Базалық мөлшерлемеге қарай түзелу

Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы ағымдағы жылғы 24 ақпанда ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі туралы қаулы қабылдады. Осы шешімге сәйкес, 2017 жылғы 1 сәуірден бастап ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің мәні (қазір 5,5%- ды құрайды) базалық мөлшерлеменің мәніне (ағымдағы мөлшері 11%) тең болады. Болашақта базалық мөлшерлеменің өзгеруі ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің автоматты және синхронды түрде өзгеруіне алып келеді.
Егемен Қазақстан
30.03.2017 1066
2

Осы тақырып бойынша халық­тан көптеген өтініштің түсуіне байланысты ҚР Ұлттық Банкінің ең жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарын келтіреміз.

– Базалық мөлшерлеме мен қайта қаржыландыру мөлшер­лемесі арасындағы айырмашылық қандай?

– 2015 жылы инфляциялық таргеттеуге көшу Ұлттық Банк құрал­дарының және әсіресе, ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің рөлі мен орнын едәуір өзгертті. Ақша-кредит саясатын жүргізу кезінде ақша құнын реттеу бойынша операциялар және тиісінше базалық мөлшерлеме алдыңғы орынға шығады, ал бұрын өтімділік деңгейін реттеу үшін пайдаланылған ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің рөлі фискалдық функциялар жағына қарай орын ауыстырды. Мәселен, базалық мөлшерлеме 2015 жылғы қыркүйекте енгізілді және Ұлттық Банктің ақша нарығындағы бір күндік операциялар бойынша нысаналы мөлшерлемесі немесе басқаша айтқанда, нарықтық мөлшерлемелер үшін Ұлттық Банктің инфляция бойынша мақсатына қол жеткізілетін бағдар болып табылады. Базалық мөлшерлемені өзгерту экономикадағы теңгедегі қаражаттың құнында және нәтижесінде инфля­цияға әсер етеді. Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер қабылдаған кезде инфляция және халықтың инфляциялық күтулері бойынша нақты және болжамдық көрсеткіштер есепке алынады, сыртқы және ішкі нарықтардағы инфляциялық тәуекелдерге және қаржы жүйесі тұрақтылығының тәуекелдеріне әсер ететін үрдістер қаралады. Осылайша, қазіргі кезде базалық мөлшерлеме ақша нарығындағы ақшаның нақты құнын айқындайды және Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының негізгі құралы болып табылады.

Қайта қаржыландыру мөлшер­лемесіне қатысты айтатын болсақ, «Қазақстан Республикасының Ұлт­тық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес ол ақша-кредит саясаты құралдарының бірі болып табылады және 1992 жылдан бастап белгіленеді. Алайда ол бойынша шешім соңғы рет 2012 жылы қабылданды. Сол уақыттан бері ол өзгерген жоқ және оның деңгейі 5,5%-ды құрайды. Осы­лайша, 2012 жылдан бас­тап ресми қайта қаржыландыру мөл­шерлемесінің деңгейі осы кезеңде бақыланып отырған инфляция деңгейіне және инфляциялық күту­лерге, елдегі ақша және валюта нарықтарының жалпы жай-күйіне қарамастан, өзгеріссіз қалып отыр. Яғни, өзінің заңнамалық тұрғыда бекітілген мәртебесіне қарамастан, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі іс жүзінде елдегі ағымдағы ақша-кредит жағдайын көрсетпейді. Бүгінгі күні қайта қаржыландыру мөл­шерлемесі көбінесе фискалдық функцияны орындайды, бұл ретте осы функция оған бұрын да тән болды. Ол шығынды өтеу және алынбай қалған пайданы есептеу үшін өсімпұл, айыппұл есептеу кезінде азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық қатынастарда пайдаланылады, тиісінше оны қолдану салық және кеден кодекстерінде азаматтық және еңбек кодекстерінде және т.с. көзделген.

– Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін базалық мөлшер­лемеге теңестіру не үшін қажет және неліктен қазір?

–Бұл шешім экономиканың әртүрлі сегментінде ақшаның құнын теңестіруге арналған. Қазір ақша нарығындағы ақша құны базалық мөлшерлемемен айқындалады, ол жақында 11% деңгейге дейін төмендетілді. Ал ресми қайта қаржы­ландыру мөлшерлемесі жоғарыда аталып өткендей, шығынды өтеу және алынбай қалған пайданы есептеу үшін өсімпұл, айыппұл есептеу кезінде азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық қатынастарда пайдаланылады. Бұл ретте ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейі базалық мөлшерлеменің деңгейінен едәуір төмен.

Осылайша, базалық мөлшер­леменің және ресми қайта қаржы­ландыру мөлшерлемесінің ағымдағы деңгейінде экономикалық агенттер үшін тең емес жағдайлар қалыптасады. Экономиканың қаржылық емес секторында алынбай қалған пайданы кредиторлар/алушылар ақшаның нақты құнын көрсетпейтін барабар емес мөлшерлеме бойынша өндіріп алады.

Қайта қаржыландыру мөлшер­лемесінің тұрақты шама болмағанына, оның мәнінің инфляцияның деңгейіне және экономика мен қаржы на­рық­тарындағы ахуалға қарай өзгер­геніне назар аударған жөн. 2000 жылдан бастап 2012 жылғы тамыз аралығындағы кезеңде қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің мәні 6% – 16% аралығында болды, яғни базалық мөлшерлемесінің ағымдағы деңгейінен жоғары болды. 2012 жылғы 6 тамыздан бастап ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейі өзгеріссіз қалды. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің өзгермеуі оның заңнамалық түрде ақша-кредит саясаты құралдарының бір болып табылса да, оны жүргізу кезінде іс жүзінде ешқандай рөл атқармаушылық фактісін көрсетеді.

– Ұлттық Банк осы шешімді қабылдау кезінде басқа елдердің тәжірибесін қарады ма?

– Иә, әрине, біз Ресейдегі мөл­шер­лемелер конвергенциясының тетігін іске асыру тәжірибесін қарадық. Осы қайта қаржыландыру мөлшерлемесін Ресей Банкінің негізгі мөлшерлемесіне теңестіру жөніндегі шара 2016 жылдың басынан, негізі мөлшерлеме сондай-ақ, қайта қаржы­ландыру мөлшерлемесінің мәнінен жоғары болған кезде қолданыла бас­талды.

– Осы шара қайта қаржы­ландыру мөлшерлемесін 2 есеге жуық ұлғайтуға алып келеді, ықти­мал салдарлары қандай болмақ?

– Мөлшерлемелер конвергенциясы бойынша шешім қабылдау кезінде біз кредитордың/алушының заңды мүдделерін және сол сияқты қарыз алушының/ төлеушінің мүмкін­діктерін негізге алдық. Сондықтан біз нарықтағы осы теңгерімсіздікті жою үшін барынша оңтайлы сәтті таңдадық – осы мөлшерлемелер арасындағы айырма базалық мөлшерлеме 17%-ға жеткен кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді.

Ұлттық Банк 2016 жылғы ақпанда басталған дайындық жұмыстары шеңберінде екі мөлшерлеме кон­вер­генциясының ықтимал салдарларын зерделеді. Осы мәселе мемлекеттік органдармен және екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп пысықталды. Біз алған жауаптардың көпшілігіне сәйкес екі мөлшерлеме конвергенциясының оң немесе бейтарап салдарлары теріс салдарларынан айтарлықтай асып түсті. Өзгеріс негізінен салық, еңбек және өзге шарттық міндеттемелер бойынша өсімпұлдың, айыппұл төлемдерінің ұлғаюына қатысты.

Бұл ретте қайта қаржыландыру мөлшерлемесі мәнінің ұлғаюын назарға ала отырып, біз айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеу кезінде қайта қаржыландыру мөлшерлемесін пайдаланудың қолданыстағы тетігін қайта қарауға болады деп санаймыз.


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

Қалам ұшындағы аманат

20.09.2018

Мағжан поэзиясындағы Ұлы Дала рухы

20.09.2018

Каспий жағалауындағы достық думаны

20.09.2018

Ынтымақтастық нығая түседі

20.09.2018

«Үйеңкінің түбінен үйіріп алған, қобызым»

20.09.2018

Текті төріміз Түркістанды түлетейік!

20.09.2018

Ортақ мүддеге ұмтылыс

20.09.2018

Minez adamnyń taǵdyry ma?

19.09.2018

Елбасы көрмесі – Атырауда

19.09.2018

Таразитану қарлығаштары

19.09.2018

Қазақстан мен Гамбия екіжақты ынтымақтастығы дамуға бағытталуда

19.09.2018

Қылқалам шеберінің дара жолы

19.09.2018

Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы тағайындалды

19.09.2018

Сенат Төрағасы Бразилияның жаңа елшісіне тілектестігін білдірді

19.09.2018

Шыны зауытында 4 нысанның жұмысы жүріп жатыр

19.09.2018

Жанат Шаймерденов  «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды

19.09.2018

Алматыда «ANQ 2018» XVI Азия Сапа Конгресі өтуде

19.09.2018

Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Алматы қаласына барды

19.09.2018

Білім жарысында болашақ экономистер

19.09.2018

Петропавлда жылу беру маусымы басталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу