Білімдінің дәурені жеткен кезең

Өзекті де өміршең өн­егеміздің өлмес қағи­да­сын өзек еткен Елба­сы­ның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқы­ғанда, кезеңнің кезегін күткен келелі мәселесінің күрмеуін шешетін күрделі дүние екенін түсіндік. Болашақ бағ­дарын парасатпен байыптап, кезегімен келіс­тіре отырып, атты болдыртпай, ар­баны сындырмай, ілгерілей жыл­жудың тиімді тәсілін түйсінтетін тұшым­ды тұспалды да, туғанына жақпаса да тура айтылған ақиқатты да аңғардық. 
Егемен Қазақстан
23.05.2017 2581
2

Өзіңді-өзің жаттай сыйлағанда жатты жаннан түңілдіру емес, тегіңнің тереңдігін ұғын­дыру, тұңғиығына үңілдіру екенін ерек­­ше тәптіштеп, термелеп, таразылап, тілге тиек, ойға оттық боларлықтай жол сіл­теген. 
Толғағы пісіп, толғауы тоқсан толқытқан елдік тілдің тетігін түзейтін әліпбиді өзгер­туд­егі түйткілдің түйіні шешіліп, нар-тәуе­келдің тұсауы кесілгені келешектің көк­жиегін кеңейте түскендей ойымызды серпілтті. Латын әліпбиіне көшу әлемдік үнмен үндесіп, елдік тіл­де тілдесудің яғни, бүтін­деле түсудің басты кепілі бол­мақ. Азаматын білікті ету, бүкіл қоғамның кө­шін көлікті етудің негізі екен­дігінің айшықтала айтыл­ғаны арқаландыра түсті.
Ең бастысы, «Ке­мең­герге де кеңес керек» деген хандардан жеткен қа­­ғи­­даның көнер­меге­нін ұғындық. Шығыс дана­лары­ның «Дүниедегі бар нәр­сені білетін – халық. Халық­тың білгенін біле­тін жан әлі анасынан ту­ған жоқ», деген өзекті өсиеті бағдардың өн бо­йында өрбіп отырғандай. Мақалада ақыл айтудан гөрі ақылдасудың, ақылдаса отырып ақылға ақыл қосудың жүйелі же­лісі, даналықтың алтын арқауы үзіл­мегендігін байқатады. 
Қос дәуірдің тоғысқан тоғыз та­рауында өз жолыңды айқындау алагеуім аласапыран заманда адасу­дан сақтайтыны сарапталған. Жа­һанданудың жал-жал толқынына жұтылып кетпейтіндей жігерді жанып, намысты қамшылай түскен. Әрбір адам өзін өзі тауып, заманның талабына сай бейімделе бастауы керек дей келе, өзгеру деген өзгеге еліктеу емес, өзін-өзі тану, өзіне-өзі сену, яғни өзіне-өзі келу екендігін ерекше еске салады.
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» – ұлы Абай ардақтаған өнегенің жалғасындай өзгені өгейсітпей, өзіңді сыйлата білудің де қыры мен сыры сындарлы оймен бекітілген. Өткеніміздің өрелі өнегесін өркениеттің өріне талпындыратын да өзімшілдік емес, өзімізге ғана тән табиғатымыз, діңі берік діліміз, дәстүрімізге сай дініміз қағидасы дөп басып айтылған.     
«Жеті ғаламның сырын біл, жеті жұрттың тілін біл, өз тіліңді қастерлеп, өзгелерге ұғындыр» деген жетелі жұрт­тың деңгейіне қалай жетудің де тәлімді тәсілі егжей-тегжейлі дәйе­гімен дәлелденген. 
Өнеріміздің өрісін өсіріп, өнегенің бас­тауындай қастерлеп, рухани асыл мұ­ра­­мыздың деңгейін мойындату  құнды­лық­тарымыздың құнын пайымдата отырып дәріптей білуге де өзіндік мән берілген.
Дәстүрдің тозаңынан сілкініп, озы­ғын ойға тоқып, көрпеңе қарай көсілудің, мен­мен­суден, дарақы­ла­нудан, ұрда-жық әпер­бақан мінезден сақ­тайтын халқымыздың «Тар­та же­сең тай қалар, қорқа жесең қой қа­лар» деген есті ескертуі ережеге айнала түскен­дей. 
Білімдінің дәурені жеткен, білек­тінің кезі өткен кезеңнің бәсекесіне бә­сіңді жібермеу, үйренгеніңді еліңе үйрете білу біліктіліктің шыңы болмақ. 
Дүниені дүр сілкінткен дүлей дауылдың екпіні, тегеуріндінің текпіні санамызды сансыратса да рухымызды күйрете алмады. Қиянаттан қиялай өтіп қияметтен аман қалған қайсар жұрт сүрлеуге сүрініп, шал­ғынға шалынып, соқпаққа соғылып, даму­дың дара жолына ұмтылған ұтымды уақытта тарихтың сабағын саралай, барын бағалай, асылын даралай білудің дара тәсілін та­будың да мәні асты сызыла көрсетілген.
«Жел тілегеннің дауылға ұры­на­тыны» ұрда-жық «ұраншыл­дардың» даңғаза дау-дамайынан басталатыны да елеусіз қалмаған.
«Кісі елінде күркірегенше, өз еліңде дүркіре» дейтін мақалдың да мә­нін аша түсетін «туған жерге туың­ды тік» бағдарламасы уақыт талабына сұранып тұрған таңдаулы жол деп ұғындық.
Дара тұлғаларды тұғырына қон­дыру арқылы жас ұрпаққа үлгі беру де қаперде ұсталған. 
Болашақ бүгіннен басталады десек, тұ­тас­тықтың кепілі, көш бастаған көсемнің, сөз бас­таған шешеннің, тамыры терең салтымыздың, рухы биік халқымыздың қадірін қастерлей білу өз­гер­мес өсиетке айналмақ. Демек, аталы сөздің ай­тылмағы – арысқа серт, қабылдануы – халыққа серт. 

Ғалия ҚАЙДАУЫЛҚЫЗЫ АЙУПКЕЛІНІ,
«Алтын Арқау» мәдени-
этно­графия­лық әйел­дер қоғамдық бірлес­тігінің төрайымы

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу