Келісім 2015 жылғы 25 қарашада Ыстанбұлда жасалған.
Бас келісімнің мақсаты ИЫҰ-ға мүше елдердің арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми ынтымақтастықты жүзеге асыру қағидаттарын құқықтық бекіту болып табылады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының ережелеріне қайшылықтарды болдырмау және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының, Кеден одағының және Еуразиялық экономикалық одақтың еркін сауда аумағы шеңберіндегі Қазақстанның халықаралық міндеттемелерінің болуы мүмкін коллизияларын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы бас келісімге мәлімдемемен және ескертпелермен қол қойды.
Бас келісім халықтардың игілігі мен өркендеуін орнатуға бағытталған ортақ мүдделерге қол жеткізу үшін Қазақстан мен ИЫҰ-ға мүше елдердің бірлескен күш-жігерін шоғырландыруға мүмкіндік береді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Пікірлер(0)
Пікір қосу