Бала бағбаны

Ғылыми негізге сүйенсек, баланың болашақ болмысы жатырда жат­қанда қалыптасатын көрінеді. Бізге белгілісі – адам өмір бойы үйреніп өтеді. Әсіресе, балабақшаға барған кезеңнің жөні бөлек.
Егемен Қазақстан
05.06.2017 5092
2

Бөбек – балабақша безбені. Оның күнделікті көңіл-күйіне, жүріс-тұрысына, ынта-ықыласына, қабілет-қарымына қарап-ақ «Пе­ріште патшалығындағы» ахуал­ды аңғарасың. Әрине, бір баламен бүкіл ұжымның тыныс-тіршілігін безбендеуге болмайтыны белгілі. Бірақ, болжамның бодауына жарап жатыр. Өзім күні кеше зейнеткерлікке шыққан  «Ертегі» балабақшасының бұрынғы басшысы Рысқал Ярышеваны білікті бала бағбаны деп бағалаймын. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемесін атына сай ұстады. Құлдыраңдаған кенже қызым Аяулымның арқасында үш жыл өзім де сол «ертегі әлемінің» әдемі әсерін бөлістім.
Бұрнағы жылы балабақшаға күрделі жөндеу жүргізетін болып, бүлдіршіндерді бөліп-бөліп жіберді. Бізге үйдің алдындағы балабақша бұйырды. Кешке барғанымда мекеме басшысы қолыма кеңсе затының тізімін ұс­татты. «Мынауың дүниенің заты ғой?!» деді зайыбым, онша ұнатпай. Саудаласып жату – ұят! Айтқанын алып бердім.
Оны қойшы, қиғылықтың көкесін қызымның «қиқарлығынан» көрдім. Барғанына бір апта өтті ме, өтпеді ме: «Өзімнің «садигіме» апар!» дегенді шығарды. Айтқанға түсінбейді. Таңертең үйден шық­қан бетте туралап «Ертегіге» тартады. Алдап-сулап үш айды әрең өткіздік. 
Мойындау керек, бардың бағасын білмейміз. Кейде айына төлеген 8 000 теңгені бұлдаймыз. Бала тәрбиесі тек соған тіреліп тұрғандай тепсінеміз. Егер сол ақшаны беріп «Балаңды бақ!» десе, «Мынау ауыз шаюға келмейді ғой!» деп беттен алар едік. Ал, есі ауып қалмай, отыз үйдің еркесінің тілін тапқан тәрбиешіге ескерткіш қойса, артық емес. Біз жайшылықта бір ауыз жылы сөз айтуға жарамаймыз. 
Қызым кейінгі тәрбиешісі Қарлыға Наурызбаеваны «мен­шіктеп» алғаны өз алдына, оның алдындағы Қарлығаш Саринова мен Гүлмира Әшірбековаға, басқа балабақшаға басшы болып кеткен Алма Оразалинаға кездейсоқ кездесіп қалғанда «Менің тәтем!» дегенде, еріксіз ойланып қаласың. Бала бағбанына деген құрметің арта түседі.
Үш жыл өте шықты. Бірақ, бос­қа кеткен жоқ. Оның жемісін 1-сыныпта оқитын баламның бойынан көремін. Балабақша ұжымына ризашылығымды білдіремін. «Ештен – кеш жақсы!».

Әлібек ӘБДІРАШ, 
журналист

Қарағанды облысы,
Сәтбаев қаласы
Суретті түсірген автор

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Тимур Жақсылықов Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

21.09.2018

Маман дайындау мәселесі талқыланды

21.09.2018

Астанада тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті

21.09.2018

Бүркітші қыз Айшолпан түскен «Көшпенділер» фильмі көрерменін қуантады

21.09.2018

Павлодарда биыл 1655 жұп қосылса, 1101-і ажырасқан

21.09.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу бойынша жоба әзірленді

21.09.2018

Кәрім Мәсімов терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

21.09.2018

Қостанайлықтар жарықдиодты шыны жолмен жүреді (ВИДЕО)

21.09.2018

Қанат Ислам мақтааралдық жас боксшыларға мастер-класс өткізді

21.09.2018

Алексей Луценко: «Алматы турын» апталық жарыс қылса керемет болар еді

21.09.2018

Бурабайда жаңа мешіт ашылды

21.09.2018

Онкологиялық қызметтің атасы Сәкен Нұғмановтың 100 жылдығы атап өтілді

21.09.2018

Дзюдошы Ерлан Серікжанов жартылай финалға шықты

21.09.2018

Қайрат өз құрамын жария етті

21.09.2018

Асқар Жұмағалиев Үндістанның АТ және телекоммуникациялар министрімен кездесу өткізді

21.09.2018

Шетелдік мамандар ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуды бастады

21.09.2018

Шыңғырлау ауданында төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

21.09.2018

Рани Мукерджидің қазақтарға сәлемі

21.09.2018

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

21.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу