«Боксшыларымыздың деңгейі Азия додасымен өлшенбейді»

Бокстан Өзбекстанда өткен Азия чемпионаты аяқталған соң, AIBA вице-президенті, Азия бокс конфедерациясының президенті, даңқты боксшы Серік Қонақбаевты сөзге тартқан едік.
Егемен Қазақстан
18.05.2017 4238
2

– Серік Керімбекұлы, мықтының мықтысын айқындаған тағы бір Азия чемпионаты тарих қойнауына аттанды. Қорытынды пікіріңізді айтсаңыз.
– Біріншіден, осындай турнирді жоғары деңгейде ұйымдастыра алған Өзбекстан мемлекетінің бокс федерациясына Азия бокс конфедерациясы және өз атымнан алғыс айтқым келеді. Қонақтарды күтіп алу, боксшыларды автокөлікпен тасымалдау, ішіп-жемі, бокс залы барлығы талапқа сай жасақталған. Мұны тек мен емес, өзге елден келген бокс мамандары да айтып отыр. Өзге құрлықтағы әріптестеріміз де жарыстарды біз секілді осындай жоғары деңгейде өткізуге күш салса, онда бұл спорт түрі тартымды әрі жас боксшылар үшін үлкен белестерді бағындырудың бірден-бір мүмкіндігі болар еді. 
– Азия құрлығы бірінші болып әлем чемпионатына іріктеу турнирін өткізді. Мұның өзіндік себебі жоқ па?
– Дұрыс байқағансыз, шынында да біз алғаш болып іріктеу жарысын өткізіп алдық. Дер кезінде ұйымдастырып жібергеніміздің себебі де жоқ емес. Тамыз айында өтетін жаһандық жа­рыс­қа небары үш-ақ ай қалды. Қазіргі бокс біз­дің кездегі сайыстармен салыстыруға да келмейтінін білесіз ғой. Бұрын біз әде­мі өнер көрсетуге дағдыланатын едік. Жанкүйерлер рахаттанып отырып та­ма­шалайтын. Ал қазір боксшылар ашық ұрысқа көшкен. Сол себепті де жа­ра­қаттар көп болады. Жарақатынан айығу үшін біраз уақыт кететіні сөзсіз. Осындай жайттарды ескеріп, ерте өткізу керек деп шештік. 
– Биылғы додаға қатысушы мем­ле­кеттің де, боксшының да саны көп бол­ған сияқты...
– Ол үшін біз тек қуаныштымыз. Қатысушы елдердің көп болғаны бір бөлек, спортшылардың деңгейі де жоғары болғаны қуантады. Әсіресе, Шри-Ланка спортшылары жақсы қырынан көріне білді. Сондай-ақ соғыс дүрбелеңі болып жатқанына қарамастан, Сирия құрамасының бокс-
шылары төрт жолдаманы жеңіп алғаны фантастика деп бағалауға лайық. Бұл мемлекеттің спортшыларына алдағы уақытта да тек сәттілік тілеймін.
– Өзбек жанкүйерлерінің қолдауы өзге ел боксшыларының мысын басып тастаған жоқ па?
– Білесіз бе, бұл жердегі атмосфера маған КСРО чемпионатын еске салады. Ішкі біріншілік қай жерде өткен болса, сол қаланың жанкүйерлері өз боксшыларына мықтап қолдау көрсететін. Жанкүйер деген боксшыға қосымша импульс береді емес пе?! Осындай қол­даудың арқасында өзбек боксшыла­ры еш аянып қалмады және өзге мем­ле­кеттің мықты деген небір спортшы­лары өз деңгейінде жұдырықтаса алмауының бас­ты себебі де осы. Бұл оларға сабақ болары сөзсіз. 
– Көршілеріміздің аз ғана мерзімде бұл додаға тыңғылықты дайындалып үлгергенін немен түсіндірер еді­ңіз? Жалпы, өзбек боксының қа­рыш­тап дамып кеткенінің сыры неде деп ой­лайсыз?
– Өзбек ағайындарымыз спортты, оның ішінде боксты үнемі жоғары бағалайтын халық қой. Бұл додаға олар тыңғылықты дайындалып, нағыз бабында келіпті. Нәтижесін өздеріңіз көргендей, олар бұл турнирде атой салды. Соңғы Олимпиада немесе бүгінгі Азия чемпионатының нәтижесімен салыстырып, өзбек боксының биік шыңға жеткенін аңғару қиын емес. Олар бүгінде Рио-2016 Олимпиадасында сәтті өнер көрсеткен құрамын толықтай сақтай білгенінің арқасында жеңіске жетіп отыр.
– Ал біздің боксшылардың өнеріне қандай баға берер едіңіз? 
– Бірден ашығын айтайын, біз бұ­рын­ғы деңгейден төмендеген жоқ­пыз. Жалпы, боксшыларымыздың деңгейі Азия додасымен өлшенбейді. 2012 және 2016 жылғы Олимпиадаларға Қазақстан боксшылары өте жақсы құ­ра­ммен дайындалып, бұйырған жүл­де­­лерін алып қайтқаны көпшілікке мәлім. Алайда, осы Азия чемпионатына соңғы Рио Олимпиадасында өнер көрсеткен боксшыларымыздың тек үшеуі ғана қатысып отырғаны көп сұ­раққа жауап береді. Ең бастысы, осы жас буын 2020 жылғы Олимпиадаға дейін «сен тұр, мен атайын» болуы шарт. Тағы қайталап айтамын, ең бас­тысы – Олимпиадада атой салу. Ал бү­гінде көзге түскендердің көпшілігі өз дең­гейін Токио Олимпиадасына дейін жоғары ұстап тұруы неғайбыл дүние.
– Шынын айту керек, бұл чемпио­нат өзбектерге есеміз кеткен жарыс есе­­бінде есте қалды-ау деймін...
– Шынында да он боксшымыздың се­гізі өзбектермен жолы түйісті. Соның ішінен тек біреуінің ғана мәртебесі биік, яғни Василий Левит жеңіске жет­ті. Ал қалғандары тең дәрежеде немесе сәл ғана басым дауыспен жеңіліс тапты. Мен біздің спортшылардың жекпе-жегін немесе төрешілердің қи­сық-қыңыр көтерген бағасын тал­қы­лаудан аулақпын. Негізі кез келген тур­нирде ринг иесімен қолғап түйістіру – қиынның қиыны. Себебі, жергілікті жан­күйерлердің тоқтаусыз қолдауы және кей төрешілердің жергілікті бокс­шыға сәл ғана адами бүйрегі бұру факторы шешуші рөл атқарып жатады. 
– Бір қызығы, өзбек ағайындар сары құрлық чемпионатын осымен үшінші мәрте ұйымдастырып отыр. Ал Қазақстан бірде-бір рет өткізіп көр­мепті...
– Мұның астарынан саясат іздеудің қажеті шамалы. Біз одан да жоғары чемпионатты, яғни, ерлер мен қыздар арасында екі бірдей әлем чемпионатын, екі рет Олимпиадаға іріктеу турнирін жоғары деңгейде өткізген елміз.
– Азия чемпионаты біздің мемлекет спортының өркендеуіне қандай пайдасын тигізді деп ойлайсыз?
– Есіңізде болса, Рио Олимпиа­да­сын­да төрелік еткендердің барлығы жұ­мыс­тарынан уақытша шеттетілген. Осы жарыста қызмет еткен төрешілердің 70 пайызы келесі Олимпиадада қызмет ететініне сенімдімін. Бұл жерге біздің елдің федерация өкілдері де қатысты. Олар да бұл жерден үлкен қоржынмен қай­татыны сөзсіз. Төрешілерімізге де көп нәрсе үйренетін жер – осындай ірі дода.
– Соңғы сұрақ, алдағы жоспар­ла­ры­ңызбен бөліссеңіз...
– Конфедерация жұмысы қазір қыза түсті. Биыл Вьетнамда қыздар ара­сын­да әлем чемпионатын өткіземіз. Сон­дай-ақ, ағымдағы жылы елімізде 19-22 жас аралығындағы боксшылар Конфедерация кубогын сарапқа сала­ды. Неге тек 19-22 жас аралығы дейтін бол­саңыз, себебі осы жастағы бокс­шы­лар ересектер сапына өткенде өз ше­берліктерін толықтай көрсете алмай, турнирдің алғашқы күндерінде-ақ жарыстан шығып қалып жатады. Со­ны ескердік. Осы жас аралығындағы бокс­шылар шыңдала түссе, болашақта құ­рамаға қосымша серпін беретініне се­німдімін.
– Қазақ боксы жанкүйерлерінің атынан сұхбатыңызға рахмет!

Әңгімелескен 
Алмас МАНАП,
«Егемен Қазақстан»  

Суретті түсірген 
Данияр Майлыбаев 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

FIFA-2018 марапаттау рәсімінде Роналду болмайды

24.09.2018

Ұлы Дала Еліне саяхат — «Жаңа Жібек жолы» бағыты бойынша экспедиция Таразға келді

24.09.2018

«Егемен академиясының» жаңа маусымына тіркелу басталды

24.09.2018

Мақтаарал құрылыс саласымен де танымал болмақ

24.09.2018

Атырауда «Тау тұлғалы Таумыш» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

24.09.2018

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет мектебін ашылды

24.09.2018

Алматыда III Baikonyr Short Film Festivalдің жабылу салтанаты өтті

24.09.2018

Ақтөбелік полицейлер Агенттіктің «Пара алма!» үндеуіне құлақ асуда

24.09.2018

Қыздар Университетінің студенттері республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

24.09.2018

Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

24.09.2018

25 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

24.09.2018

Ақтауға үлкен футбол оралды

24.09.2018

Үш дзюдошымыз да алғашқы айналымда ұтылды

24.09.2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.09.2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

24.09.2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

24.09.2018

Универсиада алауы Алматы арқылы өтті

24.09.2018

Бүгін Бакуде үш дзюдошымыз белдесуде

24.09.2018

Бизнес салымдар үшін қай қаржы ұйымы тиімді?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу