Биылғы «Қазақстан барысы» турнирінде қандай өзгеріс бар?

Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан  барысы» VII республикалық турнирінің баспасөз мәслихаты өтті.
Егемен Қазақстан
28.06.2017 4110
2

Жиынға қатысқан Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қалетаев, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин турнирдің жаңалықтарымен бөлісіп, атқарылған жұмыстар туралы баяндап берді.

Осы жылдың басты өзгерісі ретінде жарыстың өткізілетін орнын айта кеткен жөн. «Қазақстан барысы» турнирінің финалдық кезеңі биылдан бастап «Сарыарқа» велотрегінде емес, 2015 жылы салынған «Барыс Арена» мұз сарайында өтеді. Арман Шораевтың айтуынша, жанкүйерлер «Барыс Аренадан» боз кілемдегі бәсекені жақыннан тамашалай алады екен.

«Сарыарқа» велотрегіне ешқандай өкпеміз жоқ. Қай кезді алып қарасақ та турнир жоғары деңгейде өтті. Ал, «Барыс Аренаға» биылдан бастап ауысуымыздың басты себебі – бұл спорт сарайы күрес спорты үшін өте тиімді. Нақтырақ айтқанда, жанкүйерлер үшін өте ыңғайлы», дейді Арман Төлегенұлы.

2017 жылдың тағы бір өзгерісі – финалдық бәсекеде қызмет ететін төрешілер. Олар жаңа ережеге сай, алдын ала 200 000 теңге жарна төлеу керек. 

«Биылғы турнирге еліміздің әр аймағынан 12 төрешіні шақырдық. Одардың тек алтауы ғана «Қазақстан Барысының» финалында төрелік ететін болады. Егер төрешілеріміз әділдік танытып, міндетін дұрыс орындай алса, турнир соңында өздері төлеген жарна үстінен тағы да қосымша 350 000 теңге сыйақы алатын болады. Керісінше жағдайда, төленген жарна қайтарылмайды және қосымша шара да қолданатын боламыз», деп мәлімдеді федерацияның бас хатшы Сәрсен Құранбек.

Сонымен қатар, болашақта «Қазақстан барысы» турнирінің іріктеу кезеңі рейтинг арқылы өткізілуі мүмкін. «Себебі, еліміздің кей облыстарында қазақ күресі дамып келе жатса, кей өңірлердің деңгейі төмендеп кеткен. Ал дамымаған аймақтардан жыл сайын «Қазақстан Барысына» қатысқанымен, ешқандай нәтиже көрсетіп жатқан жоқ. Сол үшін жақсы нәтиже көрсетіп жатқан облыстың балуандар санын көбейту үшін өңірлердің рейтингіне қарайтын боламыз», деп атап өтті А.Шораев.

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин «Қазақстан барысы» турнирінің телетрансляциясы Геннадий Головкиннің көрілімінен көп болмаса, одан кем емес дейді. «Қазақстан барысы» турнирін Қазақстан аумағындағы трансляция рейтингін Геннадий Головкиннің жекпе-жегімен салыстыруға болады. Тіпті, қаралым саны бойынша асып түсуі де мүмкін», деді.

«Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін чемпионы Бейбіт Ыстыбаев биыл жарысқа қатыспайды. Ол күз мезгілінде өтетін «Әлем барысына» дайындалуда. Сондықтан, ұйымдастырушылар биылғы турнирде жаңа есімнің шығатынына сенімді.

Алдағы турнирдің жүлде қоры да қомақты. Жеңімпаз атанған балуанға алтын белбеу және алтыннан құйылған «Тайтұяқ» табысталады. Екінші және үшінші орынға күміс және қола белбеу беріледі. Сонымен қатар, әр белдесудегі жеңіске 100 мың теңге қаржылай сыйақы тағайындалған. Ал, үшінші орын иеленген балуанға бір миллион 800 мың, бапкеріне 900 мың теңге. Екінші орынға бес миллион 500 мың, бапкеріне бір миллион 800 мың. Бірінші орын иеленген балуанға 25 миллион, бапкеріне үш миллион 500 мың теңге табысталады.

Еске сала кетейік, биыл жетінші мәрте өткелі отырған «Қазақстан барысы» республикалық турнирі 2 шілде күні «Барыс Арена» спорт сарайында Астана уақытымен сағат  12:00-де басталады. Оны «Қазақстан» және «Қазспорт» телеарналарынан бөлек, ресейлік «Матч! Планета», «Боец», «Бокс ТВ» және Түркияның «ТРТ Аваз» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

 

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.09.2018

Сенат комитетінде діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері туралы заң жобасы қаралды

25.09.2018

Игорь Чжан: Велосипедтің кесірінен жүлде алмадым

25.09.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS рейтингінде тағы да алға жылжыды

25.09.2018

142 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

25.09.2018

Жақсы өсім - нәтижелі жұмыстың кепілі

25.09.2018

Инвесторлармен ортақ келісімге келді

25.09.2018

«Egemen Qazaqstan» газетінің журналисі марапатталды

25.09.2018

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымын нығайтуға және реформалауға шақырды

25.09.2018

Қазақстан Нельсон Мандела Бейбітшілік саммитіне қатысты

25.09.2018

Астана тұрғыны 10-қабаттан құлаған баланы тосып алды

25.09.2018

Қ. Қасымов ұялы телефондар ұрлығының жолын кесу шаралары туралы айтып берді

25.09.2018

Назарбаев Университетінде тың жобалар таныстырылды

25.09.2018

Нәубәт Қалиев қайтыс болды

25.09.2018

Үкіметте өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы мақұлданды

25.09.2018

АӨК цифрландыру аясында 20 цифрлық және 4000 дамыған ферма құрылады

25.09.2018

Жағажай волейболынан әлем чемпионатының іріктеу турнирі өтеді

25.09.2018

«Барыс» Мәскеуде «Динамоны» ұтты

25.09.2018

Бүгін Бакуде белдескен қос балуанымыз ұтылды

25.09.2018

«Хат қоржын» (25.09.2018)

25.09.2018

Солтүстік Қазақстан полицейлері Тілдер фестивалін өткізді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tirshilikti mádenıet bıleıtin qoǵam

Osy ýaqytqa deıin jeke adamnyń tirshiligin, turmys jaǵdaıyn onyń bilimi men eńbekqorlyq qasıetiniń bılep kelgendigi belgili. Adamdar kóp jaǵdaıda qoǵamnan bilimine saı oryn alyp otyrdy. 

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу