БАТЫР БАУКЕҢ

Егемен Қазақстан
11.01.2010 1881
Қазақ тарихының әр ғасы­рын­да халқымыздың батырлығы­ның үлгісіне айналған тұлғалар болған. Сондай асылдарды тілге тиек етер болсақ, XX ғасырда Бау­кеңнің – Бауыржан Момыш­ұлы­ның шоқтығы әрдайым оқ­шау­ланып тұрады. Баукең – аңызға айналған тұлға. Баукең – ел жүрегінен мәңгілік қоныс тапқан батыр. Қытай қазақтары бейкүнә балаға бата-тілек жасарда Бауыржандай батыр бол, Байшегірдей ақын бол, дейді екен. Қызыл империя күшейіп тұрған сәтте Баукеңнің асқан батырлығы да, қайраткерлігі де, жазушы, ойшылдығы да дұрыс бағаланған жоқ. 45 жыл бойы батыр атағына екі рет ұсынылса да берілмей қойды. Мәскеудегі Жоғары әскери академияда 5 жыл “жоғары тактикадан” аға оқытушы болып қызмет атқарып, ұстаздықтың ең биік шыңына жетті. 13 жыл гене­рал­дық қызмет атқарды. Бір­ақ, генерал шені бе­ріл­ген жоқ. Өзге ұлттың, жоғары әскери билікке араластырыл­майтын ұлттың өкілі екендігі есепке алынды. Оған “бетің бар, жүзің бар” демей бетке айтатын бірбеткей батыр мінезі қосылды. М.Әуезов: “Бауыржан Момышұлын тікесінен тік қойып, қылышпен шапсаң, екі жарылып түседі, бірақ сіз бен бізге ұқсап келісімпаздыққа бармайды” деген екен. Фронт қолбасшысы И.Х.Баграмян дивизия қолбасшысы Б.Момышұлының өмірбаянымен танысып отырып: “Фамилияңыз қиындау екен, неге орысша емес?” – депті. Сонда батыр: “Сіз неге Баграмов емессіз!” – деп қойып қалған (Көзі қарақты, көңілі ояу, азат жанды қазақ баласына ой салар – Е.К.). Келісімпаз жан ғана мансап баспалдағына тез өрлейтіні белгілі. Батырдың туа біткен табиғатына бұл жол жат еді. Алайда, жоғары жақ көтермелемеді деп Баукеңнің ел арасындағы қадір-құрметі, даңқы еселеп артпаса еш кеміген емес. Соңғы демократия мен еркіндік лебі ескен кезеңде ғана Президентіміздің араласуымен Бауыржан Момышұлына батыр атағы берілді. Б.Момышұлы 200-ден астам ұрысқа әскерді өзі бастап кірген. Бес рет қоршауда қалып, бұзып-жарып шыққан. Жеті рет жарақаттанған, үш рет контузия алған. Сұрапыл соғыс төрт жылға созылды. Бірақ, Баукең жеті жылдай ажалдың өтінде жүрді... Мәскеу түбіндегі нағыз қысылтаяң шақта: “Крюкова­дан шығысқа қарай жер жоқ!” – деп қартаның жартысын қы­лышпен шауып тастаған жүрек жұтқан қас батырдың даңқ­ты жауынгерлік жолының бұл айшықты кезеңдері ғана. Баукең еңбекке араласуын ұстаздықтан бастаған екен. Ұстаздықта үлкен табысқа жеткенін жоғарыда айтып өткенбіз. Жиырма кітап жазған еңбекқор қаламгер Баукеңнің әр кітабын оқырман жұрт құныға оқып, тағатсыздана күтіп отырған. Оның кітаптарының жалпы таралымы 2 миллионнан асып кеткен еді. Баукеңнің кітаптары Кубада және Израильде 20 рет, Польшада – 15, Чехословакияда 13 рет басылып шыққан. Баукең ғұмыр бойы қазақ халқының салт-дәстүрін барынша қадірлеп, ана тілін аялап, әспеттеп өткен. Кезінде жазушы Д.Снегин былай деген екен: “Бауыржан жүз жылда бір туады. Ол мен үшін мәңгі үлгі. Ол қазақ болудан қалған қазақтарды, яки, тілін, дінін, ата салтын білмейтін қазақтарды жек көретін”. 1965 жылы Кубаға барған сапарында 30 градус ыстықта сусар бөркін тастамай қазақ екенін, қазақ дейтін ел барын мақтанышпен көрсетіп жүрген ерен қимылдары да Баукең бітіміндегі біртуар қасиет екендігіне дәлел боларлықтай. Жасқаншақ елдің отансүйгіштігінің құны көк тиын деп ұғатын батыр айбынды, құрыш қалқанды, батыл ұрпақ тәрбиелеуді армандады. Баукең анадан ешкім батыр болып тумайтынын, айбындылық аспаннан түспейтінін, тек қана табандылық – татымды тәрбиеден бастау алады деп есептеген. Бүгінде Бауыржан Момышұлы туралы жұрт аузынан айтылмаған жақсы сөз, ашылмаған сыр қалған жоқ. Осы жолғы өзімнің аз-кем ойымды қазақтың қайталанбас біртуар тұлғасының тәрбиені тірек еткен ұстаздық жолының, асыл мұра болып сақталатын інжу-меруерт сөздерінің ұрымтал тұстарымен ұштастыруды қолайлы көрдім. Баукең жайында сыр ұшығына түрткі болған тағы бір жай бар. Бауыржан Момышұлы 1943 жылдың аяғында жарақаттанып, госпитальда емделіп шыққаннан кейін Алматыға келген екен. Академик Қаныш Сәтбаев пен Мұхтар Әуезов Қазақстан жауынгерлерінің ерлігі, Москва түбіндегі шайқас, майдан өмірі жайлы Бауыржан Момышұлына ғылыми-шығармашылық интеллигенция алдында дәріс оқуға өтініш жасайды. Әңгіме-дәріс бір аптаға созылады. Осы тарихи құнды әдеби мұра ширек ғасыр бойы жазушы архивінде сақталып келіпті. Түпнұсқадан біраз ықшамдалып Мұхтар Қазыбековтің аударуымен 1990 жылы “Жұлдыз” журналының 5-санында тұңғыш рет жарық көрді. Табиғатынан сұңғыла Баукеңнің әскери академияларда оқылуға тиісті әңгіме-дәрістері кейіндері іргелі ізденістерге жол ашқаны белгілі. Баукең көп жұрттардың көне, жаңа жорық жолдарын, содан туған көркем мұраны дәйек­тілікпен зерттеген кісі. Әсіресе, әскери орыс шежіресіне, оның сол саладағы тірлігі мен тіліне жетік болған. Енді біреуге ой салып, біреуге өнеге болып, көпшіліктің кәдесіне жарарлық әңгіме-дәрістегі ой өрімдерге жүгінейік: “...Даналық өткеннің тәжірибесін қорытатын, қазіргі жағ­дайды зерделі талдайтын және болашақты көре білетін творчестволық ойдың қаймағынан тұра­ды. Бұйрық – алғыр басшының ой-ар­маны. Әскерсіз – қолбасшы қауқарсыз, басшысыз әскер – әлсіз. Қанатты сөздің қарапайым сөзден айыр­­масын сергек құлақ, алғыр ой ажыратады. Командирдің парызы – солдаттардың қандай да бір болмасын іс-әрекеттерін назарға салып, ескерусіз қалдырмау. Егер солдат жақсы ісімен көзге түссе – ол мадақталуға тиіс. Ұрыста – соғыста – адамға тән барлық: жоғары және төменгі қасиеттердің өзі барынша ашылып көрінеді. Жоғары сезімдер: Парыз, Адамгершілік, Ержү­ректілік, Ерлік, Батырлық, Қаһармандық және т.б. Төменгі сезімдер: Опасыздық, Ұждансыздық, Үрей, Қорқыныш және т.б. Ерлік дегеніміз не? Бұл адамға туа біткен қасиет емес, дұрыс жүргізілген әскери тәрбиенің жемісі. Ержүректілік пен батырлықты найзаласқан қолма-қол ұрыстан көргісі келетін адам қателеседі. ...“Солдат” деген сөзді соғысқа қатысты мағынада ғана ұғынбау қажет. Барлық жерде адамға жас кезінен бастап солдат, нағыз күрескер деп қарау қажет. Солдат деп әр түрлі салалар мен қызметтерде жұмыс істеп жүргендердің бәрін айтып отырмын. Солдат дегенді мен кең мағынада түсінемін. Адам от басы-ошақ қасынан бастап ұрыс кезін­де шабуылға шығуға дейін, барлық жерде жауынгерлік қасиет, қайрат, табандылық көрсете білуі керек. Парыз – бұл орындалуға тиіс міндет пен әрекет. Міндет адамға жауапкершілік жүктейді” (“Жұлдыз” журналы. №5, 1990). Бақытжан Момышұлының “Восхождение к отцу” кітабындағы Баукеңнің парыз туралы айтқан ойлары терең тамырлы дәлелдерімен назар аудартады. Келіні Зейнеп Ахметқызына “мені аударам деп қаратер болмай-ақ қой” дейтін аталы сөзін қаперге ала отырып, орысша мәтінін қаз-қалпынша ұсынуды жөн көрдік: “...Каждый должен хорошо выполнять свой долг на своем месте. Сейчас ваш долг – добросовестная учеба, и надо учиться не только языку и педагогике, но и трудолюбию, честному отношению к делу. В этом прочный залог будущих успехов, спокойной совести. Малый долг, который обернется большим. ...У тебя есть долг передо мной, и не только как перед отцом. Защитой государства занимается армия, а вы обязаны укреплять его. Каждая служба имеет свою специальную задачу, налагающую особые обязанности, и это мы называем долгом, хотя и в довольно узком понимании. Стержнем воинского долга является, я думаю, воинский дух, морально-нравственный облик войск, высокие идеи и чувство патриотизма. Стержнем гражданского долга будет активный патриотизм, творческий труд, духовное единство общества. Как видишь, общего много...”. Иә, өмірдегі өр мінезіне өлшем боп қалыптасқан жалынды жүректен шығатын сөздер! Ұлы батырдан біздің алар ұлағатымыз көп. Біз ғана емес, шетелдерде де Баукең ұлағатын қасиет тұтқандар аз болды ма?! Кубаның әскери академиясында Баукеңнің кітабы (“Волоколамск тас жолы”) арнайы курс семинары ретінде оқылды. Сол елдегі азаттық үшін күрес жылдарында батырдың шығармасы испан тіліне жедел аударылып, солдаттарға таратылған. Жазушы кітабының қасиеті әскери өнерінде, жеңіс ғылымының сыр-сипатын ашып беруінде ғана емес, сондай-ақ ерлік, азаматтық, табандылық, отаншылдық рухты тәрбиелеуінде де еді. Еңсесі биік елдігіміздің ертеңі – қазіргі ұрпақ Баукең бітіміндегі асқар жұртының шың басындай тәкаппар рухынан қанаттанып, батырлық, отансүйгіштік қасиеттерді бойларына сіңіріп өссе, нұр үстіне нұр болар еді! Адалдықтан асқан құдіреттіліктің, әділеттіліктен асқан әулиеліктің болуы мүмкін бе?! Ендеше, Бауыржан атаға қанша тағзым етсең де артық болмас деп ойлаймыз. Өйткені, атасыздық – отансыздық, отансыздық – опасыздық, опасыздық – имансыздық. Ештеңенің қадіріне бойлай білмеген ешкімді де жарылқай алмайды. Тәңірім тек сондайдың бетін аулақ қылғай! P.S. Жүрегі “халқым” деп соққан, Арқаның ардақтысы, отандық журналистика саласының майталманы, ұстазымыз марқұм Ақселеу Сейдімбек: “Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың әскери өнері туралы дүниелер шамалы. Орыс әскерінің соғыс өнерін орыстан артық меңгерген біздің Бауыржан Момышұлының тәжірибесін зерделеу қажет” деп еді, жарықтық. Осы тырнақалды материалды тәлімгер тапсырмасының басы деп қабылдаңыздар, қадірлі оқырман. Ернар КҮЛМАҒАМБЕТ, әскери журналист.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2018

Елбасы көрмесі – Атырауда

19.09.2018

Таразитану қарлығаштары

19.09.2018

Қазақстан мен Гамбия екіжақты ынтымақтастығы дамуға бағытталуда

19.09.2018

Қылқалам шеберінің дара жолы

19.09.2018

Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы тағайындалды

19.09.2018

Сенат Төрағасы Бразилияның жаңа елшісіне тілектестігін білдірді

19.09.2018

Шыны зауытында 4 нысанның жұмысы жүріп жатыр

19.09.2018

Жанат Шаймерденов  «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды

19.09.2018

Алматыда «ANQ 2018» XVI Азия Сапа Конгресі өтуде

19.09.2018

Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Алматы қаласына барды

19.09.2018

Білім жарысында болашақ экономистер

19.09.2018

Петропавлда жылу беру маусымы басталды

19.09.2018

Астанада әлемдегі бастапқы денсаулық сақтауды дамыту декларациясы қабылданады

19.09.2018

«Барыс» Омбының «Авангард» клубынан 3:4 есебімен ұтылды

19.09.2018

Қостанайлық  спортшы қыз Азия мен Океания чемпионатынан қос алтын медаль әкелді

19.09.2018

Көп көрсеткішке көңіл толмайды

19.09.2018

Елбасы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады

19.09.2018

Аралдағы жатақхана туралы ақпарат негізсіз

19.09.2018

Оралда Құрманғазы Сағырбайұлының мерейтойы аясында республикалық конференция өтті

19.09.2018

Өскеменде Қазыбек би даңғылы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу