Бұл – Қазақстанның әлемдік беделі артқанының нәтижесі

Қазақстан ширек ғасыр ішінде әлемге танымал мемлекетке айнала алды. Бұл – зор жетістік. Әлемдік қоғамдастық елімізді бейбітсүйгіш саясаты арқылы таныды. Тәуелсіздігімізді әлемдік қоғамдастық алдында толыққанды баянды ете алдық. 2017 жылдың 3 қаңтарында Қазақстан әлемдегі ең беделді халықаралық ұйым – Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің бірінші жиналысына тұрақты емес мүше ретінде қатысты.
Егемен Қазақстан
16.01.2017 3726
2

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 15 мемлекет қана мүше болады. Олардың бесеуі – АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция тұрақты мүшелері болса, 10 мемлекет 2 жылға тұрақты емес мүшесі болып кіреді. Қазақстан – Орталық Азия мемлекеттерінің арасынан бұл ұйымға алғашқы мүше болған ел. Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу үшін БҰҰ Бас Ассамблеясында әлем мемлекеттері дауыс береді. Әлемдегі 193 тәуелсіз мемлекеттің үштен екісі, яғни ең кем дегенде 129 ел өз дауысын берген үміткер ғана Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлана алады.

2016 жылдың 28 маусымында Бас Ассамблея өткізген құпия дауыс беруде Қазақстан 193 дауыстың 138-іне ие болып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Азия-Тынық мұхиты мемлекеттері тобынан сайланған Қазақстанның өкілеттілігі 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады. Тұрақты емес мүше мемлекеттер әлемнің бес аймағынан ірік­теледі. Аймақтар қатарына Аф­рика, Азия-Тынық мұхиты, Латын Аме­ри­касы, Шығыс Еуропа, Батыс Еуропа мем­лекеттерінің топтары кіреді.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне кірген 10 тұрақты емес мүше мемлекеттер ұйымның тұрақты 5 мүшесімен бір­лесе отырып, әлемдік өзекжарды мәсе­лелерді талқылауға және шешімдер қа­был­дауға қатысады. Ең басты мәселе – халықаралық бейбітшілік пен қауіп­сіздікті сақтау болса, сонымен қатар, жаһандық қауіптер мен қатерлерге қарсы әлемдік қоғамдастықты жұ­мылдыру мәселесі де күн тәртібінде тұрады.

Қазақстан БҰҰ-ның тұрақты емес мүшесі бола салысымен әлемдегі бейбітшілікті нығайтуға бағытталған өз тұжырымдамасын ұсынды. Бұл құжат – Елбасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жолдаған «Қауіпсіз, әділ және өркендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайту жөніндегі Қазақстанның тұжырымдамалық көзқарасы» атты Саяси үндеуі.

Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде халық­аралық шиеленісті мәселелерге байла­нысты «вето жасау» құқығына ие емес. Бұл құқық тек тұрақты мүшелерге ғана тән. Соған қарамастан, Қазақстан БҰҰ-ның ең басты органы болып та­былатын Қауіпсіздік Кеңесінің мінберін өзінің әлемдік мәселелерге көзқарасын ашық білдіру үшін пайдалана алады. Жаһандық мәселелердің шешу түйіндерін көрсете отырып, өзін Жер жаһанға таныстыра түседі.

Қазақстан өзінің сыртқы сая­са­тындағы әлемдік қатынастарда әді­леттілік қағидаттары сақталуын қа­лай­ды. Бұл дегеніміз, әлемдік басым державалар өздерінің мүдделерін орындау жолында әлсіз, дамушы мемлекеттердің мүдделерін аяққа таптамауы. Өкінішке қарай, әділеттілік пен теңдік ХХІ ға­сыр­да өте көп бұзылуда. Ирак, Ливия, Сирия, Ауғанстан, Иемен мемле­кет­тері әлемдік державалардың зорлық­шыл саясатының құрбаны болуда. Неоим­периалистік саясат әлі де жалғасуда.

Тіптен, АҚШ-Ресей, АҚШ-Қытай теке­тірестері әлемді шошытарлық дәре­жеге келді. Қауіпті шеңберден шықсақ, әлемдік соғыс қаупі де күшейе түспек. Қазақстан басшысы БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесіне жолдаған Саяси үндеу­інде осы мәселелерге байланысты алаң­даушылық білдірді. Қауіпсіздік Кеңе­сінің мүшелерін әлемдік бейбітшілік жолындағы белсенді күресті күшейте түсуге шақырды.

«Біз ғаламшарды ядролық қару­дан құтқару бойынша әлем қоғамда­с­тығының күш-жігерін жұмылдыруды ядролық қаруды таратпау режимін жүйелі түрде бекемдеу мен нығайту, сондай-ақ, Қауіпсіздік Кеңестің 1540-қа­рарын мүлтіксіз орындау арқылы жалғастыруға ниеттіміз.

Иран ядролық бағдарламасы бо­йынша келісімнің жетістіктерін және олардың іске асуын құптай отырып, Қазақстан бүкіл ұқсас жағдайлар мен дағдарыстарда оларды үлгі ретінде қолдануды жақтайтын болады. Бұл үшін біз Кеңестің 2231-қарары бойынша үйлестірушісімен белсенді жұмыс істеуге дайынбыз.

Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстан Республикасы Корей түбегіндегі яд­ролық қару проблемасы бойынша көп­жақты келіссөздер процесін кідірт­пей қайта бастауға шақыра отырып, оны шұғыл және сындарлы түрде шешуді бас­ты мақсаттардың бірі ретінде қарайды.

Задында, Қазақстан БҰҰ барлық мүше мемлекеттерін, әсіресе Қауіп­сіздік Кеңестің тұрақты мүше­лерін, 2045 жылы БҰҰ-ның 100 жылдығы қарсаңында әлемді ядролық қарудан құтқаруға шақырады», делінген Елбасының Саяси үндеуінде.

БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун мырза Қазақстанға 4 рет келді. Аз мерзімде әлемдік бас ұйым басшысының елімізге осыншама рет ат басын бұруы Қазақстанның әлемдік ядролық қарусыздануға қосқан зор еңбегінің белгісі болатын. Елбасы БҰҰ-ның жаңа Бас хатшысы Антониу Гутерреш мырзамен де белсенді, бірлескен қызметтер атқарудың маңызын, ол шаралардың әлемдік бейбітшілік үшін іске асырылатынына сенетіндігін жеткізді.

Қазақстан әлемдік қайшылықтардың зорлықпен, күшпен емес, шыдамды бәтуаластық, ортақ мәмілеге келу арқылы шешілгенін қалайды. Өзара санкциялар жасау, қаржылық, экономикалық қысымдар көрсету бейбітшілікті нығайтпайды. Қарсылас елдер ең алдымен өз халқының және адамзаттың тағдырын ойлауға міндетті. Қақтығыстар, соғыстар, қысым көрсетулер мен санкциялар қарапайым халыққа жаманшылық әкеледі.

Әлемдік миграциялардың, жұмыссыздықтың, кедейшілік пен қайыршылықтың негізгі себебі дұрыс жүргізілмеген саясатқа және әлемдік әділетсіздіктерге байланысты. Елбасы, міне, осы себепті де ХХІ ғасырдағы әлемдік шындықтарға сәйкес келетін мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың жаңа моделін құрудың маңыздылығын атап көрсетті.

Ол үшін ядролық державалар ядролық қаруды таратпау жолындағы шараларды күшейтуі керек. Атом қуаты тек бейбіт мақсаттарға – экономикалық өрлеуге, адамзаттың жасампаз қыз­меті­не, ғылымға, ғарышты игеруге жұм­салуға тиісті. Ядролық қауіпсіздік туралы БҰҰ-ның қарарлары мүлтіксіз орындалса, әлемдік бейбітшілік күшеймек. Қа­зақстан өзінің өнегесімен әлем халық­тарын осы ұлы іске тартуда.

1991 жылғы 31 тамызда Қазақстан Президенті «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды. Елден 1200-ден астам ядролық оқтұмсық шығарылды. Орталық Азия ядролық қарудан азат аймаққа айналды. Қазақстан бейбіт атоммен ғана дос болды.

«Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіндегі қағидаттық ұсыныстарды тереңдете отыра, Елбасы әлемдік қауіптерді әкелетін нақты нүктелермен жұмыс істеуді ұсынды. Олар: Иранның ядролық бағдарламасы, Солтүстік Кореяның ұстанымы, Ауғанстан қайшылығы, әлемдік терроризмге қарсы, әсіресе, ИЛИМ (ДАИШ) әре­кетін ауыздықтау мәселелері. Қазақстан әлемдік экономикалық мәселелерді шешуді «Болашақтың энергиясын» жасаумен байланыстыруда. Еліміздің әлемдік қоғамдастыққа ұсынған осындай жасампаздық, бейбітшілік тұғырнамасын әлем халықтары қолдайтындығы сөзсіз.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Орталық Азия мемлекеттерінің ортақ мәселелерін бірінші кезекке қояды. Аймақтық қауіпсіздікті әлемдік қауіпсіздіктің тірегі деп біледі.

Сайын БОРБАСОВ,

саяси ғылымдар докторы, профессор

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.09.2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

24.09.2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

24.09.2018

Универсиада алауы Алматы арқылы өтті

24.09.2018

Бүгін Бакуде үш дзюдошымыз белдесуде

24.09.2018

Бизнес салымдар үшін қай қаржы ұйымы тиімді?

24.09.2018

Юлия Путинцева WTA жаңартылған рейтингінде 46-орынға көтерілді

24.09.2018

БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясы өз жұмысын бастады

24.09.2018

Виктория көліндегі апатта қаза тапқандар саны 225 адамға жетті

24.09.2018

Солтүстік Қазақстанда Жансүгір батырға еңселі кесене тұрғызылды

24.09.2018

Музей қызметкерлеріне үстемеақы төленгені жөн

24.09.2018

Жергілікті ерекшеліктер ескерілсе игі

24.09.2018

Қайрат «қаһарына» мінді

24.09.2018

Илон Масктың SpaceX компаниясы алғашқы жолаушының есімін жариялады

24.09.2018

Өзен арнасын бекіту – кезек күттірмейтін мәселе

24.09.2018

Медициналық көмек сапасы артады

24.09.2018

Атты әскер дивизиясының тағдыры

24.09.2018

Ұлттық рухтың ұстыны

24.09.2018

ШҚМТУ – ғылыми зерттеулер мен заманауи технологиялар орталығы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу