Батырға бағышталған шара

Биыл қазақтың хас батыры Қаракерей Қабанбайдың туғанына – 325 жыл. Осыған орай елордада тарихи-мәдени қордың ұйымдастыруымен ғылыми-танымдық мәжіліс өтті. Жиында қор төрағасы Камал Әбдірахман, жазушы Тұрсын Жұртбай, ақын Несіпбек Айтұлы сияқты зиялы қауым өкілдері тағылымды ой-пікірін ортаға салды.
Егемен Қазақстан
27.03.2017 1671
2

«Елдің есінде ерен ерлігімен, жаужүрек батырлығымен қалған ерен тұлғалардың бірі – Қабанбай. Ол кісі туралы ауыз­ша және архивтік деректер бір­шама мол сақталған. Ауызша де­ректерге мифтен аулақ, талай ға­сырлардың қойнауынан келе жатқан тарихи аңыз-әңгімелерді, Үмбетей, Бұхар сияқты жы­ра­у­­-

лардың шығармаларын жа­т­­­қызуға болады. Себебі олар Қабанбайдың замандасы болғандықтан, көргендерін жаз­ған адамдар. Міне, бұларды нақ­ты ауызша тарихи дерекке жатқызамыз. Бұлардың бәрі қа­зіргі уақытта қағаз бе­тіне түс­кен. Сонымен бірге архив­тік де­ректер бар. Архивтік дерек­тер­дің көбісін біз негізінен Ре­сей Федерациясынан алдық. Олар­дың ішінде, көне актілер архиві, Ресейдің сыртқы істер архиві, Омбыдағы мемлекеттік архив бар. Осылардың арасы­нан Қабанбайға қатысты мағ­лұ­мат­тарды жинақтадық. Біз қанша жер­ден зерттедік дегенмен, батыр жайлы ақпараттар толас­тар емес. Оның ерлігі жайлы соңғы кезде Қытай архивтерінен біршама деректер табылуда. Өйткені,  ХVIII ғасырда қазақ-қытай ара­сында тікелей қатынастар бас­тал­ған. Табылған деректерді сол жақтағы қазақ азаматтары және Елбасының тапсырмасымен жазушы Қой­шы­ғара Салғарин де барып, бір­талайын елге әкелді. Сол де­рек­тердің ішінде Қабанбайға қа­тысты мәліметтер де біршама кез­деседі. Олардың барлығы бү­гінде ел игілігіне айналып отыр. Менің ойымша, болашақта бұ­ны еліміздің тарихшылары қолғ­а алып, әскери  тұлғаларға бай­ланысты еңбектер, деректер ғылыми негізде жазылса нұр үстіне нұр болар еді. Қа­зақстанның қай облысына бар­са­ңыз, Қабанбай жайлы аңыз-әң­гімелер болады. Оны бүкіл қазақ мойындаған. Сарышуаш айтады: «Абылай сынды төреңіз, қасыңа әкеп тақ құрған» деп. Яғни бұл кісі хандарға сүйеніш болған. Үнемі жақсы атақ алған адам. Жаманатты болғанын еш­қан­дай ауызша деректерден ке­з­дестірмейміз», дейді тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Мұхтарбек Кәрім.

Жиын барысында Тұрсын Жұртбай «Қаракерей Қа­банбай­дың арғы аталары Байжігіттердің XVI-XVII ғасырдағы көші-қон­ кеңістігі» тақырыбында баян­дама жасады. Халықаралық «Қа­ракерей Қабанбай батыр» та­ри­хи-мәдени қорының төра­ғ­а­сы Камал Әбдірахманның айтуынша, мамыр айында батырға арналып ас берілмек.

Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан» 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

«Туған жерге тағзым» жобасы Түркістаннан басталды

21.11.2018

Елбасы: «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуға мүмкіндігіміз бар

21.11.2018

Алмасбек Әбсадық: Мазмұны терең ой-толғам

21.11.2018

Ертең бокстан шешуші сайыстар басталады

21.11.2018

Маңғыстауда 171 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

21.11.2018

Б.Көшімбаев: Рухани жаңғырудың қайта түлеген жалғасы көңілімізді демдеп отыр

21.11.2018

Кәсіпкер мен әкімдік арасындағы дау «Атамекеннің» араласуымен шешілді

21.11.2018

Қарағандыда алты көшенің атауы өзгереді

21.11.2018

Ауылдарға көгілдір отын келіп жатыр

21.11.2018

Қызылордада полицейлер қан тапсырды

21.11.2018

Қазақстан құрамасы бесінші себетте

21.11.2018

Жаңақорған ауданында 63 пәтерлік 2 көпқабатты қызметтік тұрғын үй пайдалануға берілді

21.11.2018

Павлодарда Тұңғыш Президент күні  27 жаңа нысан пайдалануға беріледі

21.11.2018

Н.Назарбаев: «Ұлы даланың ұлы есімдері» энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек

21.11.2018

Таэквондошылар Әбу-Дабиге аттанды

21.11.2018

Елбасы: Деректі-қойылымдық фильмдердің, көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу қажет

21.11.2018

Польшалық заңгерлер Алматыға келді

21.11.2018

Президент: Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы»

21.11.2018

Елбасы: «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет

21.11.2018

Алматыда Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының ұйымдастыруымен форум өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу