Бақытжан Сағынтаев бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Егемен Қазақстан
03.05.2017 2052
2

Отырыс барысында Мемлекеттік саясатты жетілдіру жөніндегі кеңес мүшелерінің шағын және орта бизнесті дамыту және цифрлық технологиялар саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру саласындағы ұсыныстары талқыланды.

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында Мемлекет басшысы стратегиялық мақсаттардың бірі 2050 жылға қарай шағын және орта бизнестің елдің ЖІӨ-не кем дегенде 50% деңгейде үлесін қамтамасыз ету болып табылатынын баса айтты.    

Экономиканың мемлекеттік емес секторын дамыту және көлеңкелі экономика көздерін жою үшін жағдай жасау мәселесі бойынша өз пайымын отырыс барысында «Alina» Компаниялар Тобының Президенті Е. Балфанбаев ұсынды. Талқылау барысында Кеңес мүшелері сондай-ақ кедергілерді, оның ішінде елде бизнес жүргізу үшін әкімшілік кедергілерді жою, өткізудің сыртқы және ішкі нарықтарына, қаржы ресурстарына және инфрақұрылымға қолжетімділікті кеңейту бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр Б.Сағынтаев Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменовке айтылған пікірлерді ескере отырып, елде бизнесті дамыту үшін кедергілерді жою бойынша өз ұсыныстарын ұсынуды тапсырды. 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

Сібір жарасынан көз жұмды

24.09.2018

Өнегесі өріс жайса...

24.09.2018

Құқық қорғау әлеуетін нығайту мәселелері талқыланды

24.09.2018

Грузия президенттігіне үміткерлер анықталды

24.09.2018

Футзалдан еліміздің құрамасы Әзербайжанды жеңді

24.09.2018

Арбаға таңылған аягөздік суретші

24.09.2018

Қазақстанның рөлін жоғары бағалады

24.09.2018

Маралтай Райымбекұлы. Бір өлеңнің сыры

24.09.2018

«Таланның» тұсауы кесілді

24.09.2018

Күллі адамзат арманы – ядролық қарусыздану

24.09.2018

Словакияда ел намысын қорғаған Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль иеленді

24.09.2018

Түркістан-түркі халықтарының рухани орталығы

24.09.2018

Бітімгерлік – биік миссия

24.09.2018

Жаһандық идеялар сөз болды

24.09.2018

Жамбыл облысында оң экономикалық өсім бар

24.09.2018

Сиқыры мол сауда нарығы

24.09.2018

Машина жасаудың маңызды мәселелері талқыланды

24.09.2018

Ulaǵat pen muraǵat

24.09.2018

Аналарға құрмет

23.09.2018

Абылай ханның қара жолы - солтүстік пен оңтүстікті байланыстырған ең төте жол

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу