БОКСШЫЛАР БАҚ СЫНАЙДЫ

Егемен Қазақстан
16.01.2010 2179
Бүгін Астанада ересектер арасында бокс­тан кезекті Қазақстан чемпионаты баста­лады. Мұндағы бірнеше күн­нен бері керіліп тұрған шаршы алаңда 23 қаң­тарға дейін еліміздің жер-жерінен жиылған бы­лғары қолғап ше­берлері бақ сынасатын болады. Қазір екі айдан бе­рі ұлттық құра­маның бас бапкері қызметін осы кезге дейін Оң­түс­тік Қа­зақстан облысы бокс­шыла­ры­ның тізгі­нін ұстаған ха­лық­ара­лық дәрежедегі спорт ше­бері Мыр­зағали Айт­жановтың атқарып келе жатқаны белгілі. Бокс федера­циясы­ның мәліметтеріне қара­ғанда, Астанада бір аптаға созылатын ай­қастарда Айтжанов күш­­тілігімен, епті­лі­гімен көзге түскен былғары қолғап ше­бер­лерін Қазақстан ұлттық құра­­­масының сапына жинайтын болады. Бұл осы сында қара үзіп, чемпион атанған боксшылар ен­ді ұлттық құрама сапына қосылып, биылғы жылы өтетін жазғы Азия ойындары мен келесі жылы Кореяның Бусан қаласында жалауын көтеретін әлем чемпионатына барады деген сөз. Жалпы, Дамир Буданбековтің орнына келген маманның боксшыларды жиі кездес­тіріп, қолғап түйістіргізіп жатқанын тек жақсы­лыққа балау керек сияқты. Өйткені, мұндай айқастар бір жағынан шаршы алаңның шаңын қағып жүрген боксшы­лардың шеберлігін арттырса, екінші жағынан әлі ел чемпионаты секілді жауапты бәсе­келерге бармаған жастар үшін нағыз тәжірибе алаңы болатыны сөзсіз. Бұған дейін ұлттық құраманың тізгінін ұстаған Мырзағали Айтжановтың көзге түскен бокс­шыларды іріктеп алып, Қазақстан командасын бірнеше бәсекелерге апарғаны белгілі. Сөйтіп, екі айда үш топқа іріктелген ұлттық құраманың боксшылары үш халықаралық турнирге қатысып қайтқан болатын. Оның біріншісі, Әзірбайжанның Баку қаласында өткен АІВА президентінің кубогы жолындағы турнир болса, екіншісі Ресейдің Ханты-Манси округінде мұнайлы елдердің арасында өткізілген әлем кубогы. Ал үшіншісі Қарағанды қаласында ұйымдастырылған Ғалым Жарылғаповты еске түсіруге арналған халықаралық турнир. Осы­лар­дың ішінде Бакуде бақ сынаған боксшы­лары­мыз елімізге бір алтын, бір күміс және бір қола медальді алып келді. Осы жерде айта кететін нәрсе, Әзірбайжан астанасында өткен айқаста Айтжановтың төл шәкірті былтыр белгісіз себептермен әлем чемпионатына бара ал­маған Біржан Жақып алтыннан алқа тағы­нып қайтты. Ал Ханты-Мансиде өткізілген бә­секеде ұлттық құрама үш қола жүлдеге ие бол­са, Қараған­ды­дағы сында отандастарымыз құр­мет тұғырының ең биік сатысынан көріне білді. Онда 48, 54 кг. және аса ауыр салмақтағы боксшылардан бас­қаларының бәрі бас жүлдені олжалағанын атап өткен жөн. Мұнда кезінде кеншілер қаласының шаршы алаңында атой салып, жеңімпаз атанған Ермахан Ыбырайымов, Василий Жиров, Геннадий Головкин, Серік Елеуовтің жолын 51 кг. салмақтағы жас талант Жандос Ахме­тов, әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сә­пиев пен басқа да боксшылар жалғастырды. Міне, осындай бәсекелерге барып, жаңа тағайындалған бас бапкердің қарамағында жаттығып жүрген былғары қолғап шеберлері бүгін Астана төрінде бірнеше жылдан бері кезегін күтіп, керіліп тұрған шаршы алаңның шаңын қағу үшін өзара күш сынасатын болады. “Тойдың болғанынан, боладысы қызық” демекші, бұл бәсекені тағатсыздана күткен жанкүйерлер көп. Сондықтан болар, чемпионатты ұйымдасты­рушылар оның барынша қызықты әрі тартымды өтуіне қолда бар жағдайдың бәрін жасап отыр. Бокс федерациясының вице-президенті Жанболат Сәрсенов сияқты осы спорт түрінің айна­ла­сында жүрген мамандар биылғы чемпионат­тың өткен жылдарға қарағанда, ерекше болатынына және жақсы нәтижелермен әрі өте қызықты өтетініне сенімді. Қалай болғанда да, шын мықтыны жекпе-жектің өзі көрсетеді. Қазір елімізде Серік Сәпиев, Бір­жан Жақып, Ғани Жайлауов, Олжас Сәтті­баев, Бақытжан Қожабеков, Мерей Ақшалов, Бакуде өткен турнирде ресейлік боксшыдан он бір ұпай айырмасымен ұтылып тұрып, кездесудің аяқталуына санаулы секөнттер қалғанда қарсыласын ұрып жыққан Руслан Мырсатаев, олардың ізін басып келе жатқан Василий Левит, Жандос Ахметов, Ержан Өміржанов, Думан Әлімов, Азамат Белгібаев, Дәурен Елеусінов сынды жас таланттар баршылық. Сөз соңында Астанада өтетін республика чемпионатының жартылай финалдық және ақтық айқастарын жанкүйерлер 22-23 қаңтар күндері “Қазақстан” ұлттық телеарнасынан тамашалай алатынын ескерткіміз келеді. Дастан КЕНЖАЛИН.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.03.2019

Ж. Қасымбек су тасқыны кезеңіне дайындық туралы кеңес өткізді

18.03.2019

5 баланы құтқарған азамат Ішкі істер министрінің бұйрығымен марапатталды

18.03.2019

Елбасының азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды

18.03.2019

Индонезияда су тасқыны салдарынан 63 адам қаза тапты

18.03.2019

Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына барды

18.03.2019

«Жетісу» телеарнасы 20 жылдығын атап өтеді

18.03.2019

Жетісу кәсіпкерлері жақсылық жасаудан жарысып жатыр

18.03.2019

Түркі Академиясының 2019 жылғы жұмыс жоспары бекітілді

18.03.2019

Е. Алпысов Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды

18.03.2019

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі тағайындалды

18.03.2019

Астана әкімдігі халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың жаңа 13 шарасын ұсынды

18.03.2019

Елбасы Астана қаласында салынатын жаңа мешіттің іргетасын қалау рәсіміне қатысты

18.03.2019

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары жарияланды

18.03.2019

Оңдасын Оразалин жол-көлік апатынан қаза болғандардың туыстарына көмек көрсетуді тапсырды

18.03.2019

Бокстан Марина Вольнованың жүлдесі үшін турнир өтті

18.03.2019

Калгариде конькишілердің қанжығасы майланды

18.03.2019

Көпбалалы аналар үшін баспана кезегі бөлек болады - Бердібек Сапарбаев

18.03.2019

2025 жылға қарай өнеркәсіптік тауарлардың өндірісі 2 есеге артады

18.03.2019

Түркістан: Сайрам ауданында кәсіпкер тәулігіне 10 тонна сүт өңдейді

18.03.2019

Астанада алдағы екі айда экологиялық науқандар өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Suranys kо́p, qoldaý kem

О́z elimizde óz tilimizdiń kenje qalǵanyn jasyra almaımyz. Eń basty másele – onyń qoldaný aıasy tarylyp ketti. Bul kemshilikti eńserý úshin qazaq tilin jańǵyrtý qajet. Qalaı? Mine, bul kimdi bolsa da tyǵyryqqa tirep, oılandyratyn úlken suraq. Biraq onyń sheshimin búgingi tańda memlekettiń ózi usynyp otyr. Bar másele, osyny arqaý etip, zańdy qoldaýǵa qajettilik týǵyzý. Ol úshin ne istegen jón?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу