Баллистикалық зымыран қандай қару?

Солтүстік Корея 12 ақпан күні Жапон теңізіне орта қашықтықтағы баллистикалық ракета ұшырды. Бүгін зымыран сәтті сыналды деп ресми жариялады. Сынақ әлемдік қауымдастық тарапынан айыпталды.
Егемен Қазақстан
13.02.2017 1434
2

Дональд Трамп АҚШ-тың жүз пайыз Жапония жағында екенін мәлімдеді. Оңтүстік Корея жауап ретінде өз баллистикалық зымыранын ұшырмақ. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Пхеньянның әрекетін «аса жауапсыз» деп бағалады. Солтүстік Кореяның немесе басқа да баллистикалық зымырандар сынағы неліктен әлемді дүрліктіреді? Оны түсіну үшін баллистикалық зымырандар туралы біршама мәлімет алғанымыз жөн. Баллистикалық зымыран – ракеталық қарудың бір түрі. Ұшу жылдамдығы мен бағыты туралы команда зымыранға «ұшудың актив бөлігі» деп аталатын кезеңде беріледі.

«Ұшудың актив кезеңінде» зымыран қозғалтқыштың күшімен ұшады. Ал «ұшудың пассив кезеңінде» қозғалтқыш сөніп, зымыран әрі қарай өз инерциясымен, тартылыс күшінің және ауа кедергісінің әсерімен ұшады. Бұл траектория «баллистикалық» деп аталады. Баллистикалық зымыран көпсатылы болса, белгіленген кезеңде зымыранның қызмет атқарып болған бөлігі түсіп қалады. Бұл зымыран жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Баллистикалық зымыран орналасатын, ұшуға дайындалатын және ұшатын орын стационарлық (жер бетінде немесе құдықта) және мобильді (машинада, ұшақта, кемеде, сүңгуір қайықта) болады. Қолданатын аймағына қарай баллистикалық зымырандар стратегиялық және тактикалық болып бөлінеді. Стратегиялық зымырандар қарсылас елдің территориясындағы нысандарды құртуға арналады. Олар ядролық жарылғыш заттар алып ұшады. Ал тактикалықтар соғыс жүріп жатқан аймақтағы нысандарды жою үшін қолданылады. Ұшу қашықтығына қарай баллистикалық зымырандар былай жіктеледі:

  • Қысқа қашықтыққа арналған (500-ден 1000 км-ге дейін)
  • Орта қашықтыққа арналған (1000-нан 5500 км-ге дейін)
  • Құрлықаралық баллистикалық зымырандар (5500 км-ден жоғары).

Қарулы күштерінде орта қашықтыққа арналған баллистикалық зымырандары бар елдер:

  • Солтүстік Корея – Нодон, Тэпходон-1, Мусудан
  • Иран – Шахаб-3, Саджил
  • Израиль – Иерихон-2
  • Үндістан – Агни-3, Агни-4
  • Пәкстан – Хатф-5
  • Қытай – Дунфэн-21, Дунфэн-25, Дунфэн-26.

АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Қытайда (Дунфэн-3) орта қашықтыққа арналған баллистикалық зымырандар қарулы күштерден шығарылған. Құрлықаралық баллистикалық зымырандарға қазіргі уақытта АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Қытай ие. Үндістан, Пәкістан және Солтүстік Корея жасау үстінде. Әлемдегі ең мықты құрлықаралық баллистикалық зымыран – ресейлік R36M2 «Воевода» (НАТО коды – SS-18 Mod 5 «Satan»). Екінші орында – АҚШ-тың LGM-30G Minuteman-III.  

R36M2 «Воевода»

  • Максимум ұшу қашықтығы – 16 000 км
  • Старт кезіндегі салмағы – 211,1 тонна
  • Пайдалы жүктеме салмағы (ядролық снаряд) – 8800 кило
  • Ядролық заряд қуаты – 8 Мт
  • Ұзындығы – 34,3 метр
  • Диаметр – 3 метр.

R36M2

Бұл зымыран КСРО қарулы күштеріне 1988 жылы қабылданды. Қазір Ресейде 88 данасы бар. Қолдануға болатын мерзімі – 2026 жылға дейін.  

LGM-30G Minuteman-III

  • Максимум ұшу қашықтығы – 13 000 км
  • Старт кезіндегі салмағы – 35,3 тонна
  • Ұшу жылдамдығы – секундына 7,8 км
  • Максимум ұшу биіктігі – 1120 км
  • Ұзындығы – 18,2 метр
  • Диаметр – 1,7 метр.

LGM-30G Minuteman-III

Оңтүстік Корея әскерилерінің жорамалы бойынша, 12 ақпан күні Солтүстік Корея ұшырған баллистикалық зымыран «Нодон» болуы мүмкін. «Нодон» орта қашықтыққа арналған зымыран. Солтүстіккореялық ЦТАК агенттігі таратқан ақпаратта көрші елдердің зардап шекпеуі үшін зымыранның шағын қашықтыққа ұшырылғаны айтылған. Мақсат ядролық жарылғыш заттармен (ядролық боеголовка, ядролық оқтұмсық) жабдықталған баллистикалық зымыранды ұшыру және оның қағып түсіру әрекетінен бұлтару мүмкіндігін тексеру болған, бәрі сәтті аяқталды дейді Пхеньян. Бұл – АҚШ-та Дональд Трамп билікке келгелі Солтүстік Корея жасаған алғашқы зымыран сынағы. Және ол Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің АҚШ-қа сапары кезінде жасалды. 1 қаңтар күні сөйлеген сөзінде Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Пхеньянның құрлықаралық баллистикалық зымыран жасап болуға жақын тұрғанын мәлімдеген болатын.

Ашық ақпарат көздері бойынша дайындаған Ержан Әбдіраман

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Павлодар облысында кәсіпкер әйелдер 113 жоба жүзеге асырған

19.11.2018

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі күнгейліктерді теріскейге шақырды

19.11.2018

Петропавлда жаңа шіркеу ашылды

19.11.2018

Қостанайда жол қозғалысы ережесінің бір күнде 375 рет бұзылғаны анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда 1 миллион тоннаға жуық майлы дақыл жиналды

19.11.2018

«Ко­рей хал­қының дәс­түрлі маскалары» көр­ме­сі ашы­лды

19.11.2018

Қасқырдан құтқарып қалды

19.11.2018

Алматыда инклюзивті білім берудің үздік оқытушылары анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда спорт кешеніне Батыр Баянның есімі берілді

19.11.2018

Батыс Қазақстанда жаңа портал жұмысын бастады

19.11.2018

Жолдау бәсекеге қабілеттілікті арттырады

19.11.2018

Қыс мезгіліне дайындықтың жай-жапсары қозғалды

19.11.2018

Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

19.11.2018

Жолдау-2018: Тұрмыс сапасына басымдық беріледі

19.11.2018

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын қолдады

19.11.2018

Қапан Тұрсынов: Өзіміз дәрігер бола тұра, бәрін жүрекпен қабылдаймыз

19.11.2018

Ауғанстанның арланы Рохулла Никпай

19.11.2018

Каспий конвенциясының маңызы уақыт өткен сайын арта береді

19.11.2018

Каспий конвенциясының маңызы уақыт өткен сайын арта береді

19.11.2018

Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының тиімділігі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу