Бүгін Рыпакова финалдық кезеңде өнер көрсетеді

Бүгін Лондонда өтіп жатқан ХVІ әлем чемпионатында әйелдер арасындағы үш қарғып секіру сайысынан финалдық бәсеке өтеді, деп хабарлайды Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі
Егемен Қазақстан
07.08.2017 4104
2

Іріктеу сыны өтті, енді – финал

Сенбі күні іріктеу сыны өткен. Қазақстан жеңіл атлетикасының басты үміті Ольга Рыпакова бірінші мүмкіндігінде-ақ 14,57 метрге қарғып, бірден финалға шықты. Ал басты бәсекелестерінен тек Колумбия қызы, Рио Олимпиадасының чемпионы Катрин Ибаргуэн де бірінші мүмкіндігінде финалда бақ сынау құрметіне ие болды. Бірақ оның көрсеткіші төмендеу болып шықты (14, 21 метр ғана). Қалғандары екінші, тіпті үшінші мүмкіндіктерінде іріктеуден өте алды.

Соңғы айда аса жоғары нәтиже көрсете алмай жүрген Рыпакова осылай бәсекелестерінен асып түсті. Бұл оған психологиялық тұрғыда басымдық бере ме? Бәсекелестері таңданып, үдірейісіп қалған жоқ па?

– Жо-жоқ! О, не дегеніңіз. Финалға бірінші орынмен шыққаны психлогиялық тұрғыда ешқандай да басымдық бермейді. Барлық бәсеке – алда. Іріктеу сынның аты – іріктеу. Онда үш-ақ мүмкіндік беріледі. Жаза басып, екі рет секіру сызығын басып кетіп, содан кейін қобалжып-толқып, дұрыстап секіре алмай қалулары мүмкін. Сондықтан толқу басым болады. Жауапкершілік басып тұрады. Ал Ольганың бірінші мүмкіндігі өте сәтті орындалды. Ең бастысы, қарғу сызығын басқан жоқ. Биыл жоғары нәтиже көрсетіп жүрген үздіктердің, ығай мен сығайлардың бәрі финалға шықты. Іріктеу сыны артта қалды. Енді, финал, – деп жауап берді бапкер.

Чемпион болудан үміттілер аз емес

Рио Олимпиадасының чемпионы, жасы 33-тен асқан Катрин Ибаргуэн «мен үшінші рет әлем чемпионы болу үшін келдім, Риодағы жеңісім тамаша, әрине, бірақ мен онымен тоқталып қалғым келмейді» депті, IAAF сайтына берген сұхбатында.

Иә, ол 2013 жылы Мәскеуде, 2015 жылы Бейжіңде өткен әлем чемпионаттарында алтынмен апталып, жеңімпаз атанған. 2012 жылы Лондон Олимпиадасында күміс жүлдегер атанды. Биылғы жылғы ең үздік көрсеткіші – 14,84 метр.

Ал биылғы жылғы ең үздік көрсеткіш Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Венесуэла аруы Юлимар Рохасқа тиесілі – 14,96 метр. Бірақ ол өзінің тек екінші мүмкіндігін де ғана финалға іріктеліп шыққанына ырза емес. Психологиялық тұрғыда ысыла түсуі керек екендігін білетінін, ерінбей тер төгіп жүргендігін тілге тиек етіпті. Алайда биыл 21 қазанда 22-ге толатын қыз сөз жоқ, өте талантты.

Жалпы, Ямайкалық қыз Кимберли Уильямс те, Португалия үміті Пастрисиа Мамона да, финалға шыққан басқалары да осал емес. Бірақ біздің Ольга – тәжірибелі, сабырлы спортшы. Биылғы ең үздік көрсеткіші – 14,64 метр.

Айтпақшы, финалда бақ сынайтын 12 қыздың тізімі – төмендегідей. Үшінші бағанда әрқайсының 2017 жылғы ең үздік көрсеткіштері, ал соңғы бағанда жеке рекордтары түзілген:

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.11.2018

Арқалықта қуатты, заманауи ет комбинаты жұмысын бастады

22.11.2018

Жеке куәлікті саусақ таңбасы алмастыратын болады

22.11.2018

Президенттік олимпиададан олжалы оралды

22.11.2018

Жамбыл облысында жылқы ұралағандар ұсталды

22.11.2018

Дамир Исмағұловтың қарсыласы анықталды

22.11.2018

Алматының ірі жылу магистралінде апат болды

22.11.2018

Еуразия ұлттық университетінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

22.11.2018

Мәнерлеп сырғанаушылар Загреб пен Таллинде сайысқа түседі

22.11.2018

Елбасы мақаласы шетелдік БАҚ назарында

22.11.2018

Тарихи сана тұғыры – ұлттық болмыс

22.11.2018

Шымкенттіктерге арнайы медициналық көмек көрсетті

22.11.2018

Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

22.11.2018

«Digital Urpaq» Пионерлер сарайы өз жұмысын бас­тады

22.11.2018

Қалдықтар да кәдеге жарайды

22.11.2018

Зиялы қауым өкілдері «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жайлы не дейді?

22.11.2018

Baǵdarlamalar baıandylyǵymen baǵaly

22.11.2018

Дулат Исабеков: Қазақ баспасөзінің көшбасшысы – «Егеменге» жазылыңыз!

22.11.2018

Астана Операда «Күміс ғасыр балеттері» көрсетіледі

22.11.2018

«Османлы мемлекеті мен Орталық Азия хандықтары қарым-қатынастарының құжаттары» көрмеcі ашылды

22.11.2018

Балалар Барнаулға неге барады?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Baǵdarlamalar baıandylyǵymen baǵaly

Elbasy Nursultan Nazarbaev bıylǵy jylǵy halyqqa Joldaýynda úkimet múshelerine qaratyp, «Bizde árqıly baǵdarlamalar qabyldanyp jatyr. Indýstrıalyq baǵdarlama, ınfraqurylymdyq baǵdarlama, sondaı-aq, áleýmettik máselelerdi qamtyǵan kóptegen baǵdarlama bar.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу