Бурабайда ашық аспан астында «Біржан – Сара» операсы қойылмақ

14 шілде күні Бурабай аспанының астында қазақ опера өнерінің інжу-маржаны – М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» қойылымы көрермен назарына ұсынылмақ. Жауһар туындының жаңа музыкалық-сахналық редакциядағы тұсаукесері осы жылдың көктемінде «Астана Опера» сахнасында орын алып, орасан зор жетістікке ие болған еді. Жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Елорданың 20 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асуда, деп хабарлайды «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
09.07.2018 5332
2

«Біржан – Сара» – қазақ опера өнерінің төлтума жауһары. Қойылымға барынша нақтылық беріп, қазақ жерінің бай табиғатын көрсету үшін спектакльді сұлу өлке Бурабайда қоюға шешім қабылданды.

Қойылым тобының бүгінгі таңдағы бірегей шешімдері мен спектакльдің сценографиялық айшықтарын қоса алғандағы барша драматургия толықтай сақталады. Дегенмен, театрдың қыр-сыры жағдайға байланысты болмақ, қойылымдарды ашық аспан астында өткізу тәжірибесі жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ: партитурада жазылғандай, Біржан өз ариясын алыстан шырқайды, орманның акустикасы әнге ерекше айқын реңк береді, тіпті табиғаттың өзі декорацияның бір бөлігі іспеттес. Бұл көрермендеріміздің театр сахнасында бұрқырап ағып, баршаны тамсандырған сарқыраманы не болмаса көздің жауын алар жәрмеңкені көре алмайды деген сөз емес, бәрі де болады! Бірақ, ең бастысы – керемет музыка, солистердің тамаша дауыстары мен оркестрдің үйлесімді дыбысталуы тыңдарманға ұмытылмас ерекше әсер сыйламақ.

Спектакльдің тұжырымдамасы барлық кейіпкерлер бейнелерінің біржақты баяндалуының жоқтығымен сипатталады. Көрермен қауымға Біржан мен Сараның бұл дүниеде орын алуы жазбаған махаббат оқиғасы ұсынылады. Дәстүр бойынша, опера басты қаһарманның қазасымен аяқталады, алайда қоюшылар үміт отын сөндірмейді, яғни құрбандыққа шалынған махаббаттың бекер болмағанын көрерменнің түсінгенін қалайды. Біржан мен Сараның оқиғасы мыңдаған ұрпақтың бірігуіне мүмкіндік беріп, халықтың жадында махаббаттың ұлы құдіреті жайлы естелік болып мәңгілікке қалмақ.

Басты партияларды орындаушылар: Біржан – көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Мейір Байнеш, Сара – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы, Жанбота – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбаев, Аналық – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина, Алтынай – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова, Жиенқұл – көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Талғат Ғалеев, Қожағұл – Шыңғыс Расылхан, Серік – Рамзат Балакишиев, Естай – Бейімбет Таңарықов.

Қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Мұхитдинов, қоюшы режиссер – PhD докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Маемиров, кеңесші режиссер – Беларусь Үлкен театрының бас режиссері, Г.Тукай атындағы Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.Панджавидзе, режиссер – Н.Кагадий, балетмейстерлер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Тәти, М.Авахри, қоюшы режиссердің ассистенті – Е.Тойкенов. Қоюшы суретшілер мен сценографтар – С.Тамсағамбетова мен П.Драгунов. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е.Дәуітов.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.09.2018

Сенат комитетінде діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері туралы заң жобасы қаралды

25.09.2018

Игорь Чжан: Велосипедтің кесірінен жүлде алмадым

25.09.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS рейтингінде тағы да алға жылжыды

25.09.2018

142 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

25.09.2018

Жақсы өсім - нәтижелі жұмыстың кепілі

25.09.2018

Инвесторлармен ортақ келісімге келді

25.09.2018

«Egemen Qazaqstan» газетінің журналисі марапатталды

25.09.2018

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымын нығайтуға және реформалауға шақырды

25.09.2018

Қазақстан Нельсон Мандела Бейбітшілік саммитіне қатысты

25.09.2018

Астана тұрғыны 10-қабаттан құлаған баланы тосып алды

25.09.2018

Қ. Қасымов ұялы телефондар ұрлығының жолын кесу шаралары туралы айтып берді

25.09.2018

Назарбаев Университетінде тың жобалар таныстырылды

25.09.2018

Нәубәт Қалиев қайтыс болды

25.09.2018

Үкіметте өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы мақұлданды

25.09.2018

Астаналық журналистің өліміне қатысты күдіктіні іздеу шаралары басталды

25.09.2018

АӨК цифрландыру аясында 20 цифрлық және 4000 дамыған ферма құрылады

25.09.2018

Жағажай волейболынан әлем чемпионатының іріктеу турнирі өтеді

25.09.2018

«Барыс» Мәскеуде «Динамоны» ұтты

25.09.2018

Бүгін Бакуде белдескен қос балуанымыз ұтылды

25.09.2018

«Хат қоржын» (25.09.2018)

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tirshilikti mádenıet bıleıtin qoǵam

Osy ýaqytqa deıin jeke adamnyń tirshiligin, turmys jaǵdaıyn onyń bilimi men eńbekqorlyq qasıetiniń bılep kelgendigi belgili. Adamdar kóp jaǵdaıda qoǵamnan bilimine saı oryn alyp otyrdy. 

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу