Айыппұл көлемін азайту қарастырылуда

Парламент Сенатында «Жол қозғалысы саласындағы құқықтық реттеудің жай-күйі мен проблемалары» тақырыбы бойынша 2016 жылғы 21 қазанда өткен Парламенттік тыңдау ұсыныстарын іске асыру қорытындылары туралы Үкімет сағаты өтті. Онда жол қозғалысына қатысты мәселелерді баяндаған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов сенаторлардың сан алуан сауалына жауап берді.
Егемен Қазақстан
03.05.2017 2433

Жиынға жетекшілік еткен Се­нат­тың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау орган­дары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай Парламенттің атқару­шы органдарды саяси бақы­лау­дың осындай сипатын оң баға­лап, Мем­лекет басшысының консти­туция­лық реформалары аясында би­лік тармақтарын қайта бөлу жағдайында, әсіресе, министрлердің депу­тат­тар алдындағы есептері ерек­ше маңызды болып отырғанын атап өтті. 

Өз кезегінде Ішкі істер министрі Қ.Қасымов былтырғы Парламенттік тыңдау жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне жауап беретін барлық мемлекеттік ор­ган­­дардың қызметіне белгілі бір серпін бергенін алға тартты. Оның айтуынша, соңғы жылдарда жол­дағы жағдайдың жақсарғаны байқа­лады. «Биыл да оң көріністер бар: бірін­ші тоқсанда жол-көлік оқиға­лары 13,2 пайызға (3 598-ден 3 123-ке дейін), қаза болғандар 27,2 па­йы­зға (405-тен 295-ке дейін) және жаза­ға тартылғандар 10,4 пайызға (4 652-ден 4 166-ға дейін) қысқарды», – деді Қ.Қасымов.

Сондай-ақ, министрдің мәлі­метінен сенаторлардың ұсыны­сы негізінде мүдделі органдармен 2020 жылға дейінгі еліміздегі жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұлттық тұжырымдамасы әзірленгені және келісіліп жатқаны белгілі болды. Заңнаманы ізгілендіру мақ­сатында ІІМ тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі 14 құрамдағы айыптар сомасын төмен­дету көзделген. «Бұл жерде жолда жүру ережесін өрескел бұзу туралы айтылып отырған жоқ. Мәселен, мүгедектердің көлік құралдарына арналған тұрақтар белгіленген жерге аялдау мен тоқтау ережесін бұзғаны үшін айып мөлшерін 50-ден 15 АЕК-ке дейін төмендету ұсы­нылып отыр. Ал жақынға түсетін жарықты міндетті түрде қосу тала­бын алғаш рет бұзғаны үшін ескерту беруді енгізу ұсынылады», – деді Қ.Қасымов.

Сонымен қатар, ІІМ қоғамдық көлік пен такси жұмысын жақсарту­ға бағытталған заңнамалық өзгеріс­тер енгізуді де ұсынуда. Айталық, такси автомобильдерінің қоғамдық көлікке арналған бөлек жолақтағы қозғалысын заң жүзінде бекіту, сондай-ақ, таксилердің бірыңғай түске боялуын енгізу заңсыз тасы­мал­даушыларды ығыстыруға мүм­кіндік беретіні туралы мәселелер де пысықталуда.

Жиында жол-көлік оқиғасы жағдайында жедел көмек көрсету ахуалын жақсарту жөніндегі шара­лар туралы да айтылды. Нақты­лай түссек, сенаторлар еліміздің авто­кө­лік паркін жаңарту мәселе­сін, Ас­тана қаласындағы жаяу жүргін­ші­­лер жолы мен аула ішіндегі авто­тұ­рақ­тар мен үлкен қалалардағы кө­лік кептелегін болдырмау жайын, жүргізуші куәлігінен айыру жазасы­ның тиімділігін сауалдарына арқау етті.

Шараны қорытындылаған коми­­тет төрағасы С.Ақылбай өмір­лік ма­ңызы зор аталған салада оң көрі­ніс­тер байқалғанын, Үкі­мет сена­­тор­­­лардың көптеген ұсы­ныс­тарын ескергенін атап өтті. Отырыс со­ңында Сенат Төрағасының орын­ба­сары Бектас Бекназаров, депу­таттар Мұхтар Алтынбаев, Дулат Құс­дәу­летов, Манап Көбенов, Жабал Ер­ға­лиев, Рашит Ахметов, Серік Бек­­тұрғанов, Серік Жақсыбеков, Люд­­мила Полторабатько, Дархан Кәлетаев атқарушы билік өкілдеріне сауал­­дарын жолдап, өз бағасы мен ұсыныстарын жеткізді.


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.09.2018

Сөз сойыл №67

26.09.2018

Қостанайда Қазақ ұлттық мәдени күні өтті

26.09.2018

Қоғам жұмыла қарсы тұруы қажет

26.09.2018

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін?

26.09.2018

Қазақстанда жасалған өнімдер Мәскеуде «Жыл тағамы» номинациясын иеленді

26.09.2018

Алғашқы медициналық көмектің сапасын арттырмақ

26.09.2018

GGG-дің алдағы жоспарлары қандай?

26.09.2018

Төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

26.09.2018

Әріп танымайтын баладан Африканы сұраған...

26.09.2018

Оқушыларды ағылшын тіліне баулиды

26.09.2018

«Асан» фильмінің актері «Байқоңырда» үздік атанды

26.09.2018

Елордада «Astana Media Week» апталығы басталды

26.09.2018

Басқарма басшысы неге өтірік айтады?

26.09.2018

Қасиетті мекенге қастерлі сезім

26.09.2018

Павлодарда биыл да алқызыл қар жаууы мүмкін

26.09.2018

Ақан сері ескерткішін көшірудің қажеті бар ма?

26.09.2018

Үндістандық компания құс шаруашылығына инвестиция салуға ниетті

26.09.2018

Тау туризмі табысты болады

26.09.2018

Солтүстік Қазақстанда жас ғалымдардың халықаралық симпозиумы өтті

26.09.2018

Тері экспортына шектеу қойылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

Jańa mamandyq jaıy

«Erinbe. Eńbek et, mal tap» degen sózdi Abaıdan keıin ata-analarymyz jıi aıtatyn. Alaıda áleýmettanýshylar eńbek etý men tabysty bolýdyń mazmuny men shynaıylyǵy ózgerdi degendi alǵa tartady. Al eńbektiń formýlasy jumys isteý, kásip ashyp, tabys tabý ekeni belgili. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tirshilikti mádenıet bıleıtin qoǵam

Osy ýaqytqa deıin jeke adamnyń tirshiligin, turmys jaǵdaıyn onyń bilimi men eńbekqorlyq qasıetiniń bılep kelgendigi belgili. Adamdar kóp jaǵdaıda qoǵamnan bilimine saı oryn alyp otyrdy. 

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу