Баланың бір қызығы кітап болса...

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында гуманитарлық білімнің барлық ба­ғыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде бі­лім алуға мүмкіндік жасалатынын жазды. Сондай-ақ, әлемнің 100 үздік оқулығының қазақ тілінде шы­ғуы 5-6 жылдан кейін жеміс бере бастайтынына сенім білдірді.
Егемен Қазақстан
21.04.2017 7902
2

Осы орайда елорда мектептері кітапханашыларының қатысуымен «Болашақ: XXI ғасырдың зерттеу сауаттылығының дағдылары және кітап оқу бағдарламалары» атты семинар өткен-ді. Президент мақа­ласында айтылған жайттар жан-жақты талқыланған жиында өзекті бастамалар көтерілді. Мәселен, қиял-ғажайып жанрындағы сұранысқа ие әлем әдебиеттерінің қазақ тіліндегі аудармаларының жоқтығы ұстаздарды ғана емес, оқушыларды да ойлантады. Яғни, аударма тұсында оқулықтармен бірге қосымша және көркем әдебиетті де ұмытпауымыз керек, дейді олар. Сондай-ақ, кітапханашылар кеңестік жүйе тарағаннан кейін кітаптың ұмыт қалып, кітапханаға деген көзқарастың өзгергенін, осы олқылықтың орнын толтыру үшін еліміздің ірі кітапханалары мен шет елдердің озық тәжірибелерін зер­делеп, ұлттық ділімізге негіздеп пайда­ланып отырғандарын жет­кіз­ді. Бұл ретте «Назарбаев зият­керлік мектептері» дербес білім беру ұйымының дамыту департамен­тінің аға менеджері Аида Ағаділ зияткерлік мектептердің кітапхана қоры кіріктірілген білім беру бағдар­ламасына сәйкес жұмыс істейтінін, яғни әр пәнге арналған оқу-әдіс­темелік кешені және баланың жан дүниесі мен рухани әлемін, тілдік қорын дамытуға арналған қосымша көркем әдебиетпен қамтамасыз етіл­генін, ол әдебиеттер үш тілден бөлек қытай, корей және французша да жинақталғанын атап өтті.

– Біз балабақша жасынан бастап кітап оқуға қызығушылықты арт­тыруға тиіспіз. Бала қандай жағдайда кітап оқиды? «Оқы» дегенге оқи қоя ма? Әрине, әке-шешесі кітапқұмар болса, үлгі алып оқуы мүмкін. Сон­дықтан арнайы акциялар, жобалар арқылы баланы кітап оқуға қызық­тырамыз. Мәселен, кітапхана қорымен таныстыруға арналған «Кі­тапты тап!» ойынын алайық. Кей балалар кітапхананы аралағысы кел­­мейді. Сондықтан кітаптың бір бетінің көшірмесін береміз. Қай кітаптың беті екенін іздеу барысында оқушы авторлармен, кітаптармен та­нысады. Ең қызықты бетін таңдап ал­ған­дықтан, оны оқыған баланың бойында әрі қарай кітапты оқуға қызығу­шылық туады, дейді Аида Төлендіқызы.

2013 жылдан бастап еліміздегі Назарбаев зияткерлік мектептерінде «100 кітап» жобасы бастау алған болатын. Оқушылар осы жоба арқылы мектеп бітіргенше қазақ тілінде – 60, орыс тілінде – 20, ағылшын ті­лінде 20 кітап оқиды. Және оқыған кітаптарына талдау жасап отырады. Бүгінде бұл тәжірибе жалпы білім беретін мектептерге де тара­тылуда. Сол сияқты, мектеп мұ­ғалімдері мен оқушылардың өздері оқыған кітаптарды басқа мек­теп­тердегі оқырмандарға сыйлауы жолға қойылған. Бұл әлеуметтік жоба аясында оқушылар бүгінге дейін 24 мыңнан астам кітапты тарту еткен екен. Ауыл мектептерінің кітап қорын толықтырумен бірге оқушылардың әріптестік орнатуына жол ашатын жоба қазір жылдам қанат жайып келеді. Ал оңтүстіккореялық Book Start жобасы негізінде оқушы, мұғалім және ата-ана қауымы бір­лесіп, 3-5 жас аралығындағы бала­ларға арналған қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі балалар әде­биетін жинақтап, оны аналар мен балалар үйлеріне немесе балалар ауруханасына апарып, ондағы аналар мен балаларға сыйлайтыны да ізгі бастама. Бұл да баланы кішкентай кезінен кітап оқуға жетелейтін тәрбие. Сол сияқты, «MEMORO» жобасы аға буын мен жас ұрпақ арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. Яғни, егде жастағы кі­сілермен әңгімелесе отырып, оны жазып алу арқылы оқушы ата-әжелердің өнегесі мен тағылымын үйренеді.

Ал Астана халықаралық мекте­бінің директоры Бауыржан Ұзақ­байдың айтуынша, кітапхана әлемдік талапқа сәйкес кітап сақтайтын ғана орын болмауы тиіс. Айталық, елордадағы ерекше мектептің кітапхана қоры назар аудармай қоймайды. Мәселен, мұнда бастауыш сынып оқушыларына арналған жеке кітапхана, жоғары сынып оқушыларына арналған классикалық әдебиет және жалпы оқушыларға арналған көркем әдебиет пен мерзімді басылымдарды оқу залдары бар. Бұл орындардың әрқайсысы оқу мәдениетін қалыптастыруға өте қолайлы заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

– Жалпы, көптеген ата-ана баланы материалдық тұрғыдан қамту мен рухани тәлім-тәрбие берудің екі бөлек дүние екенін түсінбейді. Біз осы тұрғыдан саралай келе, балаға біліммен бірге тәлім-тәрбие беру мәселесін алға қойып, оны түрлі жобалар арқылы жүзеге асырып келеміз, – дейді Бауыржан Сайлаубайұлы.

Астанадағы республикалық физика-математика мектебі кітапхана­сының меңгерушісі Асыл Қалиева былтыр ғана ашылған филиалдың кітап қоры бір айдың ішінде 30 мың кітапқа дейін толыққанын, оған Назарбаев зияткерлік мектебі кітапха­насымен ынтымақтастықтың септескенін жеткізді. Бүгінде бұл кітапхана оқырмандарының саны 700-ге жуықтап қалды. Басым бөлігі – оқушылар. Осы іспетті қазір зияткер­лік мектептердің кітапханалар жүйесі инновациялық тәжірибе мен жұмыс формасы, жаңа әдістемелер енгізу бойынша үнемі ізденісте болып, уақыт үдесімен бірге жетілдіріліп келеді. Жас буынды жан-жақты жетіл­дірмек жаңа тұрпатты жүйе еліміздің басқа оқу ордаларына үлгі болып отыр.

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.11.2018

Egemen Qazaqstan алғашқылардың бірі болып Chartbeat құралын пайдаланады

13.11.2018

Жаңақорған ауданында 116 бас қой белгісіз аурудан қырылып қалды

13.11.2018

Қызылордада қауіпті аймақтар анықталып, даярлық мәселелері күшейтілді

13.11.2018

Ақтөбеде жоғары жылдамдықтағы интернет желісі ұлғаяды

13.11.2018

Елбасы Астана клубының төртінші отырысына қатысты

13.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті

13.11.2018

«Айша бибі» мен «Ақыртас» әлемдегі ерекше туристік нысандардың тізіміне енді

13.11.2018

Павлодарда Португалиялық профессор студенттерге дәріс беріп жүр

13.11.2018

Т.Сүлейменов ел өңірлеріндегі жылу бағасының әртүрлілігін түсіндірді

13.11.2018

Тайваньда таеквондодан Президент кубогі додасы аяқталды

13.11.2018

Елордалықтар 14 қарашада жалпыхалықтық диктант жазуға қатысады

13.11.2018

Үкіметте 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды

13.11.2018

Б.Сағынтаев өңірлердегі халықтың нақты табысының көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлуді тапсырды

13.11.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтар адамдардың қажетіне жарай бастады

13.11.2018

Шымкентте 5 000 000 теңгеге бағаланған көгершін көрмеге қойылды

13.11.2018

Қызылорда облысында газ құбыры құрылысы басталады

13.11.2018

Елбасы Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті

13.11.2018

Венгрияда синхронды жүзуден жасөспірімдер құрамасы бірінші орынды иеленді

13.11.2018

Тарифтерді көтерген монополистер заң алдында жауап береді

13.11.2018

Алматыда мектеп оқушылары арасында шешендік өнер байқауы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу