Бұл жарыс бұрынғыдан өзге­рек

Спорт – денсаулық кепілі. Кеше ЭКСПО-2017 көрмесі аясында кезекті маңызды спорттық шара ұйымдастырылды. Астана қаласында үшсайыстан, яғни жүгіру, жүзу және веложарыс бойынша тұңғыш рет Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты өтті.
Егемен Қазақстан
31.07.2017 2810
2

Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ, «Егемен Қазақстан»

Бұл жарыс бұрынғыдан өзге­рек. Халықаралық деңгейде өткен бәй­геге кәсібилер мен спортты сүйікті ісіне айналдырған әуесқойлар бө­лек-бөлек қатысты. Сынға түскендер суда 1,9 шақырым жүзіп, 21 шақырым қашықтықты жаяу жүгіріп, сондай-ақ, 90 шақырымды велосипедпен жүріп өтті.
Мұндай ауқымды шараны Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Қа­зақ­стан триатлон федерациясы, Азия триатлон конфедерация­сы (ASTC), Халықаралық триат­лон одағы (ITU) бірігіп ұйымдастырды. Ал жеңімпаздарды марапаттау үшін Премьер-Министр Бақыт­жан Сағынтаев, Триатлон феде­ра­циясының президенті Кәрім Мәсі­мов, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қатысты. Олар мәре сы­зығын кескен жеңімпаздар мен қаты­су­шыларды қарсы алып, жылы лебіздерін білдірді.
Кәрім Мәсімов өз сөзінде барлық қатысушыларды, ұйым­дас­тырушыларды, сондай-ақ, жарыс­тың көркін қыздырған жанкүйер­лерді Триатлон федерациясы атынан Қазақстан Республикасындағы тұңғыш ашық чемпионаттың ашылуымен құттықтады.
– Бұл дүние жүзіне кеңінен танымал спорт түрі. Кеше дәл осы жерде Халықаралық триатлон одағының қолдауымен Азия Кубогының іріктеу кезеңін көргенбіз. Жанкүйерлердің ұшқын атқан жанарынан спорттың бұл түріне деген қызығушылықты бірден байқауға болады. Болашақта триатлонды дамыту үшін келесі жылы Ironman 70.3 жарысын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі жарысқа қатысқан спортшыларды құттықтаймын! Олар келер жылдың шілдесінде Ironman 70.3 Astana жарысына алғаш болып қатыса алады, – деді Кәрім Қажымқанұлы.
Қазіргі таңда әлем елдеріндегі секілді бізде де Age Group, яғни әуесқойлар санатындағы спортшылардың саны күннен күнге артып келеді. Оған осы жарыс­ты мысалға келтіруге болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарысқа қатысуға 200-ден астам адам ниет танытқан екен, бұл жолы 155 адам тізімге іліккен. Кәрім Мәсімов ілгеріде айтып өткендей, бұл жарыс елімізде өткізілсе, Қазақстаннан да әлемдік деңгейге шығатын спортшыларымыздың саны артар еді. Жоғары лауазымды тұлғалардың көпшіліктің қызығушылығын арттырып, спорт­тың осындай түріне ден қоюы мен қолдау көрсетуі қарапайым жұрт­шылыққа шабыт беретіні анық.
Чемпионатқа қатысушылардың арасында велошабандоз, 2012 жылғы Лондон олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров та болды. Бұл жолы ол әуесқойлар арасында бақ сынады. Ол 40-44 жас аралығындағы сында мәре сызығын 4 сағат 25 минутта кесіп өтті. Оның жұртшылық арасына келіп, қоян-қолтық араласа жүруі жарыстың мәртебесін арттыра түскендей.
– Бас қаламызда өтетін осындай үлкен жарыс туралы естігеннен кейін үйімде қарап отыра алмадым. Шынымды айтсам, спорттан кеткендіктен болар, маған оңайға соқпады. Алайда велосипед өмірімнің бір бөлшегіне айналып кеткен ғой, сондықтан бұл жағы маған жеңіл болды. Ал ең ауыр тигені – жүзу түрі. Шамамен, бірін­ші болып жеткен әріптесімнен жарты сағатқа кешігіп келген болармын. Жарыста үздік болып, бірінші орынды алуды мақсат еткенім жоқ. Тек өскелең ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттырып, аз да болсын септігімді тигізсем, жоспарымның орындалғаны болар еді, – деді Лондон олимпиадасының чемпионы.
Кәсіби спортшылар арасында ресейлік Иван Тутукин бірінші орынға ие болса, күмісті отандасымыз Максим Крят иеленді. Ал үздік үштікті Украинадан келген Виктор Земцев қорытындылады. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар әуес­қой­лар арасындағы үздіктерді түрлі жас дәрежелеріне қарай марапат­тады.
Өз кезегінде Максим Крят 2015 жылдан бері мұндай қашықтықта сын­ға түспегендіктен жарыстың қиын болғанын айта келіп, екін­ші орын алғанына қуанғанын мәлім­деді. 
Айта кетейік, 29 шілде күні триатлоннан ерлер мен қыздар арасында Азия Кубогы өтті. Қатысушылар спринт арақашықтығында бақ сынады. Яғни, жүзу – 750 метр, веложарыс – 20 шақырым, жүгіру – 5 шақырым. Мұндай ауқымды жарысты елордамызда өткізу Халық­аралық триатлон одағы мен Азия триат­лон конфедерациясы арасында өт­кен келіссөздер нәтижесінде шешіл­ген болатын.
Саламатты өмір салтын ұстану, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу көптеген дамыған ел­дердің халқы ұстанатын жол. Жыл өткен сайын біздің ел азаматтары да оны дәстүрге айналдырып келеді. Билік бастап, халық қостаса, алдымызда әлі талай біз алатын асулар тұр.

Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2019

56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды

19.02.2019

«Сергек» жобасы жол көлік оқиғаларының санын 15%-ға төмендетті

19.02.2019

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

19.02.2019

Халық сауалы жауапсыз қалмайды

19.02.2019

Қызылордада алаяқтар азаймай тұр

19.02.2019

Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

19.02.2019

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

19.02.2019

«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

19.02.2019

Оразалы Досбосынов атындағы аудитория ашылды

19.02.2019

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

19.02.2019

«Смарт-Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды

19.02.2019

Дәурен Сүйеукенов: дзюдодан Еуропа кубогінде ел чемпионатындағы есемді қайтардым

19.02.2019

Әлия Юсупова Гран-при кезеңі мен Будапешттегі халықаралық турнирді қорытындылады

19.02.2019

Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев батыр баламен кездесті

19.02.2019

Жер жаһанды шарлаған Мағжан

19.02.2019

Қарағандыда 24 000 жер үйге газ құбыры тартылады

19.02.2019

Абылайхан Жүсіпов Софиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

19.02.2019

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

19.02.2019

Қарағандыда биыл қандай жолдар жөнделеді

19.02.2019

Елорда оқушылары инновацияға ден қояды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу