Балаң жақсы болса, Жердің үсті жақсы

Байқоңыр дейтін қаладан ара-тұра Алматыға келіп тұратын Сағира апа жолдан қажып келсе де тосын бір әңгіме бастады.
Егемен Қазақстан
07.04.2017 5668
2

– Жастық шақта көрген қиыншылық өтеді де, кетеді. Құдай қартайғанда қиыншылық бермесін. Шаш ағарғанда, әсіресе, бала-шағаның жамандығын көрсетпесін. Осы күні балалары жақсы болып өскен дос-жарандарымыздың абыройы жақсы. Баяғыда арақ ішіп жүргендері де, басқасы да ұмыт қалды. Баласы жамандар көпшілікке бара алмай, ағайынмен араласа алмай, жүздері төмен болып жүр. Қай қылығымыздан осындай болдық, қай жерде қандай қателік жібердік пұшайман болып жүр. Ал ұл-қызы мейірімді болып өскендер қазір курорттардан шықпайды, санаторийлерде демалады. Туған күндеріне балалары алтын-күмістерін сыйлап, шуба кигізіп, жұрттың алдында жоғары көтеріп отыр. Іштен шыққан балаң жақсы болып өссе баяғының бәрі де ұмыт болады екен, – деді қайталап.

Пайғамбардың жасынан асқанда жүріп өткен жолынан пайым алып отырған Сағира апаның сөзі туралы түнімен ойланып шықтым. Шынында да, өзімнің азды-көпті өмірімдегі адамдардың тағдырына шолу жасадым. Жақсыдан туған жамандарды, жаманнан туған жақсылардың тізбегі көз алдыма келді. Тіпті, жақсыдан туған жақсыларды да еске алдым. Бүкіл өмірін көк бөтелкеге байлап беріп, түбіне арақ жеткен адамдардан иманды бала қалғанын, халыққа ғұмырын арнаған жандардан бір аяқ асқа алғысыз ұрпақ туылғанына да мысалдар табыла берді.

Сонда тәрбие санадан ба, ата-анадан ба? Тәрбие адамға тегінен беріле ме? Әлде ұлағатты дейтін отбасыларға оспадарсыз ұл, әдепсіз қыз сыйлаған жазмыштың өз дегені бар ма?

Мына өмірдің миллион мысалынан тұратын беттерін қанша ақтарсақ да, осы сұрақтың нақты бір ғана жауабы жоқ.

Дүниеге қорғанышсыз болып келген әр пенде сәби күнінде ата-анасының қамқорлығына өлшеусіз мұқтаж болса, қартайғанда өзі балаға айналып перзентінің мейіріміне зәру болып қалатыны Ай туғандай ақиқат.

Бірде ендігі қызығым да, қалған өмірім де – балаларым деп отырған көршім қатты күйінді. Жесір келіншек таңның атысы, күннің батысы тапқан-таянғанын ұл-қызының аузына тосып, ешкімнен кем қылмай, күндерін сарп етіп келе жатқан жан болатын.

«Е, Құдайым бала бер! Бала берсең – сана бер! Сана бермесең ала бер!» деуші еді бұрынғылар. Рас екен ғой, рас. Санасыз, тасмейір екеуіңе кеткен жастық шағым-ай, қор болған өмірім-ай, – деп зарлағанда жүрегің езіледі. «Балаң жақсы болса, Жердің үсті жақсы. Балаң жаман болса, Жердің асты жақсы», деген осындайда еске түседі екен.

Шынында да, бір өзі мықшыңдап тамағын тасып, жұмысын ел қатарлы істеп жатқан көршімнің бір рет болса да қисық қылығын, оғаш жүрісін байқамаған едік. Мінезі де бірқалыпты, көрші-қолаңға  жұғымды болатын. Бірақ, баласы да, қызы да тілазар, саусақтарының ұшын қимылдатпайтын. 26 жасында жесір қалған аналарына бір рет қолғабыс жасамақ түгілі, сәл ренжісе қырық сөз қайтарып,  көңілін жер бауырлатып тастайтын еді. Титтейінен әкеден жетім қалған балаларын аяп, мәпелеумен өткен өмірінің осындай өтемі – көңіліне жиналған бүкіл қаяуды қозғады ма, көршім сол күнге дейін ішіне жасырып келген шерін ақтара жылады... Өксіп-өксіп өз өмірін қарғап жатқан жанның жанайқайы төбе құйқамызды шымырлатты.

Дегенмен, мына өмірде бұл мысалға  мүлде керағар оқиғалар да болып жатады. Баланың қандай болып өспегі тәрбиеден дейін десең, бір биеден ала да туғанын, құла да туғанын көріп жүрген жоқпыз ба?    

«Күндіз «Еуразия» сауда орта­лы­­­ғынан сыныпта бірге оқыған қыз­ды көрдім. Сонда өзінің бутигі бар екен. Мектеп бітіргелі бірінші рет жо­лықтыруым. Біз мектепте оқы­ған жылдары жағдайлары өте ауыр тұ­ра­тын. Әкесі ішімдікке салынып кет­кен адам еді. Біздің сыныпта ыл­ғи жақ­сы отбасының балалары оқи­тын. Ата-аналары жақсы жерде жұ­мыс жа­сайтын, көпшілігі зиялы адам­дар бол­ды. Біз осы Гүлназдың әке­сі­нің қы­лығын көріп есейдік. Оған аяу­шы­лық­пен қарайтынбыз. Сол адамның қаталдығын, еренсіздігін көріп, өмірде ондай адамдардың барын ұғындық. Қашан көрсем, әкесіне:  «Папа, үйге жүріңізші»деп сүйрелеп жүретін. Бірақ ешқашан әкесі жайлы жаман айтқанын көрмеппін.

Ақыры, біз мектепті бітіретін жылы ата-анасы ажырасып кетті. Өзі, бауыры анасы үшеуі бұрынғы үйлерінде қалды. Ал әкесін Тараздағы туыстары алып кеткен-ді. Екеуміз сөйлесіп тұрсақ әкесі хабарласты ақша сұрап, қызы «Жарайды папа, ақша жіберемін, тек күн суытты ғой. Көшеде ішіп жүріп, тоңып қалмаңыз», деп шырылдайды. Аяп кеттім.

Әкелері өмірі ішуден қолы тимей, бұларға дұрыстап қарамаса да, әкесі үшін баласы шырылдаған балапан тәрізді. Білгенім, әкесі әлі күнге дейін Таразда туыстарының қолында. Ал қызы ешқашан әке мейірімін көрмесе де, оған деген перзенттік парызын жоғалтпапты. Сыныптасымды аяп, бір жағынан таңғалдым. Аяғаным – біздің сыныптағы ең жағдайы төмен отбасы болатын. Біз қалағанымызды алып, жүргенде оның асханаға баруға ақшасы болмай отыратын. Сол бір сәттің аянышты кездері көз алдыма келді. Қайран қалғаным, біреулер мейіріміне бөлеп отырған ата-аналарынан безініп жатады. Ал бұл болса, тым болмаса, мектеппен қоштасу кешіне бір көйлек сатып бере алмаған әкеден айналып тұр. Ұяда көрмеген жылылықты, қайдан алды? Не деген төзімділік? Ол қандай болса да менің әкем, мен оны жақсы көремін дегеннен танбаған қызға таңқалумен мектеп бітірген едік.

Қазір жағдайлары жақсарыпты, анасы баяғыдай осындағы бір мектепте химия пәнінің мұғалімі екен. Бауыры университет бітіріпті. Өзі шешесіне көмектесемін деп, оқу оқи алмағанын айтты. Осы оқиғадан түсінгенім, біреулерге ақылды бала береді. Бірақ кейбір ата-ана оның қадірін түсінбейді», – дейді әлеуметтік желідегі досым әрі әріптесім Ләйлім Марат.

Ал бұған енді не уәж айтамыз?! Бі­реу­лер бұл оқиғаны сараптап, анасы ақыл­ды болған ғой десіп жатты. Бала­ла­рының бүкіл балалық шағының ойранын шығарып,  аналарының тағдырын те­пкілеген әкеге деген мүлде кегі жоқ қыз­дың бұл қылығы Алланың мадағына лай­ық. «Әке-шешең жынды болса – байл­ап бақ» деген тәмсілдің бүгінгі мысалы ғой бұл.

Сондықтан да бақытқа бастайтын есік біреу ғана емес. Тағдырымыздың тармақтары сияқты, бақыттың да жұмақтай бөлмелері бар. Ал оның бір кілті – балаңның қолында, мейірімнің уысында.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларды қолдаудың 10 қадамы жасалды

22.02.2019

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

22.02.2019

Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті

22.02.2019

Қарағанды облысында 479 жоба іске асады

22.02.2019

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

22.02.2019

Sanofi - күдіктен ада компания

22.02.2019

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары беріледі

22.02.2019

Ақтөбе облысында су тасқынына дайындық шаралары қабылданып жатыр

22.02.2019

Құралай Ахмет: Шет елде оқуға ынтасы бар кез келген адам «болашақтық» бола алады

22.02.2019

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

22.02.2019

Халықтың әл-ауқатын жақсарту – басты мақсат

22.02.2019

Жоғарғы сот жемқор судьяларды анықтауды күшейтеді

22.02.2019

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

22.02.2019

Ерлан Қошанов көпбалалы отбасылар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

22.02.2019

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

22.02.2019

Семейде «Нәджип Әмір» атындағы аудитория ашылды

22.02.2019

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

22.02.2019

Милад Карими мен Аким Мусаев Мельбурндегі Әлем кубогінің финалына өтті

22.02.2019

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Bakytgul Salykhova (07.04.2017 17:46:43)

Қандай әдемі жазылған. Әр отбасының тағдыры жеке зерттеуді қажет ететін болар. Өкініштісі, балам үшін деп жасаған бар жақсылықтың бәрі жақсылық бола бермейтінінде.

Пікір қосу