БАСТЫ БОРЫШ – ӘДІЛ ШЕШІМ АЙТУ

Егемен Қазақстан
12.01.2010 2250
Қызылорда облыстық сотының төрағасы Марат Сабырбаевпен әңгіме – Марат Қалмұратұлы, өткен жылдың қараша айында Қазақстан Судьялар одағы съезі өтті. Содан да әңгімемізді еліміздің сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформадан бастасақ. – Демократиялық қоғамдағы кең ауқым­ды сот жүйесін дамыту еліміздің басты басымдықтарының бірі болып саналады. Біздің сот жүйесі дала демократиясынан тамыр тартады. Халқымызда “Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” деген қағида бар. Мұның мағынасы билік айтушы ешкімді алаламайтын адал, қара қылды қақ жарған әділ болуы керек дегенді біл­діреді. Мемлекетімізде ұлттық сот жүйесі тек әділдікке негізделіп, заңға ғана бағы­на­­тын заман талаптарына сай қалыптас­тырылды. Құқық жоқ жерде бостандық та, демократия да жоқ. Бір кездері Мон­тескье адамзат үшін сот әділдігінен ма­ңыз­ды ештеңе жоқ, өйткені адамдар­дың және басқа нысандардың құқық­тары мен заңды мүдделерін қорғау үшін соттан гөрі сенімдірек құралды адамзат әлі ойлап тапқан емес деген екен. Сон­дық­т­ан да соттар қызметінің заңдық қана емес, сонымен бірге саяси да мәні зор. Тарихқа көз жүгіртсек, республика судьяларының І съезді 1996 жылдың 19 желтоқсанында өткен екен. Содан бері он үш жыл уақыт өтті. Осы уақыт сот жүйесіне айшықты да айқын бағыттар белгілеген ұлан-ғайыр өзгерістер әкелді. Бұл жылдарда тынымсыз ізденістер, сот жүйесін реформалаудағы батыл бет­бұрыс­тар, жаңа талапқа сай әділ сотты қалыптастыру және соған лайық база дайындау жылдары болды. Судьялар бір кездері ескі ғимаратта, қол мәшіңкесімен үкім, шешімдерді басып, сот процесіндегі қауіпсіздікті қам­­­­та­ма­сыз етудегі сот приставтары институты құрылмаған, соттарда куәлар мен жәбірленушілерді сотқа шақыруға байланысты шығыстар, істерді қылмыс жасалған орында сот отырысында қарау бойынша іссапар шығыстары, істерді жоғары сатыдағы соттарға жіберуге байланысты пошта шығыстарын өтеуге, үй-жайларды жалға алу, көлікпен қам­там­а­сыз ету және байланыс қызметтерін төлеуге қаражаттар болмай, соттар қыз­метін қаржыландыру өте төменгі деңгей­де жүргізілген сот жүйесі бүгінгі күні биік белестерден көрініп отыр. Бұл бе­лес­­терді шартты түрде екі тұрғыдан қарас­­тыруға болады. Біріншісі, сот жүйе­сі­нің заңнамалық сипатта жетіл­діріліп нығаюы болса, екіншісі – соттардың материалдық-техникалық тұрғыда қамсыз­дандырылуы. Сот корпусының және сот-құқықтық реформаны жақтаушылардың күш салуымен 2000 жылғы желтоқсанның аяғында “Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы” Конституциялық заң қабылдан­ды. Судьяларды тағайындаудағы жария­лылықты қамтамасыз ету мақсатымен аудандық және облыстық судьяларды лауазымға конкурстық негізде таңдау тәртібі жүзеге асырылды. Судьялардың еркіндік кепілдігі принциптерін одан әрі жүзеге асыруға мүмкіндік туды. Жаңа заңның қабылдануы соттың беделін айтарлықтай көтеріп, судьялардың ауыс­тырылмайтындығы мен қол сұғылмай­тындығын бекітті. Ел Президентінің Жарлығында және одан кейінгі конституциялық заңда ұзақ уақыттан бері сот реформасында қозғал­май келген жергілікті соттарды юрисдик­ция­дан босату мәселелері дұрыс шешімін тапты. Соттарды ұйымдық және материал­дық-техникалық қамтамасыз ету қызметі Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет пен оның жергілікті жерлердегі әкімшілік­теріне жүктелген болатын. Осылайша судьялардың өздерінің тікелей міндет­терін орындауға алаңсыз кірісуіне мүм­кін­дік жасалды. Тіпті статистикалық есеп­ті түзу және оны тапсыру осы аумақ­тық органға жүктелді. Соттардың тиімділігін арттыру үшін оларды мамандандыру бойынша жұмыс­тар жүргізілді. Нәтижесінде, жергілікті жерлерде мамандандырылған экономи­ка­лық, әкімшілік соттары, Алматы қаласында инвестициялық дауларды шетелдік компаниялардың қатысуымен шешетін арнайы қаржылық соты және Алматы, Астана қалаларында кәмелетке толмағандардың ісін қарайтын ювенал­дық соттар дүниеге келді. Елбасының бұл пәрмендері сот жүйесінің қызметін жетілдірудегі баға жетпес зор еңбегі болып табылатыны айқын. Алдағы уақыттың еншісінде өте ауыр қылмыс­тық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық соттарды ашу қалып отыр. Судьялардың осыған дейінгі съезінде көтерілген өзекті мәселенің бірі, еліміз­дің сот саласының материалдық-техни­ка­лық жабдықталуының әлемдік деңгей­ден әлдеқайда артта қалғандығы болды. Бұл мәселе түбегейлі түрде шешімін тапты. Сот саласы түгелдей компью­терлендірілді. Электронды пошта, локаль­дық жүйе судьялар жұмысын жеңілдетуге үлкен септігін тиігізіп отыр. Осы кезеңдерде судья кадрларын даярлау мен қайта даярлау жөніндегі оқу орта­лығы ашылды, соттардың материалдық-техникалық базасы анағұрлым нығайды, еңбекақысы өсіп, республикалық бюджеттен судьяларға тұрғын үй алу үшін ақша бөлу қарастырылды. – Сыр аймағындағы сот және құқық жүйесінде де оң өзгерістер бар шығар? – Үкімет тарапынан қолдау жаса­лып, соттарға жаңа үлгідегі ғимараттар салу қолға алынды. 2002 жылдың ақпан айында сол кездегі Жоғарғы Сот төр­ағасы Қ.Мәмидің және жергілікті әкім­діктің қолдауымен Үкімет қаулы­сымен Қызылорда қаласында орналас­қан соттарға қала орталығындағы алаңнан бұрынғы 5 қабатты Кеңестер үйінің ғимараты берілді. Ғимарат көлемі үлкен болуына байланысты, онда Қы­зылорда облыстық, Қызылорда қалалық, маман­дан­дырылған ауданаралық эконо­мика­лық, қалалық мамандандырылған әкім­шілік соттары, облыстық соттар әкім­шілігі аумақтық сот орындаушылар учаскесі, “Би-Логистикс” ЖАҚ-тың Қызыл­орда облысы бойынша филиалы және облыстық әділет департаменті орналасқан. Республикада мұндай ау­қым­ды соттар бір орталыққа шоғыр­лан­ды­рылған ғимарат тіпті жоқ десе де болады. Алқабилер туралы заңның қолданысқа енуімен ғимарат жанынан алқабилердің қатысуымен өтетін сот процесін тиімді ұйымдастыру мақ­сатын­­да, жаңа үлгіге сай үш қабатты ғи­ма­рат салынды. Бүгінгі күні қала халқы­ның әділдікті іздеп жүгінуде бір орта­лық­тан шығуына толық мүмкіндік жасалған. Қала көлеміндегі жоғарыда аталған соттардың “Сот әділдігі сарайы” ғимара­тын­да орналасқаны ескеріліп, 2008 жыл­дың наурыз айының 24 жұлдызынан бас­тап ғимараттағы соттарға “бір терезе” тәр­тібі енгізіліп, құжаттар мен істер орта­­­лықтандырылған жүйе бойынша бір терезеден қабылданып және табыс етілуде. Ғимаратта тиісті түрде жабдықталған 10 сот залы қызмет көрсетуде. Аталған залдарға бейнебақылау (видеофиксация) және аудиожазба (аудиофиксация) жүйесі қойылды. Соттарда электронды құжат айналымы толық жолға қойылып, бірыңғай автоматтандырылған ақпарат­тық талдау жүйесі бағдарламасы бойын­ша жүргізілуде. – Марат Қалмұратұлы, сөз орайы келгенде өзіңізді толғандырып жүрген мәселелерді де баян етсеңіз. – Елбасы өз Жолдауларында “біз судьялардың зейнетақымен қамтамасыз етілуін қоса есептегенде, оларға берілетін барлық әлеуметтік кепілдіктер пакеті жайында да ойланғанымыз жөн”, – деп атап көрсетті. Олай болса, ардагерлері­мізге көрсетіліп отырған моральдық қолдаудан бөлек, олардың зейнетақымен қамсыздандырылуы, судьяларға дәрі­герлік көмек көрсету және демалысын ұйымдастыру мәселелері қайта қарауды қажет етеді. Республика судьяларының зейнетақы мәселесі пайыздық жолмен шешілсе, ахуалдың басқаша болары анық. Себебі, бүгінгі күні құрметті демалысқа шыққан судьяларымыз жалпы тәртіпте мардым­сыз ғана зейнетақы алуда. Еліміздің құқық қорғау органдары мен министрліктердің өз қызметкерлері мен олардың отбасына дәрігерлік қызмет көрсететін арнайы емханалары бар. Ал, сот саласы мұндай қамқорлықтан тыс қалғандай. Себебі, өткен жылы мұндай қамқорлыққа тек Астана және Алматы қалаларының судьялары ғана қол жет­кізді. Облыс орталықтарында да мұндай емханалар ашылса, судьяларға жасалған көмек болары анық. Бұл жағдай тәуелсіз сот билігінің өзіне лайықты мәртебесін толықтыра түсері даусыз. Әрі айтылған азды-көпті жеңілдіктер судьялар арқалап отырған ізденісі мен күйзелісі мол, салмағы ауыр жүктің аз ғана қарымтасы болары хақ. Құқықтық басылымдар беттерінде судьялар көмекшісі институтын ендіру мәселесі кеңінен талқыға салынуда. Бұл орайда, Жоғарғы Сотта “Сот төрелігін жүзеге асыру процесін жетілдіру және судьялар көмекшісі институтын енгізу” атты ғылыми-практикалық конферен­ция да өтті. Оның жұмысына Прези­дент Әкімшілігінің және Консти­туция­лық Кеңестің өкілдері, Парламент депу­тат­тары, қазақстандық судьялар мен олар­­дың ресейлік әріптестері, ғалымдар қатысты. Жалпы, жаңа институтты сот жүйесі­не ендірудің тиімді тұстары бар екені анық. Біріншіден, бұрыннан келе жатқан “бәрін де кадр шешеді” деген қағидаға сүйенсек, біз келер ұрпақты жүгі ауыр, жауапкершілігі мол судьялық қызметке тәрбиелейміз. Мұны жүзеге асыру судьялардың кадрлық құрамының кәсіби деңгейін арттырады. Яғни, тәжірибелі судья өзінің көмекшісінің кәсіби жағы­нан шыңдалып қалыптасуына жәрдем беріп, өзі жинаған мол тәжірибесін олар­ға үлгі етіп береді. Екіншіден, көмекші судьяны қол байлайтын техникалық жұмыстардан босатып, қызметтік жүктемесін жеңілдетеді, әрі сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын жақсартуға атсалысады. Олай болса жаңа инсти­тутты енгізу тиімді. Міне, осы секілді мәселелерді шешу сот билігінің мәртебесін көтере түсері анық. – Сот беделі – мемлекет беделі. Ал мемлекет беделіне нұқсан келтір­меу үшін сот заңды жолдан жаза баспай жүруі керек. Сот билігінің басты тұлғасы – судья. Ендеше, “судья этикасы” жайлы не айтасыз? – Сот жүйесінің басты тұлғасы судья болғандықтан, сот беделі мен судья беделін ажырамас ұғым деп қабылдау керек. Римдіктердің “Судьяларға деген құрметті жоғалту мемлекетті жояды” деген нақыл сөзіне сүйенсек, судьяға мемлекеттің, қоғам азаматтарының артқан сенімі мен жүгі ауыр екендігін білдіреді. Сот беделі – сот шешімдерінің әділдігіне, судьялардың кәсіби білікті­лігіне, судьяның ұстанған ұстанымы мен жеке басының қасиеттеріне байланысты болмақ. Жалпы, сот билігін жүзеге асыратын судья тәртіптің ең биік өлшемдерін бекітіп, сот беделіне кір келтіретін кез келген әрекеттерден аулақ болуға тиіс. Әділдікті іздеген әрбір жүгініске судья ізгілікпен қарап, әділ билік айтудың үлгісін қалыптастыруға міндетті. Бұл ретте Цицеронның мына сөзі адамзат баласына үлкен қозғау салатыны анық: “Егер тыныш ұйқыға шомғың келсе, төсекке өзіңнің таза ар-ұятыңмен жат”. Әділетсіз шешім талай күн мен түнде адам арына тыныштық бермейтіні анық. Сондықтан, кәсіби мәдени ұстанымды ұстанған судьяның шешімі әділ болып, сот беделіне нұқсан келтірмесі күмән туғызбайды. Судьялар қауымдастығының мақсаты мен міндеттерін айқындап, бірегей мемлекеттік биліктің бір тармағы ретін­дегі сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтама­сыз ету үшін осыдан он үш жыл бұрын судьялар съезі республикалық Судьялар одағын құрды. Осы кезеңде Судьялар одағы және оның орталық кеңесі едәуір шаруаларды атқарғанына куә болдық. Алғашқы съезде сонымен бірге, судьялар қауымдастығында моральдық тазалықты, парасаттылық пен жоғары білімділікті жандандыру қажеттілігі негізге алынып, Судья этикасы кодексі қабылданды. Дейтұрғанмен, материалдық-техни­ка­лық және әлеуметтік кепілдіктерді күшей­ту судьялардың сол биік міндет деңгейінде жұмысты талап ететінін естен шығармау қажет. Судьяның кәсіби білік­тілігі, моральдық бейнесі мен адамгер­ші­лік ұстанымы, ар адалдығынан атта­мау, сот саласының абыройы мен беделі­не нұқсан келтірер келеңсіздіктер мен сөзбұйдалықтан, жемқорлық дертінен ада болу басты ұстаным болып қала бермек. Бір кездері Елбасы: “Біздің еліміздің судьялары ең басты мәселеге негізделген жаңа көзқарастарды талдап жасайды деген сенімдемін. Мәселені адамдар өз­дері­нің құқықтарын қорғау үшін шенеу­ніктерге емес, әкімдерге емес, Прези­дентке емес, сіздерге келетіндей етіп қойы­ңыздар. Мәселені олар сіздерге сенетіндей, сіздерге келетіндей етіп, ал сіздер барлық проблемаларын әділдікпен шешіп беретіндей етіп қойыңыздар. Тек осылай ғана сіздер біздің халқымыздың құрметі мен сүйіспеншілігіне бөлене аласыздар”, – деді. Олай болса, әрбір жүгі­ніс­ке заңға, ар-иман, ізгілік пен адамгершілікке сүйене отырып әділ шешім айту судьяның қасиетті борышы екенін естен шығармағанымыз абзал. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Еркін ӘБІЛ, Қызылорда.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.01.2019

Кирилл Герасименко үстел теннисінен әлемдік турда сынға түсті

21.01.2019

Биатлоннан ел чемпионатында эстафета жеңімпаздары анықталды

21.01.2019

Конькимен жүгіру: Спринтерлік көпсайыстан ел біріншілігі аяқталды

21.01.2019

Ақтөбе облысы экономика өсімін екі жыл қатарынан 5 % деңгейде ұстап келеді

21.01.2019

«Апта жаңалығы»: Брексит

21.01.2019

«Барыс» ойыншылары ҚХЛ жұлдыздары матчында жеңіске жетті

21.01.2019

Азамат Мұқанов дзюдодан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы атанды

20.01.2019

Атырау жылу электр орталығында апатты жағдай болды

20.01.2019

ШҚО-да дін саласындағы құқық бұзушылықтар саны үш есеге азайды

20.01.2019

Солтүстік Қазақстанда көпсалалы аурухана салынады

20.01.2019

Қазақстандық балалар фильмі халықаралық кинофестивальде жүлде алды

20.01.2019

ШҚО емханалары 100 тонна қағаз үнемдеді

20.01.2019

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 27 жыл толды

20.01.2019

ШҚО Күршім ауданында 6 жастағы бала суға кетіп қалды

20.01.2019

Қазақстанда бала асырап алуға көмектесетін арнайы агенттік құрылады

20.01.2019

Ресейлік «Арктика-М» спутнигі 2019 жылы маусым айында іске қосылады

20.01.2019

Чили жағалауында магнитудасы 6,8 жер сілкінісі болды

20.01.2019

Астанада Жастар жылының ашылуы өтеді

20.01.2019

Экономиканы роботтандыру: қатер ме, мүмкіндік пе?

19.01.2019

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу