Бүгін - Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза, Оралхан Бөкейдің туған күні

Бүгін, 28 қыркүйек күні қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан қаламгерлердің – Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза, Оралхан Бөкейдің туған күні. Алғашқы пьесаның авторы Мұхтар Омарханұлының туғанына 121, Алтайдың кербұғысы Оралхан Бөкейдің туғанына 75 жыл. Қазақтың Шер-ағасы – Шерхан Мұртаза 86 жасқа келді.

Егемен Қазақстан
28.09.2018 2389
2

Қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысындағы Қасқабұлақ деген жерде туған. Семей қаласында медреседе, онан соң бес кластық орыс мектебінде, ал 1915–1919 жж. мұғалімдер семинариясында білім алған. 1917 жылы семинарияда оқып жүрген кезінде халық аңызы бойынша «Еңлік–Кебек» пьесасын жазады. Бұл қазақ ұлттық драмасының қарлығашы еді. Осы пьесасы мен 1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесі арқылы өзінің жазушылық ерекше дарынын айқын танытты.

Мұхтар Омарханұлы 15 жыл бой «Абай жолы» атты өзінің 4 томдық даңқты тарихи романэпопеясын жазды. Мұның «Абай» аталған бірінші кітабы 1942 жылы, екіншісі 1947 жылы жарық көрді. Орыс тіліне аударылған. «Абай» романының екі кітабы 1949 жылы 1дәрежелі КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды. Төрт кітаппен біткен эпопея 1959 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды. «Абай жолы» 30 тілге аударылып, дүйім дүние оқырманынан өте жоғары баға алды. Әдеби еңбегі үшін жазушы 1957 жылы Ленин орденімен марапатталды. 1961 жылы 27 маусымда қайтыс болғаннан кейін, республика үкіметінің қаулысымен Қазақ КСР ҒА Әдебиет және өнер институтына, Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің есімі берілді.

Бүгін қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, кесек тұлғалы, қайсар мінезді наркескені, шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ мекенінде туған.  1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі, әдеби қызметкері болды. 1963-1970 жж. «Лениншіл жас» газетінің редакторы. Содан кейінгі уақытта «Жазушы» баспасының, «Жалын» альманахының, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметінатқарған.

 1989-1992 жж. «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1992-1994 жж. Қазақстан Республикасы мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы болып істеді. ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты болған.

Жазушының әр жылдары «Табылған теңіз» (1963), «Белгісіз солдаттың баласы» (1969), «Ахметжанның анты» (1973), «Мылтықсыз майдан» (1977) повестері, «41-жылғы келіншек» (1972), «Интернат наны» (1974) әңгімелері, «Қара маржан» (1977), бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» (1999) романдары, шығармаларының төрт томдығы (1990-2000), шығармаларының 6 томдығы, таңдамалы шығармаларының 7 томдығы, «Елім, саған айтам, Елбасы, сен де тыңда» (К. Смайыловпен бірге) (1998), «Бір кем дүние» (2008) кітаптары жарық көрген. 
Қазақ тіліне Г.Х.Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың «Ботагөз», «Қош бол, Гүлсары», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет» туындыларын; Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін, Э.Эрскиннің «Марыкчан балалары» романын, Л.Лагиннің «Хоттабыч қарт» повесін тәржімалады. «Әзиза» пьесасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің грантын жеңіп алды. «Қара маржан» романы үшін 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның Халық жазушысы. «Құрмет белгісі», «Отан (1999) ордендерімен, медальдармен марапатталған. Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығы мен ПЕН-клуб сыйлығының иегері (2003).

 

Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі – Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Оралхан Бөкей «Құлыным менің» пьесасы үшін Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, 1978 жылы «Найзағай ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н. Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты, 1986 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты наградаларына ие болды. Оралхан Бөкейдің Үндістанға барған шығармашылық іс-сапардан оралмағанын көпшілік біледі. Делиде, 1993 жылы 17 мамыр күні көз жұмды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

Асқар Мамин Талдықорғандағы құрылыс нысандарымен танысты

23.03.2019

Шекарашылар заң бұзушылардың жолын кесті

23.03.2019

Президент: Жастарға арналған кадрлық бағдарлама дайындалады

23.03.2019

Имидждік іс-шараларды азайту қажет – Қ.Тоқаев

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының даму жоспарымен танысты

23.03.2019

Шымкентте жаңа медициналық орталық ашылды

23.03.2019

The Star: Назарбаев елде тұрақтылық пен келісім орната білді

23.03.2019

Астаналық балалар «Мұзбалақ» фильмін тегін көре алады

23.03.2019

Премьер-Министр «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын аралады

23.03.2019

Президент алғашқы сапарын неліктен Түркістаннан бастағанын түсіндірді

23.03.2019

Мемлекет басшысы Шымкенттегі «Азала текстиль» фабрикасын аралады

23.03.2019

Полицейлер Петропавл тұрғындары үшін наурыз көже мен бауырсақ әзірледі

23.03.2019

Шекарашылар бірнеше заң бұзушылықтың алдын алды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығына барды

23.03.2019

Мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған адам ұсталды

23.03.2019

Анар Жайылғанова:  Астананың атауын өзгерту процедурасы заңға сай жүргізіліп жатыр

23.03.2019

Атырау халқы ерлікпен қаза тапқан полицейді соңғы сапарға шығарып салды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды

23.03.2019

Димаш әлем жұртшылығын аузына қаратты

23.03.2019

Павлодарда үздік ұлттық киімдер анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу