Баспасөз-2011

Егемен Қазақстан
22.09.2010 320
Жетістіктер жалғасады “Құтты қонақ келгенде, қой егіз табады” дейді халқымыз. “Егемен Қазақстан” РГ” АҚ пре­зиденті Сауытбек Абдрахмановты жылы шыраймен қарсы алып, қабылдаған Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов екеуара кездесуде оған халқымыздың осы нақылын еске салды. Облыс басшысының мұнысы негізсіз емес-ті. Өйткені, қыркүйектің жайма­шуақ жазға бергісіз осы бір күн­дерінде Ақжайықта табыстардың тастары өрге домалап жатты десе де болады. Әрі бұған мысалды алыстан іздеудің де қажеті жоқ. Айталық, осы бір күндерде Қазақстан Рес­публикасы Президентінің Әкім­шілігі белгілеген биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығының қо­рытындысы бойынша республика облыстары арасындағы рейтингте Батыс Қазақстан облысы көш бас­тағаны алдыңғы пікіріміздің ай­қын дәлелі. Өткен жылдың нә­ти­жесі бойынша шығарылған дәл осындай рейтингтік көрсеткіште 5-ші орынға табан тіреген батыс­қазақстандықтардың аз уақыттың ішінде бірінші орынға көтерілуі атап айтуға тұрарлық мәселе. – Бұл рейтингтік көрсеткіштер 24 позициядан тұрады. Соның басты бөлігі бойынша біздің облыс суырылып алға шықты, — деді “Егемен Қазақстан” басшысына облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов. — Мұның бірінші тізбегінде эконо­ми­калық даму көрсеткіштері мен бюджет қаржысын оңтайлы, тиімді пайдалану, оны орнымен игеру мәселелері тұр. Бұдан кейінгі ба­ғыт­тар шағын және орта кәсіп­керлікті дамыту, өндіріс пен құ­ры­лысты өркендету бойынша анық­талған. Сондай-ақ рейтингте жұ­мыс­сыздық деңгейін төмендету, қыл­мыспен күрес, ана мен бала өлі­мін азайту, мектепалды даяр­лық­пен қамту мәселелері де же­текші мәнге ие. Орал өңіріндегі биылғы же­тіс­тіктер тізбегі тек мұнымен шек­тел­мейтіні де газет пен облыс бас­шы­сы­ның кездесуі кезінде айқын кө­рінді. Мысалы, Қазақстанның көне де жаңа Орал қаласы осы мер­зім аралығында жасалған қа­лалар арасындағы рейтингте екін­ші орынға көтерілсе, облыстағы Бөрлі ауданы республикадағы 160 ауданның арасында алғашқы бес­тікке ілініпті. Мұның бәрі жергілікті атқару­шы биліктің күнделікті назарын­дағы іс десек, хаттама бойынша на­зарға алу міндеттелмейтін, тек басшы парызы тұрғысынан ғана көрініс таба алатын шетін, әлеу­меттік мәселелердің  байыпты түр­де жалғасын тауып жатқаны да атап айтуға тұрарлық мәселе. Мы­салы, республиканың қай түкпі­рінде де жетім балалар үйлері бар. Олар сонда мектеп бітіргенше оқып, тәрбие  алады. Жасыратыны жоқ, жетім бала­лар­дың мұнан кейінгі тағдыр­ла­рына ешкім бас ауырта бермейді. Орал өңіріндегі артықшылық – Батыс Қазақстан облысының әкімі Б.Ізмұхам­бетовтің бастамасымен оларға тек соңғы екі жыл ішінде 108 пәтер беріліпті. Егер бұған дейінгі 8 жыл ішінде туа сала тағ­дыр теперішіне ұшырағандарға тек  6 пәтер тап­сырылғанын ескерсек, бұл облыс басшысы тарапынан жасалған әжептәуір әлеуметтік көмек екені айындала түседі. – Біз ата-аналарының қамқор­лы­ғынсыз қалған қоғамның жас мүшелерінің өмірден өз орнын тауып кетуіне селқос қарай алмай­мыз. Көп жағдайларда мектеп, кей жағдайларда жоғары және арнаулы оқу орнын бітіргеннен кейін де олар өмірден өз орындарын таба алмай, бастарын тауға да, тасқа да соғып жатады. Криминалдық жағдайларға да кезігеді. Бұл үрдіс осындай әлеуметтік дағдарыстар­дың алдын алу ниетінен туындады. Оларға осындай әлеуметтік қолдау алдағы кезде де жалғаса бермек, – деді Бақтықожа Салахатдинұлы. С.Абдрахманов пен Б.Ізмұ­хам­бетовтің кездесуі кезінде өңірде азық-түлік өнімдерін өндіру мен оның қауіпсіздігін сақтау ісіндегі қолға алынған шаралар жөнінде де егжей-тегжейлі әңгімелер қоз­ғал­ды. Соның бірі — халал ет өндіру тұрғысынан өрістеді. Бұл ретте облыс басшысы Орал қаласындағы “Жайық-ет” ЖШС қолға алған өн­дірістік жоба жөнінде жан-жақ­ты әңгімелеп берді. Ол тәулігіне 10 тон­на халал өнімдер әзірлей алады. Мәселенің мәнісі мынада. Әң­гі­ме халал ет жөнінде болып отыр­ғандықтан, мұнда сойылатын мал да адал жолмен қан шыға­ры­лып сойылуы керек. Мұндай жағ­дайда малды электр тоғымен  ұрып өл­тіруге болмайды. Әйтпесе ол халал ет қатарына кірмейді. Осында қой­ылған бүгінгі заманғы техно­логия осындай қадамға жол аша алады. Яғни, бұған дейін исі мұ­сыл­ман, араб елдері қолданып кел­ген тәсіл бойынша малдың басы көтеріліп, мұсылманша түсі­нік­ке сайғанда басы құбылаға қа­ра­тылып, сойылатын мал жатқы­зы­лып, аяқтары байланып жатқан­дай күйге келтіріледі екен. Бауыз­дау тәсілі негізінен пневматика­лық, яғни ауа арқылы жанын шығару әдісіне арқа сүйейді. Құны 420 миллион теңгеге тең жоба құрылысының аяқталу мер­зімі алдағы қазан айына белгі­ленген. Сол кезде халал ет өнім­де­рімен облыс тұрғындарын қам­туға әрі импорттық ет бағасын түсіруге мүмкіндік тумақ. Бұған Ресей мен Еуропаның бірқатар ел­дері қазірдің өзінде тиісті сұ­ра­ныстар түсіріп қойыпты. Сонымен бірге, жобада көптен бері тұр­ғын­дарды толғандырып жүрген мал терілері мен жануарлардың ішкі ағзасы құрылымдарын кәдеге асыру мә­селелері де қоса қарас­тырылған. Тағы да бір атап өтерлік жәйт, бұл республикада тұңғыш рет қолға алынып отырған жоба­лардың бірі болып табылады. Бақтықожа Салахатдинұлының мәлімдеуіне қарағанда, мұндай алғашқы жоба Алматы қаласында іске асырылған. Сондай-ақ кездесуде Батыс Қа­зақстан облысының әкімі Бақ­тықожа Ізмұхамбетов  “Егемен Қазақстан” РГ” АҚ  президенті Сауыт­бек Абдрахмановқа Ақ­жайық өңіріндегі этномәдени бір­лестіктердің оң қызметі, олардың облыс экономикасы мен мәде­ниетін өрістетуге қосып отырған елеулі үлестері туралы баяндап берді. Әңгіме алдағы жылдың жазылу барысына ауған кезде Отаны­мыз­дың бас газеті – “Егемен Қа­зақ­станның” облыстағы таралымын 13 000 данаға дейін жеткізуге мүмкіндік бар екендігі жө­нінде ортақ ұйғарым жасалды. Шығармашылық іссапарының екінші бөлігінде С.Абдрахманов  Махамбет Өтемісов атындағы Ба­тыс Қазақстан мемлекеттік уни­верситетінің мәжіліс залында қала зиялыларымен, оқу орнының про­фессор-оқытушылар құрамымен  және студент жастармен кездесті. Бұл кездесу жөніндегі есеп газетіміздің алдағы нөмірлерінің бірінде жарияланатын болады. Темір ҚҰСАЙЫН. Батыс Қазақстан облысы. ---------------------------------- Суретті түсірген Рафхат Халелов.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.03.2019

Солтүстік Кореяның келесі қадамы қандай болмақ?

24.03.2019

Қ.Тоқаев Қазақстан - Ресей кездесуін тамашалады

24.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен хаттар

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен құттықтаулар

24.03.2019

Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

24.03.2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

24.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы өзгерді (видео)

24.03.2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

24.03.2019

Қаламқас кен орнында болған апат себептері анықталып жатыр

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

24.03.2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

24.03.2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

24.03.2019

Жетісудағы жетістіктер Үкімет басшысының назарына ұсынылды

24.03.2019

Қазақстан және Ресей матчы 20:00-де басталады

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

24.03.2019

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

24.03.2019

Қ.Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қабылдады

24.03.2019

Самбошы Бағлан Ибрагим – Әлем кубогының иегері

24.03.2019

Мұрат Нұртілеуов Президент көмекшісі болып тағайындалды

24.03.2019

М.Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу