болды. Тосылып қал­ған ешкім жоқ, көңілдегі күдік сей­ілді. Енді жеребені айтыс ал­дын­да суырсаң да нағыз айтыс ақы­нының байпаңдап қалмасына көз жеткіздік.

Айтыс өнеріне тазалық керек. Күллі түрік қауымының рухани астанасы, алты алаш үшін ең ардақты мекен Түркістанда осын­­­дай тәуекел жасалды. Дай­­­ын­­дық­сыз ай­­тысу – бұ­­ры­н­нан қазақ ақын­да­­рына тән қасиет. Бұ­рынғыны ай­т­пағанда, осы Оң­түс­тіктің ақ­бе­ре­ндері Көпбай ата, Тәу­шен апа­ларымыз алдын ала дай­ында­лу дегенді ойларына алмай өтіп­­ті. Жақсы дәстүрдің тамырына бал­­та сілтеген басқа-басқа емес, өзі­міз. Енді нағыз айтысқа жол аша­тын алғашқы қадам жасалды. Түр­кістандағы халықаралық айтыс ұлы өнеріміздің қайта өрлеуінің ба­сы болмақ.


Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік қазақстан облысы


Түркістан қаласы



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Ауылдан әлемге жол тартқан өнім

21.09.2018

Діни экстремизмнің алдын алу үшін жұмыс атқарылады

21.09.2018

Кәсіпкерлерге арналған фулфилмент-орталық ашылды

21.09.2018

Ресми бөлім (21.09.2018)

21.09.2018

«Eni» Қазақстанға инвестиция құюды жандандыруға дайын

21.09.2018

Сөз қуаты мен қасиеті Еуразия қаламгерлерінің басын қосқан халықаралық әдеби форумда талқыланды

21.09.2018

Ауыл шаруашылығы секторын дамытатын 8 шара

21.09.2018

Өнімді несиелеу

21.09.2018

«Астана» Киевтің «Динамосымен» тең түсті

20.09.2018

Д.Қыдырәлі – Түлкібас ауданының құрметті азаматы

20.09.2018

Мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасы құрылады

20.09.2018

Қостанайда жалпықазақстандық диктантқа 4 сынып оқушысы қатысты

20.09.2018

Павлодарда Google компаниясының қызметкері Қуат Есеновпен кездесу өтті

20.09.2018

Әділ Дүйсенбек. Ұрпақ сабақтастығының үлгісі

20.09.2018

2018 жылдың 8 айында 7,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

20.09.2018

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі басталды

20.09.2018

Астана қаласы Әуе көлік прокуратурасы жолжүктерді ашудың 80 дерегін анықтады

20.09.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

20.09.2018

GGG үздіктер тізімінде төмендеді

20.09.2018

Қазақстан құрамасын Кака баптайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу