"Білім мен тәрбие негізі ғылымда тиянақталуы тиіс"

Білім беру мен педагогикалық қызметті үйлестіріп отырған КСРО Педагогика ғылымдары академиясы келмеске кеткенде, ел білімінің ұйытқысы болатын келешегі кемел делінген мекеме Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен ірге көтерген болатын. Ол – бұрынғы Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институты негізінде шаңырақ көтерген Ұлттық білім академиясы еді.
Егемен Қазақстан
29.03.2017 7672
2

Осы академияның ашылу салтанатына Мемлекет басшысы өзі қатысып, сәттілік тілеген. Біз осы ғылым ордасының бүгінгі жай-күйі қалай деген сұрақтарды академия президенті Жанбол Жылбаевқа қойдық.

– Біздің мекемеде Назарбаев Зи­ят­­керлік мектептерімен бірлесе оты­рып мемлекеттік жалпыға мін­детті білім беру стандарттарын жа­сау, типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын жетілдіру жұ­мыстары жүргізілуде. Бас­та­у­­ыш, негізгі және жалпы орта бі­­лім беру стандарттары, білім бе­­­рудің үш деңгейі үшін типтік оқу жоспарлары, бастауыш және н­е­­гізгі мектеп үшін типтік оқу бағ­­дарламалары дайындалды. Со­ны­­мен қатар, жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесіне қолдау көрсетеді.

Білім мазмұнын жаңарту бо­й­ынша үйлестіруші семи­на­р­ға ұйыт­қы бола отырып, тәрбие мәселелері бойынша әдіс­темелік материал дайындау­мен шұғылданатын санаулы ұйым екенін еске сала кетсем деймін. Білім және ғылым министрлігі бекіткен «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» сө­зімізге дәлел. «Мә­ң­­гі­лік Ел» жал­пы­ұлттық пат­­рио­т­тық идея­сы­ның негізгі при­­н­цип­терін тү­сіндіруге де қа­тысады. Жыл сай­ын академия «Бі­лім күнінің» бі­рінші сабағын өт­­кізу бойынша әдіс­темелік ұсы­ныс­тар әзірлейді.

– Академия ашылғанда құ­рамында екі институт болған еді. Кейін қысқарып кетті. Есе­сіне бір-бір басшысы бар ор­та­лықтар ашылды. Сол үрдіс кез­інде кей азаматтарға қызмет та­уып беру үшін жасалмады ма деген ой мазалайды...

– Соңғы екі жылда Білім ака­де­миясы мен республикалық ор­та­лықтарды қайта құру тура­лы мә­селе Үкімет пен Білім және ғы­лым министрлігінің назарында. Әр­түрлі нұсқалар қарастырылуда. Нә­тижесінде академияға «Мек­теп­ке дейінгі балалық шақ» рес­публикалық орталығы мен рес­пуб­ликалық «қосымша білім беру ор­талығын» қосу туралы шешім қ­а­былданды.

– Білім саласындағы ре­фор­­­­­ма­лардың көбінде сәт­сіз бо­лып, сынға ұшырап жа­та­ты­­ны ғылыми негізін алдын ала зерттеп, зерделен­беу­ден, ір­гетасының мық­ты қа­лан­ба­уы­нан, өз жағ­дай­ы­мыз­ды еске­р­­мей, тұс­пал­мен өз­гелерден кө­ші­ріп ала салудан бо­лып жат­қан жоқ па?

– Шынтуайтына келгенде, бі­л­ім жүйесін түбегейлі реформа­лауды үш жаңа өзгеріспен бай­ланыстыру керек деп топшы­лаймын. Бірінші, жоғары білім­нің кредиттік жүйеге, екін­ші, 12 жыл­дық мектепке көшу кезін­де, үшін­ші, білім мазмұнын жа­ңар­ту барысын­да. Басқа талпы­ныс­тар мұндай тұтастық сипат­та бо­ла бермейді. Білімнің бұ­рын­ғы маз­мұ­нына сүйеніп, жа­ңа­шыл­дық­ты еп­пен іріктеп алып ілгері жыл­жы­та берген тиімді деген ой­ды ортаға сала кетейін.

– Егер бір замандардағы Ы.Алтынсарин институты се­кіл­­ді академияға бүкіл тәу­­е­лсіз ел­­дің біліміне қатысты бар­­лық мәселелерді зерттеу тап­с­ы­р­ыл­са, сіздер оны алып ке­­те аласыз­дар ма?

– Иә, академия білім саласын­да ғылыми-зерттеулер жүргізумен, бі­лім беру жүйесін реформалау кезінде әдіснамалық және әдіс­те­мелік құралдармен қамтамасыз ету­мен, білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жал­пы­ға міндетті білім беру стан­дарт­­т­арын жетілдірумен шұ­­ғы­л­­данатынын айттым. Ака­де­мияның ғылыми әлеуеті ай­тар­лықтай жоғары. Мұ­ны Мем­ле­кеттік ұлттық ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық сараптама ор­та­лығының гуманитарлық ғы­лым­дар саласында кейінгі жылдары орын­далған жобаларға берген ба­ғасы көрсетіп отыр. Мұндай ел­дік іс алда да дәстүрлі түрде жал­ға­сын таба береді. Білім берудің ғы­л­ыми негізі болуы тиіс деген пікіріңізге қосыламын. Біздің ғылым ордасы қазір осыған жан-жақты мән беріп, ғылыми зертханалар жұмысын жетілдіру үстінде.

– Біз көбінде білім туралы ай­­тамыз, ал тәрбие қалыс қа­лып барады деген ойға білдірер пі­­кіріңіз қандай?

– Өскелең ұрпақ тәрбиесіне келер болсақ, балалар мен жастар сапалы білім алса деген ұмтылыс қа­зір ерекше көрініс табуда. Әлеу­меттік белсенділік, жаңа кә­сіп­­терді меңгеруге тырысу айқын байқалады. Өз елінің тарихына, мәдениетіне және дәстүріне, халқының мәдени мұрасына деген қызығушылық та артып отыр. Жаңа қазақстандық патриотизмге, азаматтыққа, ізгілікке бағ­дар­лан­ған дүниетаным да қа­лып­та­суда. Сонымен қатар, тәр­бие жүйесінде жағадан алған жа­һан­­дану үдерісімен шиеленісіп отыр­­ған бірқатар проблемалар бар. Жастар мен оқушылардың ба­тыстың бұқаралық-мәдени де­­лі­нетін құндылықсымағына елік­­теуі сескентеді. Жас­тар ортасына радикалдық идея­лар мен көз­қа­растардың енуі, әлеуметтік же­тім­дік, суицид, сек­таларға қатысу, т.б. қоғамды қат­ты алаңдатып отыр­ғаны ақиқат.

Мұндай кемшіліктердің не­гіз­гі себептерінің бірі – оқыту про­цесінің тәрбие жұмысынан ба­сым болуы. Мен бұған білім маз­мұнының тәрбиелік әлеуетінің әлі де болса жеткіліксіздігін қосар едім. Дұрыс ұйымдастырылған оқу процесінің өзі де оң тәрбие.

– Әл-Фараби бабамыздың тәр­биесіз берген білімді құмға құй­ған суға теңеуі содан демексіз ғой...

– Әрине. Тағы бір үлкен мә­селе, отбасының тәрбие инсти­туты ретінде рөлі төмендеп кет­кендігі еді. Қоғамда жантүр­ші­гер­лік оқи­­ғалар кездесіп қа­лып жатады. Өз баласының өмі­рін қию, не оны біреуге сату, оқу­шы­лардың бір-біріне жасаған қа­нып­езерлік қыл­мыстары тура­лы айтпай кетуге тағ­ы болмайды. Отбасыларда көп жағ­дайда руха­ни-адамгершілік жә­не ұлттық құн­дылықтар екінші орынға ысырыл­ып қалуда.  Бізге бала тәрбиесіне ата-ана­ның жау­апкершілігін күшейту керек деп ой­лаймын. Отбасы мен мек­тептің бай­ланысын да ны­ғай­та түсу қа­жет. Оқушы балалар мен жас­тар­ды тәрбиелеу ісіне әдіс­на­ма­лық және ғылыми-әдіс­те­мелік құ­ралдар арқылы қол­дау көрсету де өзекті мәселе. Яғ­­ни, тәрбиенің де, білімнің де алда айтқанымдай, ғы­лыми негізі берік болуы керек.

– Оқулықтар, тіл туралы то­лас­сыз әңгімеге отандық бі­лім ака­демиясы президентінің тұ­жыр­ымы қандай?

– Несін жасырамыз, кезінде оқу­лық дайындау ісі жарысу­шы­лар алаңына айналды. Бас­па­лар авторлық құқыққа, өзі рет­тейтін күшке ие болды. Бұл алғашында бас­палар арасындағы бәсекелестікті кү­шей­теді, оқулықтардың сапа­сын жақсартады деген оймен жа­салынған еді. Иә, бұл ниетке бел­­гілі бір дәрежеде қол жеткізілді. Қазіргі кезеңде мектептік білім жүйесі балама оқулықтан бас тартып, базалық оқулықтарға көшуде. Жаңартылған білім маз­мұны 30 қанатқақты мектепте сынақтан өтіп жатыр. Әр­түрлі баспалар дайындаған оқу­лықтар да сынақтан өтуде. Елі­міз­дің бі­рін­ші сыныптарында мұғалім-пра­к­тиктер таңдап ал­ған базалық оқу­лықтар қол­данылуда. Бұл оқу­лықтардың дәс­түрлі оқу­лық­тар­дан түбегейлі айыр­ма­шы­лық­тары бар. Біртіндеп, 4 жыл ішінде барлық сыныптарда оқу­лықтар ауыстырылатын болады. Айтылып жатқан сындар алда ескеріледі. Сұрақтың екінші бөлігі үш тілде оқытуға байланысты сияқты. Академия үш тілде білім беруді дамытудың жол картасын дайындауға қатысты. Қазіргі кезде қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту әдістемесі жа­ңар­тылуда. Басты салмақ оқы­тудағы қарым-қатынасқа тү­седі. Тіл теориясы мен грамма­ти­касы ба­рынша азайтылған. Жа­ңар­тыл­­ған білім мазмұнының оқу бағ­­дарламалары осы қағидаға ба­ғытталған. Мемлекеттік тілді дең­гейлеп оқыту – қазақ тілін шын мәнінде терең білуге әкелуі тиіс.

– Ұстаз беделі, білім сапасы жай­лы байламыңызды да біл­сек деп едік.

– Өкінішке қарай, мұғалім мамандығы беделді мамандықтар қатарына жатпайды. Соңғы жыл­дар­ы бұл мәселе кеңінен тал­қы­лана бастады. Белгілі бір шаралар да қабылдануда. Мысалы, педа­гогтік жоғары оқу орында­рына қабылдау шарттары өз­гер­ді. Талапкерлер қосымша шы­ғармашылық емтихан тапсыр­ды. Әрине, бірінші кезек­те пе­дагогтарға еңбекақы төлеудің қа­­­зіргі үрдісін өзгерту керек. Мұ­н­­дай шарасыз басқа іс-әре­кет­­­тің бірде-бірі айтарлықтай нә­­­т­иже бере қоймайды. Бі­лім алу­­шылардың оқудағы же­тіст­ік­тері туралы PISA-2012 ха­лы­қ­а­ра­-

лық зерттеу нәтижесіне қа­ра­­саңыз, Қазақстанның 15 жасар оқу­­шылары математика бойын­ша белгіленген деңгейден 62 балға, жа­­ратылыстану-ғылыми пән­дер­ден 76 балға, оқу бойынша 103 бал­ға қалып қойған. Сөйтіп, қазақ­стан­дық мектеп оқушылары оқу сауаттылығы деңгейі жөнінен 65-орыннан 63-ші орынды, математикадан 49-орынды місе тұтқан.

Экономикалық ын­ты­мақ­тас­­тық және даму ұйымының Қазақстан­дағы орта білімнің жа­й­ына жасаған шолуында ака­де­миялық пәндерді оқытуда тео­рия­ға басымдық берілетіндігі, пра­к­тикада сол теорияны жү­зе­г­е асыру мүмкіндігіне көп кө­ңіл бө­лін­бейтіндігі, соның нәти­же­сін­де оқушылар алған білімдерін қа­жетіне жеткілікті дәрежеде қол­да­нуға қабілетсіз екендігі туралы қо­рытынды шығарған. Бұл да ой­лануға тұрарлық мәселе.

Әңгімелескен

Сүлеймен Мәмет,

«Егемен Қазақстан»



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.01.2019

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

19.01.2019

Мақтаарал ауданында диқаншылық басталды

19.01.2019

Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан аумақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр

19.01.2019

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 33 шетелдік еліне қайтарылды

19.01.2019

​СІМ басшысы Тәжікстан елшісін қабылдады

19.01.2019

​Қазақстанның Елшісі НАТО Бас хатшысына Сенім грамоталарын тапсырды

19.01.2019

Рейтер: Трамп пен Ким Чен Ын ақпанда кездеседі

19.01.2019

Алматыға Катардан алғашқы жүк рейсі келді

19.01.2019

Ақмолалықтар мүгедектер үшін автобустардың қолайлылығын бақылауда

19.01.2019

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

19.01.2019

Филиппиннің ең бай адамы қайтыс болды

19.01.2019

Қазақстанда «ақылды қала» пайда болды (видео)

19.01.2019

«Нұр Отан» мектеп асханаларын жалға алушыларды тексерумен айналыспайды

19.01.2019

Балалар Евровидение — 2019 байқауы Краков қаласында өтеді

19.01.2019

Локомотивтерді жөндеу толық орындалды

19.01.2019

Мексикада құбыр жарылып, 20-дан астам адам қаза болды

19.01.2019

Мәжіліс депуттары Түркістандағы тарихи орындарды аралады

19.01.2019

Маңғыстаулық жас кәсіпкерлер бас қосты

19.01.2019

Оралда өзен аңғарына 6 тонна сиыр терісін төккендер анықталды

19.01.2019

Түркістанда Мәжілістің Әлеуметтік – мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу