Болашақтың мамандықтары

Білім – шамшырақ. Алдағы жол андыздап көрінеді. Сүрінбейсіз, жортақтауыңыз, желе жортуыңыз, бауырыңызды кең жазған шабысыңыз жиған білімге байла­ныс­ты. Білім – ырыстың тіз­гіні. Ырысты тал бесіктен жер бе­сік­ке дейін іздейтін уақыт туды. Өй­т­кені, білгірге ділгірлік бар. Тес­тілеу қортындысы бойынша жо­­ға­ры оқу орындарына құжат тап­сы­ратын талапкердің өмірлік мақ­­сат-мұратын айқындауы – ел болашағына қосар үлесін ай­қын­да­уы. Сондықтан мамандық таң­дау­ға бейжай қарауға болмайды.
Егемен Қазақстан
28.06.2017 515
2

2000 жылдары әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дің журналистика фа­ку­ль­тетінде алғаш рет PR (паблик ри­лейшнз) мамандығы ашылғанда көп­шілік оның қандай мамандық еке­нін жете түсінбейтін. Бүгінде ком­мерциялық ұйымдар ғана емес, мем­ле­кеттік құрылымдар да қоғаммен байланыс бөлімінсіз жұмысын жолға қоя алмайтын дәрежеге жетті. Тіпті, бұл сала түрленіп келеді десе болғандай. Осы күні осыған сабақтас ИТ-евенгелист мамандарына үлкен сұраныс бар. Ол нарықта тауарды өткізуге арналған аудитория қалыптастырады. Кәсіби евенгелистерді жекелеген компаниялар өз технологиясы мен өнімін өткізу үшін жалдауы немесе сатып алған есімін пайдалануы мүмкін. Евенгелист деген діни лексиканың өзі белгілі мақ­сат­қа негізделген ақпаратты тарату мен жақтастар жинау дегенге жақын. Жал­пы, болашақтың мамандықтары қан­дай болмақ? Талапкерлер буы­ны­ның баршасын осы сауал ойлантуы тиіс. Бүгінде виртуальды әлемнің сәу­­лет­шілері, нейроинтерфейстердің жоба­лаушылары, эмоция дизайнерлері еңбек нарығын түбегейлі өзгертетіні бел­гілі болды. Сарапшылар қазірдің өзін­де көптеген мамандықтарды «зей­нетке» шығарып жатыр. Олардың ара­сында есепші, call-center операто­ры, такси жүргізушісі, аудармашы си­яқты мамандықтар бар. Бұл мін­дет­тер­дің барлығын болашақта компьютер, автоматтандырылған жүйелер ат­қар­мақ.
Болашақтың еншісіндегі бір ма­ман­дық – ғарыш жолының инженері. Ол Жерге жақын көлік жүйесі мен көлік тас­қыны дәлізіне қызмет көрсететін болады. Мәселен, орбитаға арналған рейстер мен құрлықаралық тасымалд­ы баллистикалық ракеталардың тра­ек­ториясы арқылы жүзеге асыру көзделіп отыр. Сондай-ақ баланың бо­лашақтағы мінез-құлқын, яғни, ке­лешек кейпін жоспарлайтын сарап­шы­лардың қызметі қызады деген бол­жам бар. Әлбетте, келешектегі ең қажетті мамандар IT саласы мен ро­бот техникасының білгірлері бол­мақ. Себебі, технологиямен жұмыс бар­лық саланың қызметіне әсер етеді. Ай­талық, дәрігерлер болғанымен ем­деу сипаты өзгереді, фермерлер жұмысын жалғастырғанымен, өсім­дікті өсіру технологиясына өз­ге­ріс­-
­т­ер енеді. Мәселен, сити-фермер қала ішінде, зәулім ғимараттар тө­бесінде оты­рып-ақ агрокешенді шаруа­шы­лық­тарды дамытуы ықтимал. Тірі ағза сәулетшісі микроағзалар мен генетикалық түрленуге ұшыраған ағзалардың қатысуымен жабық цикл­ді технологиялар құра бастайды. Бұл арқылы қалалық ферма құру, қо­қыс­ты қайта өңдеу, биореактор қуа­тын арттыру жобалары жүзеге асы­рылады. Сәулетшілерге байланыс­ты құрылыс технологиялары да түбегейлі өзгереді. Яғни, болашақта адам­дар осы қызметтің баршасын роботтарға жүктейді немесе басқа да баламаларына беруге мәжбүр болады. Тіпті, гуманитарлық мамандық иелері де жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл саладағы ең ізгі саналатын педагогика мамандарының қызметі үлкен цифрлық базаға топтастырылып, компьютермен сарапталып отырады. Ал мұғалім баланың басынан сипап, ұйқысының қанған-қан­ба­ғанын сұрайтын адами қарым-қа­тынас факторын сақтау қызметін ғана атқаруы ықтимал. Десе де, гу­ма­нитарлық мамандар әрдайым адам­гершілік күзетінде. Осы бағыт одан әрі тереңдей түсуі, жаңа тұрпатта жаң­ғыруы мүмкін. Мәселен, өнер мен ғылымның байланысы бір елі ажы­раған емес. Тіпті, жаңа дүниелер сур­етшілерге жаңа техникаларды иге­руге немесе жаңа жанр ойлап та­бу­ға жәрдемдеседі. Соның ішінде таяуда science art термині пайда болды. Мұны ғылыми өнер деп те айта­ды. Яғни, ғалым мен суретшінің әріп­тес­тігінің нәтижесінде пайда болатын игі­лік болғандықтан, мұнда қылқалам ше­берінің құштарлығы ғана емес, ғы­лыми зертханалар мен зерттеу ор­та­лықтарының болуы да маңызды. Әлем­дегі көптеген университеттер сай­нс-артқа қолдау көрсетіп отырады. Бұл кеңінен қанат жайып келе жатқан әрі сұранысқа ие тың өнер.
Әрине, таңдау – әркімнің жеке құ­қы. Кез-келген мамандықпен қо­ғамға қыз­мет етуге болады.
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.11.2018

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

20.11.2018

Қайырымды қала тұрғындары тегін дүкен ашты

20.11.2018

Гүлшара Әбдіқалықова Албания Республикасының Еуропа істері және сыртқы істер министрімен кездесті

20.11.2018

Қ.Тоқаев Албанияның Еуропа және сыртқы істер министрі Д.Бушатиді қабылдады

20.11.2018

Павлодардағы электр қуаты 4 процентке төмендеді

20.11.2018

Түркі киносын әлемге таныту тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті

20.11.2018

Атырауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде көшелерді жарықтандыру жобасы іске асырылады

20.11.2018

Павлодарда Елбасының өмірі туралы көрініске әртістер таңдалуда

20.11.2018

Түркістанда «Agrofest – 2018» фестивалі өтті

20.11.2018

Албанияның Сыртқы істер министрі Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді

20.11.2018

«Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

20.11.2018

Жетпіс мың адамның жалақысы өседі

20.11.2018

Алматыда жаңа комедиялық фильмнің тұсауы кесілді

20.11.2018

Түркістан аймағының Берлинде басылған көне картасы

20.11.2018

Алматыда «Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

20.11.2018

Талғат Ешенұлы. Жүрегі бар жалғыз үй

20.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Дінзухра Тілендиеваны қабылдады

20.11.2018

Қазақ ғалымы Швецияда су тазартудың экологиялық таза әдісін ойлап тапты

20.11.2018

«Қазақстан темір жолы» және «ҚазМұнайГаз» басқармаларының жаңа төрағалары тағайындалды

20.11.2018

Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея басшылығымен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(1)

Болат (03.07.2017 15:15:10)

ИТ-евенгелист, Думан мырза, "евАнгелист", "евЕнгелист" емес.

Пікір қосу