Бәйге түрлерінен ЭКСПО-2017 кубогы өтеді

Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінде дүние жүзінің мемлекеттері өздерінің ғылым мен техникада қол жеткізген тың жетістіктерімен бөліседі және төл мәдениеті мен өнерін таныстырады. Көрмеге үш айдың ішінде миллиондаған көрермен келеді деп жоспарлануда. Өйткені, бұл бүкіләлемдік шара маңызы жағынан Олимпия ойындары мен футбол чемпионатынан кейінгі орында.
Егемен Қазақстан
01.06.2017 7388
2

Осы орайда, Ұлттық спорт түр­лері қауымдастығының ат­салы­суымен халықаралық көрме ая­сында халқымыздың этностық ерек­­­шеліктерін насихаттайтын ұлт­тық спорт түрлерінен ма­ңыз­ды жарыстар өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлады ҰСТҚ бас­пасөз қызметі. 
Осындағы көрме сә­нін келті­ре­тін дүбірлі бәсекелердің бірі – Қазақстан Респуб­ликасының Пре­зиденті Н.Назарбаевтың жүл­де­сіне арнал­ған бәйге түр­лерінен ЭКСПО-2017 кубо­гының өтуі. Алдағы 10 маусымда ашылу сал­танаты жоспарланып отырған көрменің келесі күні, яғни 11 маусымда елордадағы «Қазанат» атшабарында аталған жарыс жалауын көтереді. 
Алғашқы болып 25 ша­қы­рым­дық қашықтыққа ауыз­ды­ғы­мен алысқан аламан бәй­генің сәйгүліктері жіберіледі деп кү­тілуде. Одан кейін 2,4 және 1,8 ша­қырымға шабатын ұшқыр жүй­рік­тердің арыны анықталады. Келесі кезекте 15 шақырымдық топ бәйге тұлпарлары сынға түссе, іле-шала 7 шақырымдық құнан бәй­­генің бәсі қызады. Соңында кө­рермен қауым тайпалған жор­ға­лар жарысын тамашалай алады. 
– Тек бұл жарыстармен шек­те­ліп қалмаймыз, – дейді Ұлт­тық спорт түрлері қауым­дас­ты­ғы­ның бі­рінші вице-пре­зиденті Ерлен Оспанов. – Жоғарыдағы жа­рыс түр­лерінің жалғасы ретінде тамыз айының 11-13-і күндері жамбы атудан «Алтын жебе» атты ха­лық­аралық турнирі өтеді. Оған кемінде 20 мемлекеттен садақшылар шақырылып отыр. Бұлардың бәрі жамбы атуды біз бекіткен ереже бойынша орындайды. Яғни, әлем мергендері қазақтың байырғы жауынгерлік өнерімен танысып, ат үстінде шауып келе жатып нысана көздейді.

– Ерлен Әбілханұлы, бұл жақ­сы жаңалық екен. Жоға­ры­дағы ЭКСПО-2017 көрмесі қыр­күйек айына дейін жал­ғасады емес пе? Басқа қандай жос­­парларыңыз бар?

– Жоспар көп. Атап айтар бол­сақ, тамыз айының 16-18 күн­дері Астана қаласында ауда­рыс­пақтан әлем кубогы жолын­да­ғы халықаралық тағы бір жа­рыс өтеді. Тамыз айының 20-28-і аралығында көкпардан әлем чем­­пионатын өткізу жайлы ше­шім қабылданды. Бұдан бас­қа қыр­күйек айының басында ел­ордада тоғызқұмалықтан әлем бі­ріншілігі өтеді.

– Жоғарыдағы жарыстарды өткізу және ұйымдастыру ісіне сіздерден басқа жауапты қандай мекеме-ұйымдар бар?

– Халықаралық көрме аясында өтетін жоспарлы жарыстарға Мәдениет және спорт минис­трлігі өте үлкен қолдау көрсетіп отыр. Ал ұлттық сайыс барысын жа­ңа­дан құрылған Түркі халық­та­рының дәстүрлі спорт түрлері қау­ымдастығы қадағалайды. 

– Соңғы жылдары дәстүрлі өткізіліп келе жатқан «Алтын тұлпар» аламан бәйгесін биыл қай уақытқа жоспарлап отырсыздар?

– Биыл төртінші мәрте ұйым­дастырылатын 51 шақы­рымдық «Алтын тұлпар» аламан бәйгесін өткізуді 3 қыркүйекке жоспарлап қойдық.

Бекен Қайратұлы,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Энергия үнемдеу жобаларын іске асырудан түсетін жыл сайынғы үнем 3,5 млрд теңгені құрайды

19.11.2018

Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

19.11.2018

Жыл басынан бері қазақстандық және шетел әуе тасымалдаушылары 13 жаңа бағытты ашты

19.11.2018

QazaqGeography съезі ұйымның жаңа кеңсесінде өтті

19.11.2018

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік төзімділік саммитіне қатысты

19.11.2018

Дін саласының жағдайы туралы баяндаманың қорытындысы жарияланды

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

19.11.2018

Теміртауда Президенттік пән олимпиадасы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу