Басты құндылық – рухани тазалық

«Өмір сүру үшін өзгере білу керек», деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында. Заман талабына сай лайықты өмір сүру үшін қазіргі уақыттағы жаңғырудың да негізгі мақсаты – осы.
Егемен Қазақстан
26.05.2017 1137
2

Жаңа жағдайда жаңғыруға деген әркімнің ішкі ұмтылысы біздің дамуымыздың ең басты қағидасы болып табылады. Бұл, ең алдымен, адами өзгеріске қадам жасау, ата-бабамыз бізге аманат етіп қалдырған жақсылықты істерге қарай бет бұру деген сөз. Ал адамның санасы, жан әлемі хал­қымыздың рухани дәстүрлерінің не­гі­зімен сусындамаса, жалпыұлттық қа­сиетті құндылықтарды сіңіре алмайды.
Осы тұрғыдан алғанда, әлемдегі озық елдердің қатарына қосылуға бет алған Қазақстан жастарына лайықты үлгі көрсете алуымыз бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі екені сөзсіз. «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек», деді Елбасы. Бұған, ең алдымен, сананың ашықтығы, жан дүниенің тазалығы қажет. Ал жастардың жан дүниесі, санасы қашанда таза. Сол таза жан дүниеге болашағымызды көр­кей­туге сеп болатын таза үлгілер негіз ре­тін­де қаланса, рухани жаңғыруымыз сөз­сіз жүзеге асады. Өйткені, таяу жыл­­дарға арналған нақты жобалардың жүзеге асуына жастарымыздың қазір жаң­­ғырған жан дүниесі, санасы себеп бол­мақ. 
Бірақ бұл қайткенде, қалай жүзеге аспақ? Міне, көпшілікті толғандыратын осы сұрақтар екені анық.
Елбасы айтқандай, бұл ең алдымен, адамның туған елге, туған жерге деген сүйіспеншілігінен туындайды. Туған жерге деген сезім – ең ыстық сезім. Бірақ сол ыстық сезімнің ләззатына шын мәнінде жету үшін оның қайтарымының да сайма-сай болғаны жөн. Мәселен, бәріміз де туған жердің тазалығына бас иеміз. Ал туған жердің тазалығы дегеніміз тек ғимараттардың салынуы мен әсем жолдардың төселуі ғана емес, сондағы адамдардың жан дүниесінің тазалығы. Осы рухани тазалықтың иісі аңқыған ауылдың саумал ауасымен, адамдардың ақкөңіл ниетімен, дархан көңілімен, жүрекжарды дәм-тұзымен – туған өлкенің кереметтігін, тіл жетпейтін құндылығын, жанымызға жайлылығын, ештеңеге айырбастауға келмейтіндігін мақтан етіп, жан дүниемізбен беріле жақсы көреміз.
Біраз туған жерге деген біздің осы махаббатымыз, сүйіспеншілігіміз, ынта-ықыласымыз оған егілетін адал дәннен басталса екен дейміз. Өйткені, бұл әркімнің өз ауылына баруымен және онда ата-бабасының ескерткішін тұрғызып, қолынан келсек мектеп немесе жол салуымен ғана бітпесе керек. Әрине, туған жерге баратын әр азамат өзінің маңдайтерімен тапқан қаржысына мешіт, мектеп, балабақша, т.б. тұрғызып, кәсібін жүргізуі тиіс екені сөзсіз. Бірақ біреудің көз жасына қалып қамқорлықпен алынған, арамдыққа былғанған ақшаға ғимараттар тұрғызу тазалыққа жатпайды. Өйткені, оның қабырғасында болашақ жастарымыз елге, жерге деген шынайы патриоттыққа тәрбиеленуі тиіс. Сондықтан туған жердің табиғи таза, бұлақтай мөлдір болуын осы кезден қамданғанның артықтығы жоқ. Ал мұндай тазалық тек арамдық, әділетсіздік, пайдакүнемдік, күндестік, көреалмаушылық жоқ жерде ғана болады. Сонда туған жердің ауасы, суы, нуы – бәрі-бәрі тек жақсылықты ғана бойына сіңірген табиғи таза, мөлдір рухани құндылықтардың нұрынан құралатындығын айтады ғалымдар. Міне, осыны келешек ұрпағымыз бойына күнде зәмзәм суындай сіңіре берсе, одан түбінде тек жақсы нәтиже шығатыны анық. 
Бұрын түрлі кеселдерден, кемшіліктерден, жат идеологиялардан бойын аулақ, таза ұстаған ата-бабаларымыз қашанда қара қылды қақ жара білуімен, шындықты бетке ұстауымен, әділдіктің туын желбіретуімен небір дау-дамайды еңсере алған. Осының бәрі олардың бойында тау суындай таза құндылықтарымыздың жоғала қоймауында еді. Ендеше, сол құндылықтар мен мәдени, рухани дүниелерді біз туған жерді өсіп-өркендете отырып, жастарымыздың бойына еге білуіміз керек. Өйткені, бәріміз де: «Біз жат идеологтардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз», деп Елбасы түйіндеген ойға толық қосыларымыз хақ. Ендеше, туған жерге деген сүйіспеншілікті, Отанға деген шынайы махаббатты әркім өзінің адалдығы мен тазалығынан бастайтын уақыттың жеткені күмәнсіз.

Александр Тасболатов,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.11.2018

Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысының білім беру саласының мамандарымен кездесті

14.11.2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

14.11.2018

Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болды

14.11.2018

Үкімет басшысы Жамбыл облысында болды

14.11.2018

Атыраулықтар жалпыұлттық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өтті

14.11.2018

Қ.Тоқаев: Бюджетті қарау кезінде тек мемлекеттік мүдде үстем болуы тиіс

14.11.2018

Африканың Батыс Сахарасында күрделі тапсырмаларды орындады

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысында тағы бірнеше кәсіпорын жалақы өсірді

14.11.2018

Халықаралық балалар шығармашылығы Фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылында 40 пәтер пайдалануға берілді

14.11.2018

Елбасы кітапханасы ақтөбелік жоғары оқу орнына 350-ден аса кітап тарту етті

14.11.2018

Алматыда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі талқыланды

14.11.2018

Алматы жұртшылығы жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Алматыда «Көшпенділер әуені» атты дәстүрлі орындаушылардың ІІ Республикалық байқауы өтті

14.11.2018

Алматыда дәстүрлі «Болат Тұрлыханов кубогі» өтеді

14.11.2018

Бақытжан Сағынтаев Таразда Халықты жұмыспен қамту орталығына барды

14.11.2018

Асқар Мамин өңіраралық семинар-кеңеске қатысты

14.11.2018

Премьер-Министрге «Смарт-Тараз» және Тараз-Хаб жобалары таныстырылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу