Бекет Махмұтов атындағы дзюдо турнирі мәресіне жетті

Жалынан сыйпатпайтын жылдар-ай… Сол жылдарды көп спортшы қазір сағынышпен еске алады. Дәлірек айсақ, сол жылдары ерекше шапағаты тиген, сәулесі көмескі тартқан ел спортына жарқ еткізіп шоқ тастап, лап еткізген өзгеше бір жанның есімін құрметпен атайды. Жақсылықты ұмытуға бола ма, сірә?!
Егемен Қазақстан
24.04.2017 6706
2

Өткен сенбі, жексенбі күндері Алматыда Қазақ елі Дзюдо федерациясының Құрметті президенті Бекет Махмұтов жүлдесі үшін жастар арасында дзюдодан халықаралық турнир өтті дүрілдеп. Сол турнирдің салтанатты ашылу сәтінде Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов Бекет ағаны алтын медальмен марапаттады. Бұл – 1996 жылғы Атланта олимпиадасы алтын медалінің көшірмесі. Олимпиада комитетінің медалі де табыс етілді. 

Дзюдо турнирінде қаптаған боксшылар... Екінің бірі, егеудің сынығы емес, Олимпиада чемпиондары бастаған мықтылар. Олимпиада чемпиондары Ермахан Ыбырайымов, Бақтияр Артаев, КСРО жеңімпазы Кәрімжан Абдрахманов, әлем чемпионы Галиб Жафаров, ел боксы дәурендеген кезде бас бапкер болған Тұрсынғали Еділов. Алтын балық үйіріндей бұлардың дзюдо турнирінде неге жүргендерін көпшілік жүректерімен сезеді, кейбіреулер аңтарылып қалған.

Тоқсаныншы жылдардың қиын күндерінде спортшылардың жағдайлары да мәз емес еді. Шетелде өтетін жарыстар, елдегі оқу-жаттығу жиындары қомақты қаржыны қажет етті. Сол ауыр кезеңде Бекет Махмұтов Қазақ елі бокс федерациясының тізгінін қолына алды. Сол 1993 жылдан бастап бокстың дәуірлеу, дәурендеу кезеңі басталды. Бекет аға қаржысын да, бар қажыр-қайратын да аямай, түрен салды. Қазақ боксының тынысы ашылды, боксшылар дүр етіп сілкініп шыға келді. Махмұтов 1996-2006 жылдары АИБА-ның 1-вице-президенті болып сайланды. Сол биік лауазымда жүріп қазақ боксшыларын әлемдік додаларда қақпайлаудан, қиянаттан қорғады. Аса беделді ұйымның басшылығында жүргенде қазақ боксшылары буырқанып, бұрқанып шыңға ұмтылды. Әлемнің ең беделді додасы Олимпиададан алтын, күміс, қола медальдармен орала бастады. Бұл жерде Бекет Махмұтовтың орасан зор еңбегі бар. Қандай талант болмасын, бабы келмесе, күндердің күнінде бағы да таяды. Мына жерде атақты боксшылардың жүруінің сыры да осында. Бекет ағаға деген шексіз алғыстарын, ризашылықтарын білдіруде.

«Халық арена» сарайының төрінде төселген үш татами үсті жалын шарпиды. Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Молдова және Қазақ елінің балуандары жауырындарынан бу атқылап, сілкілесіп жатыр. Турнирдің тұңғыш рет өткізіліп жатқанына қарамастан, балуандар саны өте көп. Межелеген 400 балуан орнына 530 татами шеберлері білек түре жетіпті. Тек 60 кило салмақтың өзінде 60, ал 66 килода 67 балуан. Осыдан-ақ турнирге деген ықыласты бағамдай беріңіз. Жанкүйер қарасы да мол.

Ұлт спортының жанашыры Бекет Махмұтов 2009 жылы Қазақ елі дзюдо федерациясының президенті болып сайланды. Өте іскер, қолы ашық басшы дзюдоны да дүрілдетіп көтере бастады. Балуандар әлемдік додаларда бұзып-жарып шыға келді. Кейін бұл іскер де, ойлы басшының беделін құрлықтағылар мойынап, Азия Дзюдо одағының вице-президенті лауазымына сайлады. Асхат Житкеев, Асхат Шахаров, Максим Раков, Ғалымжан Мұқанов, Елдос Сметовтердің Олимпиада, әлем чемпионаттарында Қазақ елінің қасиетті туын желбіреткен жылдар – федерацияны Бекет Махмұтов басқарған алтын кезең. Тек 2009-2012 жылдары жастар арасынан жарқ етіп Азияның 10 чемпионы шықты. Булығып жүрген жас толқын бұрқ етіп жанартаудай атылды. Жанартауға дүмпу берген – осы Бекет аға. Сондықтан да бұл ақсақалға деген спортшылар құрметі ерекше. Әсіресе дзюдо мен бокста.

Осы жылы наурыз айында Орал қаласында жастар арасында бокстан Бекет Махмұтов жүлдесі үшін халықаралық турнир өткізді шапағатын көрген шәкірттері. Енді Алматыда өтті халықаралық дзюдо турнирі ақ жүрек ақсақал құрметіне. Бұл – сонау қиын кезеңде шапағатын, қамқорлығын көрген шәкірттерінің алғысы. Жақсылық ұмытылмаса екен деген сауапты іс. Бұл турнирдің өтуіне ұйытқы болған – Олимпиаданың күміс жүлдегері (Бейжің, 2008 ж.), әлем чемпионатының қола медаль иегері (Мюнхен, 2001 ж.) Асхат Житкеев бастаған дзюдо мамандары.

– Қазіргі жастар білсін, Бекет Махмұтов ағамыздың қандай ақ жүрек, ұлт спортының жанашыры болғанын, – деді Қазақ дзюдо федерациясының даму жөніндегі директоры Асхат Житкеев. – Бекет ағаның жүрегі де қолы да ашық жан. Құрамадағы әр балуанның атын білетін. Үнемі намыстарын қайрап, қамшылап отыратын. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді қаржылай қомақты сыйақы беріп, қанаттандырып отырды. Спортшылардың тарықпауына баса көңіл бөлді. Жарыстарға елден бұрын келіп, елдің соңынан қайтатын. Біз де сол кісінің іскерлік тәжірибесінен үлгі алдық. Жақсылықты ұмытуға болмайды. Шіркін, осындай адамдар көбірек болса екен елімізде.

Турнирге арнайы келген Азия Дзюдо одағының бас хатшысы Мукеш Кумар мен Азия одағының спорт директоры Че Куонг Хон жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, табысты өткенін ықыласпен айтты. Бұл – Қазақ еліндегі дзюдо күресінің даму қарқынына берген баға.

Әзербайжан дзюдо күресі жақсы дамыған ел. Елнур Мамедли, Назим Гусенов сияқты Олмпиада чемпиондары, Ельхом Мамедовтай әлем чемпионы шыққан топырақ. Олимпиада және әлем біріншілігінің жүлдегерлері де жеткілікті.

– Мамыр айында Әзербайжанда «Ислам ойындары» өтеді, ел қазір үлкен дайындық үстінде, – деді команданы алып келген жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Адил Садыков. – Соның бағдарламасында дзюдо да бар. Құраманың бас балуандары Санкт-Петербургтегі Гран-при жарысына кетті. Кейбіреулері шетелде оқу-жаттығу жиынында. Бұл турнирге 3 балуан әкелгем. Үш-үш белдесу өткізді, шамаларының жеткені сол. Турнирдің ұйымдастыру деңгейі өте жоғары, төрешілер де қиянат жасамады. Күні кеше ғана ересектер арасында Еуропа чемпионаты өтті Польшада. Екі алтын, үш қола медаль жеңіп алдық. Осының өзі Әзербайжан дзюдосының деңгейін көрсетіп тұр. Тағы бір айта кететін нәрсе, біз шетелден бапкер де, спортшы да шақырмаймыз. Қайтеміз, шетел маманын асырап, білікті бапкерлер мен өз Олимпиада чемпиондары өзімізде де бар.

Көрші Өзбекстан дзюдосы да жақсы көтеріліп келеді. Бұл елде Олимпиада чемпионы болмағанымен, Армен Багдасаров, Абдулло Тангриев, Ришод Собиров, Диорбек Урозбаев сияқты Олимпиада жүлдегерлері бар. Осы елден қалың қол болып 44 балуан жетті. Турнирдің бірінші күні 1 алтын, 1 қола медальға ие болды. 1996 жылы Атланта олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Армен Багдасаровтың ұлы Артем Багдасаров финалда біздің Қайсар Шамшадиновтан жеңілді.

Қазақ елінің қыздар құрамасы сегіз салмақта да алтын тұғырды меншіктеп алды. Олар: Адия Сайын (44 кг), Ақмарал Науатбек (48 кг), Диана Аипова (52 кг), Аида Карчаева (57 кг), Гүлдерайым Әлмағанбет (63 кг), Перизат Қадірбекова (70 кг), Әмина Расул (78 кг), Нұрғаным Тұршабек (+78кг). Жігіттер құрамасы жеті салмақта алтын тұғырға көтерілді. Олар: Дәмір Болатбеков( 55 г), Марат Жанқожа (66 кг), Барыс Қуан (73 кг), Мадияр Сембаев (81 кг), Алмас Жұмағали (90 кг), Қайсар Шамшидинов (100 кг), Санжар Жабборов (+100 кг). Тек 60 килодағы өзбекстандық Кемран Нурилаев қана ырық бермей, алтын жүлдені жұлып әкетті. Өзбек қызы Нодира Юлдашева (78 кг) мен қырғыз Кристина Нежникова (+78кг) қола медальға қол жеткізді. Ерлер арасында қырғызстандық Асман Акылбекұлы (60 кг), грузиялық Гиорги Базандарашвили (66 кг) және өзбекстандық Адхамжон Ахмедов (90 кг) пен Синдор Нуруллоев (66 кг) қола медальға ие болды. Әзірбайжан, Молдова елдерінің дзюдошылары еңселері түсіп, елге қайтты. Қазақ елінің қоржыны уыс-уыс медаль.


Зейнел ЖЕКЕЙҰЛЫ,

журналист

АЛМАТЫ


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.09.2018

Әдет қалыптастыру оңай ма?

23.09.2018

Тіл ықылассыз істі емес, періште көңілді ұнатады

23.09.2018

«Әкім Тарази шығармашылығының феномені» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

23.09.2018

Қостанайда екі полицей жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды

23.09.2018

Павлодарға Дүниежүзілік Украиндар конгресінің президенті Евгений Чолий келді

23.09.2018

Балалар Евровидениесінде еліміздің намысын Даниэла Төлешова қорғайтын болды

23.09.2018

Энтони Джошуа ресейлік боксшы Александр Поветкинді жеңді

23.09.2018

Астанада ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

23.09.2018

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

23.09.2018

Маңғыстауда VI Халық спорты ойындары басталды

23.09.2018

Астаналықтар заң мәселесі бойынша тегін кеңес алды

23.09.2018

Ақтауда триатлоннан Қазақстан Кубогының финалы басталды

22.09.2018

Жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

22.09.2018

Халықаралық «Ясауитану-2018» байқауы өз мәресіне жетті

22.09.2018

Елбасы елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

22.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

22.09.2018

Елбасы Чан Дай Куангтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

22.09.2018

Жаңа Жібек жолы: Алматы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу