Бір әулеттің қос қыраны

Егемен Қазақстан
19.01.2017 151
3

Korganbek-aga-3777Бірі – Аманкелді батырдың сай­ып­­қыран сарбазы болған, екіншісі –Арқалық қаласының алғашқы қа­зы­ғын қаққан Он алтыншы жылдың от-жалы­нын­да Аманкелді Имановтың ержүрек сар­базы, атақты мергендерінің бірі Назарбек Адырбайұлы болған екен. Кө­терілісшілер сапына келіп қосылған кез­де Назарбек 27 жаста болса керек.  Торғай уезінде екі кластық мектепті бітіріп, Қорғасындағы ағылшын зауытында бірнеше жыл жұмыс істе­ген­діктен көкірек көзі де ашық. Зауыт ұстасына екі мылтық соқтырып алып, Әбдіғаппар хан мен сардар Аманкелдінің қосынынан табылды дейді. Әйгілі мыңбасылар Кейкі, Өтен, Қосжандардың қатарында болады. Әрі мерген, әрі батыр, жас жігіт Күйік, Доғал, Жосалыдағы соғыстарда ерекше ерлік көрсетеді. Сардар оның қасына жүз сарбаз қосып беріп, шолғынға шы­ғарып, талай қиын тапсырмалар жүк­тейді. Жас қыранның жазалаушы­лар жасағымен болған шайқаста қаза тапқанын естіген Аманкелді батыр «Бірге өлетін серігім осы болар деп ой­лайтын едім, әттеген-ай!» деп қатты қа­мығыпты. Содан 1917 жылғы ақпанда ауылына арнайы барып, оның шейіт болғанын шешесіне естіртіп, көңіл айтады. Кейін ұлының сүйегін жеткізіп, ол әкесі Адырбайдың қасына жерленеді. Торғайдың Шәкәрімі атанған үлкен тұлға, ірі ақын Файзолла ишан Сатыбалдыұлының «Дауылда ұшқан жас қыран» дастаны жас батырдың рухына арнап мүсінделген бірден-бір ескерткіш және ерлігінің алғаш хатқа түскен айғағы. Міне, осындай ұлт азаттығы үшін жан қиған батыр сарбаз Назарбектің есімі қастерленуі тиіс деп ойлаймыз. Бірақ, әлі күнге дейін оның аты-жөні Торғай көтерілісіне қатысушылардың тізімінде де жоқ көрінеді. Боздақтың есімі Арқалық қаласының мұражайынан және Аманкелді ауданының орта­лығындағы Аманкелді Иманов мұра­жайынан лайықты орын алса деген тілек бар. Әрі Аманкелді кентінің бір көшесіне Назарбек Адырбайұлының есімі берілсе, аруақ разы болып, рухы шаттанар еді. Аманкелді сарбазының туған інісі Дүйсенбек Адырбайұлы да әкеден алты айлығында, қамқор ағадан жеті жасында айырылып, анасы Бозжеткеннен отыз екінің нәубетінде көз жазып, тауқыметті көп көреді, тағдыр тезінде шыңдалады. 1932 жылы Ташкент құрылыс техникумына оқуға түседі. Оны бітірген соң Шыршық құрылысына жолдама алады. Тасқалаушылықтан бастап, көп ұзамай құрылысшылардың бригадирі болады. Ашаршылыққа ұшырап, тарыдай шашырап кеткен Торғайдағы ағайындарды жұмысқа тұрғызып, ризық-несібесіне жол ашады. Дүйсенбектің бригадасы үсті-үстіне толығып, озат құрылысшы ретінде бүкіл Өзбекстан бойынша атаққа шығады. Байыптап қарасақ, Д.Адырбайұлы қазақтан шыққан алғаш­қы кәсіби құрылысшы екен-ау. 1936 жылы Әліби Жангелдиннің септесуі арқасында бес вагонға артынып-тартынған 42 отбасы, күллі бригадасымен елге қайтып, Ақмолаға көшіп келуі де аңыз болған ерлігі еді. Сөйтіп, Дүйсенбек Адырбаевтың Қазақ темір жолындағы алғашқы ұлттық құрылысшы кадры ретіндегі ұзақ жыл­дарға созылған жемісті қызметі бас­талады. Оның ысылған бригадасы Ақмола, Бурабай курорты, Тайынша, Қызылжар стансаларында жауапты нысандар мен тұрғын үйлер тұрғызады. Бригада 1940 жылы атақты Ақмола-Қарталы темір жол бойының құрылысына шақырылады. 1941 жылдың желтоқсанында Ақмола-Қарталы темір жолы еңбек майданы болып жарияланады. 1948 жылға дейін 680 шақырымдық темір жол төсеп, стансалар мен көпірлер, депо салады. Бригадасымен бірге Дүйсенбек Адырбайұлы үлкен абыройға жетеді. Ал 1955 жылдың қыркүйегі Дүйсекең үшін тарихи сәт болғаны рас. Аманкелді аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Т.Бодамбаев, экспедицияның саяси бөлімінің бастығы М.Бүркітов және Дүйсенбек Адырбаев үшеуі болашақ Арқалық қаласының орнын белгілеп, алғашқы қазығын қақты. Сол жерде Дүйсекеңнің бригадасы салған алғашқы төрт үй бой көтерді. Зейнетке шыққан кезінде де ғибрат­ты, саламатты істердің басы-қасынан табылды. Өзі құрметті азаматы атанған Арқалықта мешіт ашылуына ұйытқы болды. Ал 1990 жылы Торғай облысы қайта шаңырақ көтергенде аймаққа келген Елбасын ұшақтан қарсы алған топтың ішінде Торғай халқының арман-тілегін жеткізіп, ақ бата берген абыз ақсақал да Дүйсенбек Адырбайұлы болатын. Мұн­дай өнегені ұмытуға бола ма? Өзі ал­ғаш­қы қазығын қағып, бастап салған Ар­қа­лықтың бір көшесі осы кісінің атына неге берілмеске? Мұражайын да неге ұлық­тамасқа? Құрметті темір­жол­шысын ар­дақтаудан Қазақстан темір жолы мекемесі де сырт қалмағаны дұрыс-ау. Иә, қазаққа қызмет еткен Адырбай­дың қос қыраны туған елі мен жерінде құр­метке лайықты.

Қорғанбек АМАНЖОЛ,

«Егемен Қазақстан»    

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.11.2018

Аустрияның Санкт-Пёлтен қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

12.11.2018

Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы музыкалық байқау өтеді

12.11.2018

Атырау облысында жыл соңына дейін 30 әлеуметтік нысан іске қосылады

12.11.2018

«Түркілердің атасына» көрсетілген құрмет

12.11.2018

Өскемен қаласының көшелеріне Әміре Қашаубаев пен Қалихан Ысқақтың аты беріледі

12.11.2018

Румынияда қазақ киносының фестивалі өтті

12.11.2018

Атырау облысында 1720 кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын көтереді

12.11.2018

Атырауда «1st Grand Ball Atyrau» қайырымдылық балы өтті

12.11.2018

Парижде үш жылға созылған төрелік дау Қазақстанның пайдасына шешілді

12.11.2018

Ақтөбелік қыз Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертіне қатысады

12.11.2018

Ыстамбұлда Д.Кәлетаев шетелдік қазақ ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді

12.11.2018

Ақтөбе мен Челябі ынтымақтастық туралы келісімге келді

12.11.2018

Алматы әкімі қаланың қыс маусымына дайындығын тексерді

12.11.2018

Парижде Трамп, Путин, Макрон және Меркель бірқатар мәселелерді талқылады

12.11.2018

Қазақстан Ауғанстан жөніндегі отырысқа қатысты

12.11.2018

Америкалықтар Қостанай облысына инвестиция салғысы келеді

12.11.2018

Қазақстандық ару Miss Asia Global титулын жеңіп алды

12.11.2018

«Астана LRT» ЖШС орталық кассасы бүгіннен бастап жаңа мекен-жай бойынша жұмыс істейді

12.11.2018

Денис Никиша шорт-тректен әлем кубогінде үздік төрттікке енді

12.11.2018

Калифорниядағы орман өрті: Парадайс қаласы жанып кетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

Сайын БОРБАСОВ, саяси ғылымдар докторы

Halyqaralyq bedel jáne syrtqy saıasat

Álemdik úrdister jyldamdap, halyqaralyq qatynastar shıeleniske túsken zamanda tıimdi syrtqy saıasatty iske asyra alǵan memleketter tabysty damıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу