Бауырлас елмен баянды байланыс

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасына ресми сапарын ел астанасы Баку қаласының ең биік нүктесінде орналасқан Шейіттер аллеясына гүлдесте қоюдан бастады. Мұнда Әзербайжанның тәуелсіздігі жолында жанын қиған қаһармандар жерленген.
Егемен Қазақстан
04.04.2017 1190
2

Одан соң Елбасы Әзербайжан Рес­пуб­ликасының бұрынғы президенті Гей­дар Әлиевтің рухына тағзым жасау үшін әзербайжан көсемі жерленген зират­қа табан тіреді. Н.Назарбаевты бұл жер­де құрметті қарауыл күтіп алып, мемо­риалға бастап жүрді. 

Қазақстан Республикасының Пре­зидентін Әзербайжан Рес­пуб­ликасының Президенті Ильхам Әлиев өзінің жұмыс резиденциясы «Загульба» сарайының алдында мәртебелі мейманға лайықты барша рәсімдерді жасап, сән-салтанатпен қарсы алды. Құрмет қарауылы екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Ресми кездесуден кейін мемлекет бас­шылары шағын құрамда келіс­­сөз жүр­­гізді. Кездесу барысында сая­си, сау­­да-экономикалық және мә­де­ни-гума­нитарлық ынтымақ­тас­тық­тың даму ахуа­лы мен перспективалары, сондай-ақ, күн тәртібіндегі халық­ара­лық және өңірлік өзекті мәселелер талқы­ланды.

– Бірінші кезекте, еліңізге сапар жа­сауға шақырғаныңыз үшін алғыс біл­діремін. Біз әзербайжандық бауырлары­мыз­дың тарапынан жылылық, қонақ­жайлық пейілді сездік, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Әзербайжан арасында ежелден тарихи және мәдени байланыстарға негізделген дәстүрлі достық сипатындағы екіжақты қарым-қатынас қалыптасқанын атап өтті. Мемлекет басшысы әлемдік эко­но­микадағы қазіргі кездегі жаңа үрдістер екі ел серіктестігін одан әрі дамытуға тың серпін бере алатынын айтты.

– Әлемдегі дағдарыстық құбылыстар ұлттық экономи­камызға айтарлықтай залалын тигізіп жатқанын көріп отыр­мыз. Сонымен қатар, бұл бірлескен жаңа өндірістер ашып, мүмкіндіктерімізді пайдалануға жол ашуда. Экономиканы әрта­раптандырып, инновациялық тех­но­логияларға назар аудару қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Президент екіжақты ынтымақтастықтың барлық саласында өзара іс-қимылды үдету, соның ішінде Қа­­зақ­стан мен Әзербайжанның көлік-тран­­з­ит әлеуетін дамыту қажеттігін атап өтті.

– Бұл кездесу елдеріміздің өзара іс-қи­мылын одан әрі тығыз дамытуға мүм­кіндік туғызатын жаңа форматтағы қарым-қатынасымызға тың серпін беруге тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті екі мем­лекет­тің халықаралық саладағы өзара түсініс­тігіне және ұстанымдарының ұқ­сас­тығына да назар аударды. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев И.Әлиев­ті 2016 жыл­­ғы ел конституциясына өз­ге­ріс­тер ен­гі­зу қарастырылған референ­­думда Әзер­­байжан халқының, прези­дент­­тің өкілеттік мерзімін ұзартуға бағыт­­тал­ған өзгерістерді қолдағанымен құттықтады.

Өз кезегінде, Әзербайжан басшысы Н.Назарбаевтың сапары екі елдің арасын жақындату аса маңызды екенін айтты.

– Сіздің сапарыңыз біздің елдері­міз­дің арасындағы достық, бауырластық байланыстарды одан әрі нығайтуда аса зор маңызға ие. Бірінші кезекте, Қазақ­стан Республикасының БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің мүшелігіне сайла­нуы­мен тағы да құттықтағым келеді. Бұл – Қа­зақ­станның халықаралық қа­тынастардағы рөлінің, бейбітшілікті нығайтуға бағыт­талған маңызды бастамалар ұсынып жүрген жеке Сіздің беделіңіздің мойын­далуы. Екіжақты қатынастардың даму барысына біз ризамыз, үнемі тығыз байланыстамыз. Бүгін де пікір алмастық. Пікір алмасу нәтижесінде біз талқыланған тақырыптардың барлығында ұстанымдарымыз сәйкес келетіндігіне көз жеткіздік. Белсенді саяси іс-қимылдар, экономика, көлік салас­ындағы мүмкіндіктердің барлығын егжей-тегжейлі талқыладық. Мені екі елдің компаниялары арасында инвес­тиция салу жұмыстарының жолға қойылғаны қуантады. Сіздің келуіңіз және бүгін қабылданатын шешімдер инвестиция көлемін ұлғайту үшін жеке сектордың ынтасын арттырады деп ойлаймын. Сіздің сапарыңыз өте табысты болып, біздің елдерімізді одан әрі жақындастыра түсетініне сенім білдіремін, – деді Ильхам Әлиев.

Одан кейінгі кезекте екі мемлекет президенттері, үкімет мүшелері және ұлттық компаниялар басшылары кеңей­тілген құрамда келіссөз өткізді. Осы келіссөздердің қорытындысы бойын­ша, Қазақстан мен Әзербайжан прези­денттері, сонымен қатар, екі мемле­кеттің үкімет мүшелері, ұлттық ком­па­ния­ларының басшылары бірқатар маңыз­ды құжаттарға қол қойды. Атап айтар болсақ, Қазақстан Республи­касы­ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Әзербайжан Республика­сының Пре­зиденті Ильхам Әлиев Бірлес­кен декларацияға қол қойды.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық ком­­па­ниясы» АҚ президенті Қанат Ал­пыс­баев пен «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ президенті Джавид Гурбанов Ло­гис­тика және темір жол көлігі маши­насын жасау саласындағы стратегия­лық ынты­мақтастық туралы келісімге қол қойды.

Қазақстан мен Әзербайжанның сырт­қы саясат ведомстволарының басшылары Қайрат Әбдірахманов пен Эль­мар Мамедьяров 2017-2018 жылдар­ға арналған ынтымақтастық бағдарла­масын бекітті.

Қазақстанның Әзербайжан Респуб­ликасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Исабаев пен Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рашад Мамадов 1996 жылғы 16 қыркүйектегі Қазақ­стан Республикасы Үкіметі мен Әзербай­жан Республикасы Үкіметі арасын­дағы табыс пен мүлікке қосарлан­ған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу тура­лы конвенцияға өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу туралы Қазақстан Үкіметі мен Әзербайжан Үкіметі ара­сындағы хаттамаға қол қойды. 

Қазақстанның Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек және Әзербайжанның Экономика және өнеркәсіп министрі Шахин Мұстафаев Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге қол қойды.

Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Әзербайжан Ауыл шаруашылығы министрі Гейдар Асадов екі ел үкіметтері ара­сындағы Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынты­мақ­тастық туралы келісімге қол қойды.

Қол қою рәсімінен кейін Н.Назарбаев пен И.Әлиев бірлескен мәлімдеме жасады. Елбасы И.Әлиевке ресми сапарға шақырғаны үшін алғысын білдіре отырып, екі мемлекет арасында қанат жаюға тиісті мәселелер туралы баяндады.

– Біз тауар алмасуды арттыруға айрықша мән бердік. Миллион долларлық көлем біздің әлеуетімізге жауап бере алмайды. Сол себепті, осы орайда Каспий теңізі арқылы логистикалық ынтымақтастық басты орынға шығады. Қазақстан Қытай Халық Республикасының «Бір белдеу – бір жол» жобасындағы Жаңа Жібек жолына тартылған. ҚХР шекарасынан Каспий теңізіне дейін жалпы ұзындығы 1  мың шақырымды құрайтын темір жол салынған. Бұл жол қазірдің өзінде жемісін беруде.  Ұзындығы 2 700 шақырымдық «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автокөлік жолы да жүргізілуде. Сол себепті, қазір мәселе Қытайдан контейнерлер тасу туралы болып тұр. Оны Еуропаға Кавказ, Баку, Каспий теңізі арқылы жеткізу керек. Осы жерде зор әлеует бар,– деді Елбасы.

Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл бағыттағы тасымал көлемі 6-7 миллиард долларды құрамақ. Оның басым бөлігі Баку арқылы өтсе, Әзербайжан 500-600 миллион доллар табыс таба алады.  

Елбасының пайымдауынша, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымының көлемін алдағы уақытта миллиардтық деңгейге дейін жеткізуге болады.

– Индустрияландыру саясатының арқасында біз заманауи электровоз, тепловоз, темір жолдардың беткі құрылыстарын өндіруді жолға қойдық. Мұның барлығы Әзербайжанға керек, біз оны жеткізе аламыз. Ал Әзербайжаннан Ақтауға жеткізілген көкөніс тауарының өзі бүкіл Қазақстанға таралады, ол бір жылдың ішінде  12 есеге артқан. Бұл біздің елдеріміздің арасындағы сауда-саттық байланыстардың аса зор әлеуетінің көрсеткіші, – деді Елбасы.

Мемлекет басшысы екіжақты экономикалық байланыстың басқа да бағыттары туралы баяндады.  Әзербайжан Президентінің қонақжай пейіліне, достық көңіліне ризалығын білдіріп, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне құрметті мейман ретінде қатысуға, сонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасаушы мемлекет ретінде қонақ болуға  шақырды.

Өз кезегінде, И.Әлиев Н.Назарбаевқа деген жылы лебізін, қазақ еліне деген құрмет сезімін білдірді.

– Биыл біз екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастар орнағанына 25 жыл толуын атап өтеміз. Жалпы, біздің халықтардың өзара байланыстар тарихы жүздеген жылдармен есептеледі. Қазақстан-Әзербайжан қатынастарының тарихы достыққа, әріптестікке, бір-бірін қолдауға құрылған. Біз халықаралық құрылымдарда да белсенді әріптестік байланыстамыз, үнемі бір-бірімізді қолдап келеміз. Бауырлас Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігіне қуаныштымыз. Қазақстанның халық­аралық және жаһандық істердегі маңызды рөлі мен беделін мойындай отырып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі бейбіт­шілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағыт­та­ла­тынына сенім білдіреміз. Сондай-ақ, халықаралық құрылымдарда Әзербай­жанға қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс білдіргім келеді, – деді И.Әлиев.

Каспийдің қапталындағы көршілер

Биыл, нақтырақ айтқанда, алдағы тамыз айында Қазақстан мен Әзербай­жан арасында дипломатиялық қатынас­тардың орнағанына 25 жыл толады. Ширек ғасыр ішін­дегі қарым-қатынастың шежіресін шолып шығар болсақ, Бакудегі Қа­зақстан елшілігі 1993 жылы ашылыпты.  

Қазақстан-Әзербайжан достығының нығаюына әсер еткен сапар 1994 жылы жасалды. Әзербайжан Республикасының сол кездегі президенті Гейдар Әлиев нау­рыз айында Алматыға келіп, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевпен кездесті. Достық рәуіште өткен жүздесуде екі мемлекеттің басшылары өзара ынтымақтастықты дамытуға әлеует мол екенін сөз етті. Ауыл шаруашылығы, мұнай-газ машиналарын жасау сынды басты салалардағы әріптестікті талқылады. Әзербайжанда сол кезде мұнай-газ машиналарын жасаудың мықты базасы қалыптасқан болатын. Осыны ескеріп, Қазақстанда да бұл секторды бірлесіп дамытудың жолдары қарастырылды. Біздің елімізден бидай, шикі мұнай экспорттау барысы талқыланды. Арада бір жыл өткеннен кейін Елбасы Н.Назарбаевтың шақыруы бойынша Қазақстанға кезекті мәрте сапармен келген Гейдар Әлиев Ұлы Абайдың туғанына 150 жыл толуына орай ЮНЕСКО көлемінде атап өтілген алқалы жиынға қатысты.

Қазақстан-Әзербайжан қатынас­тары­ның жаңаша қарқын алуына Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылы Бакуге ресми сапары тың серпін берді десек, артық айтпаймыз. Екі мемлекет басшыларының осы кездесуінде кәсіпорындар арасында экономикалық байланыстарды күшейту, мәдени саладағы қатынастарды дамыту мәселелері талқыланып, маңызды келісімдерге қол қойылған-ды. Атап айтар болсақ, Баку қаласында жүргізілген келіссөздер нәтижесінде Мемлекетаралық қарым-қатынастар негізі туралы келісімге, Каспий теңізіне қатысты мәселелер жөніндегі бірлескен декларацияға, Қосарланған салық салудан бас тарту жөніндегі мемлекетаралық кон­вен­цияға, Спорт пен мәдениет саласын­дағы ынты­мақтастықты дамыту жө­ніндегі келісім­ге, Мұнай мен газ өнер­кәсібі саласын­дағы ынтымақтастықты арттыру жөнін­дегі келісімге, Әуе көлігі туралы келі­сімге, Автомобиль көлігі туралы хат­тамаға және басқа маңызды құжат­тар­ға қол қойылғанын атап өткен жөн.

Ал 1997 жылы Г.Әлиевтің Қазақ­стан­­­ға сапары аясында екі ел президент­тері не­гізінен мұнай-газ секторына, кө­лік-ком­муникация саласына бай­ланыс­ты сауда-экономикалық қатынас­тар­ды да­мыту туралы декларация қабыл­­дады. Қазақстандық мұнайды халық­­ара­лық нарыққа шығаруға жол ашатын ме­мо­рандумға қол қойылғанын осы кез­десудің басты жемістерінің бірі деуге болады.

1998 жылғы 10 мамырда Қазақ­стан­ның елордасы Арқа төсіне көшкен айтулы оқиғаға орай елімізге ат басын бұрған мемлекеттер басшыларының арасында Гейдар Әлиев те болды. Осылайша, Каспий теңізінің мәртебесін айқын­дау, сонымен қатар екіжақты сая­си қа­тынастармен байланысты басқа да мәселелер Астана төрінде талқылан­ғанын айта кету керек.

Жалпы, Қазақстан-Әзербайжан арасында жан-жақты байланыстың нығайып, ынтымақтастықтың артуына негізінен екі мемлекеттің басшы­лары тікелей рөл ой­най­ды. Мемле­кеттер басшыларының жиі кез­десіп, жүйелі түрде қарым-қатынас ор­на­­туы­ның арқасында Қазақстан мен Әзер­­­­байжан арасында шынайы достыққа, бау­ыр­­­лас­тыққа негізделген саяси, эконо­ми­­­калық, мәдени байланыстар тереңдей түсті.

Жаһандық саяси, экономикалық ахуалдың соңғы жылдары күрделене түскеніне қарамастан, Қазақстан-Әзербайжан қатынастарының жыл санап ырғақты дами түскенін байқауға болады. Қазақстан Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының деректеріне көз жүгіртсек, осыған айқын көз жеткіземіз. 2016 жылы өзара сауда айналымының көлемі 136,8 миллион АҚШ долларын құрап, алдыңғы жылдағы көрсеткіштен 9 пайызға асып түскені осының бір мысалы.

Қазақстан Әзербайжанға негізі­нен темір жол және локомотив жаб­дық­тарын, қара металл, жанар-жағармай, құрылыс материалдарын экспорттайды. Ал импорттың негізгі бөлігін қант және кондитерлік өнімдер, қара металдан жасалған техника түрлері, көкөніс, тоқыма өнімдері, электр құрал-жабдықтары құрайды. Экономика саласындағы қатынастардың нығаюына Қазақстан-Әзербайжан үкіметаралық комиссиясының жұмысы да тиімді мүмкіндік туғызып келеді.

Тарихы терең тамырластық

Жалпы, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы қатынастар тек эконо­ми­калық сектормен шектеліп қалған емес. Екі елдің бауырластық пен достыққа негізделген байланыстарының тарихы тереңінен бастау алатыны белгілі. Туыстас халықтардың мәдениеті, рухания­ты бір қайнар көзден бастау алатыны әлдеқашан дәлелденген.

Бұл орайда, еліміздегі әзербайжан диаспорасы да екіжақты байланысқа ұйытқы болып тұрғанына тоқтала кеткен жөн. Өткен ғасырдың алғашқы жартысында тағдыр дауылы Грузия, Армения елдеріндегі әзербайжандарды қазақ топырағына айдап әкелген. Одан соң, 1950-80 жылдар аралығында тың игеруге, мұнай кеніштерінде жұмыс істеуге келген әзербайжандардың тағы бір толқыны уақыт өте келе осында орнығып қалды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тарихи отандарына қайтып кеткендердің қарасы бірталай болғанымен, Қазақстанда қалуды қалағандардың да ұрпағы бүгінде жүз мыңға жуықтайды екен. Яғни, саны жағынан алғанда еліміздегі әзербайжан диаспорасының үлесі оныншы орында.

Еліміздегі өзге ұлыстар сияқты, әзер­бай­жан диаспорасының да бас­қа­лармен те­ре­­зесі тең өмір сүруіне, білім алуына, ең­­бек етуіне толыққанды жағ­дай жасал­ған.

Бүгінде штаб-пәтері Бакуде орна­ласқан екі елдің Парламенттік ассам­блеясы табысты жұмыс істеуде. Халық­аралық Түркі академиясы, ТҮРКСОЙ, Түрік кеңесі жанындағы Ақсақалдар кеңесі сынды халықаралық ұйымдар екі елдің рухани-мәдени байланыстарын тереңдетуге сүбелі үлес қосуда.

Географиялық орналасуы жағынан арасын теңіз ғана бөліп тұрған екі мемлекеттің мәдени, рухани байланыстары өткен ғасырда өте жақсы дамыды деуге болады. Екі елдің қаламгерлері, рухани қай­рат­керлері өзара шығармашылық дос­тық орнатып, тәжірибе алмасып, қатынастарын үзген емес. Әзер­бай­жанда қазақ қаламгерлерінің, қоғам қай­рат­керлерінің мерейтойларын атап өту де дәстүрге айналған. Мәселен, сонау 1954 жылы Бакуде Ұлы Абайдың шығар­машылығы тура­лы ха­лық­аралық кон­ференция өтіпті. Абайдың «Ес­кендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгі­месі» сынды шығармалары, басқа да өлең­дері әзербайжан тіліне тәржіма­ланып, кітап болып шыққан. Абай шығар­машылығын көлемді зерттеу еңбектері жарияланған.

Осы орайда, Ұлы Абай шығарма­шы­лығына ықпал еткен Шығыс әдебиеті алыптарының бірі, әзербайжанның атақты ақыны Низами Гәнжауи туралы да айтып өткен жөн. Абай мен Шәкә­рім шығармашылығына ықпал еткен әзербайжан әдебиетінің екі алыбы­ның бірі осы Низами болса, екіншісі Физу­ли деп білген абзал. Абай Ни­зами дастаны­ның негізінде «Ескен­дір» поэмасын жазса, Шәкәрім Физули­дің «Ләйлі-Мәж­нүнін» қазақ тіліне тәр­жі­малағаны белгілі. Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаң­ында да әзербайжан ағайындар бауырлас ел ретінде сый-құрметтерін көрсетіп, «Қыз Жібек» лиро-эпостық жырын әзербайжан тіліне аударғаны есімізде.

Байланыс бүгін де берік

Бауырлас ел биыл Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне атсалысуға ниетті екенін де айтпай кете алмаймыз.

Каспий теңізінің айналасындағы өзге үш ел сияқты, Қазақстан мен Әзер­байжан да мұнай, газ сынды дәстүр­лі энергиялық ресурстарды тұты­нып қана қоймай, экспорттау, тасымал­дау бағытында да алға басқан ел екені мәлім. Алайда, «жасыл» энергия­ға көшу заман талабы екенін түсінген елдер бұл бағытта да көштен қалмау­дың қа­мы­на кірісіп кеткен. Астана «Бо­ла­шақ­тың энергиясын» дамытуға күш салса, Әзербайжан тарапы «Өткен­нен бо­лашаққа берілетін қуат» деген ұранмен халықаралық көрмеге қатысады.

Әзербайжанға 2005 жылы ресми сапармен барған Елбасы Н.Назарбаев осы елдің бұрынғы президенті Гейдар Әлиев қорына ат басын бұрып, қор жұмысымен танысып, естелік дәптерге өз жүрегінен шыққан лебіздерін жазып қалдырған-ды. Онда Елбасы «Гейдар Әлиевтің есімі әрқашан халық жүрегінде. Ол – бар ғұмырын халқының өркендеп-өсуіне, елінің қайта жаңғыруына сарп етті, сол себепті де есімі мәңгі жасай береді», деп жазған болатын. Осы жолғы сапарында да Мемлекет басшысы әзербайжанның ұлттық көсемі мен оның жұбайы жерленген зиратқа ат басын тірегенін Әзербайжан Президенті мен ел халқы ыстық ықыласпен қабыл алғаны байқалды.

Тәуелсіздіктің ширек ғасырында өзара тығыз әріптестік қатынастар орнатқан Қазақстен мен Әзербайжан бүгінде аймақтық лидерлердің дәрежесіне көтеріліп, Еуропа мен Азия арасында «алтын көпір» бола алғаны ақиқат. Елбасы Н.Назарбаевтың Каспийдің келесі бетіндегі бауырлас елге ресми сапары осы көпірдің одан сайын бекуіне, Қазақстан-Әзербайжан арасындағы байланыстың одан әрі баянды болуына ықпал еткені анық.

Арнұр Асқар,

«Егемен Қазақстан» – 

Бакуден (Әзербайжан)

Суреттер Президенттің баспасөз

қызметінен алынды


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.09.2018

Елбасы Чан Дай Куангтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

22.09.2018

Жаңа Жібек жолы: Алматы

22.09.2018

Катонқарағай ауданы тұрғынының сібір жарасынан көз жұмғаны расталды

22.09.2018

Сенаторлар сенбілікке шықты

22.09.2018

Б.Бекназаров Әзербайжан Парламентінің 100-жылдығына арналған шараға қатысты

22.09.2018

Мұнайдың әлемдік бағасы өсті

22.09.2018

Лондонда қазақстандық өнер көрмесі ашылды

22.09.2018

Түркия «Қазақстан» журналын шығарды

22.09.2018

Ақтөбеде «Анаға тағзым» орталығы ашылды

21.09.2018

Тимур Жақсылықов Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

21.09.2018

Маман дайындау мәселесі талқыланды

21.09.2018

Астанада тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті

21.09.2018

Бүркітші қыз Айшолпан түскен «Көшпенділер» фильмі көрерменін қуантады

21.09.2018

Павлодарда биыл 1655 жұп қосылса, 1101-і ажырасқан

21.09.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу бойынша жоба әзірленді

21.09.2018

Кәрім Мәсімов терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

21.09.2018

Қостанайлықтар жарықдиодты шыны жолмен жүреді (ВИДЕО)

21.09.2018

Қанат Ислам мақтааралдық жас боксшыларға мастер-класс өткізді

21.09.2018

Алексей Луценко: «Алматы турын» апталық жарыс қылса керемет болар еді

21.09.2018

Бурабайда жаңа мешіт ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу