БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясы өз жұмысын бастады

Нью-Йорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясы ашылды. Дүниежүзілік ұйымның Бас хатшысы Антониу Гуттериш БҰҰ басымдықтарын еске салып, осы аптада Нью-Йоркқа келетін әлем көшбасшыларын ынтымақтастыққа дайындығын танытуға шақырды. Жалғасып келе жатқан жанжалдар, саяси текетірес, кейбір шиеленісудің ошақтарындағы ұшығып жатқан гуманитарлық дағдарыс БҰҰ басшыларының наразылығын тудырады.

Егемен Қазақстан
24.09.2018 4627
2

Сессияның тақырыбы «БҰҰ-ды барлық адамдардың мүдделеріне жақындату: бейбіт, әділетті және тұрақты қоғамдарды қолдаудағы жаһандық жетекшілік пен ортақ жауапкершілік» деп аталады.

БҰҰ Бас Ассамблеясы 73-ші сессиясының негізгі басымдықтары ретінде Ұйымды одан әрі реформалау, жанжалдарды болдырмау, адам құқықтарын қамтамасыз ету, гендерлік теңдік және әлемдегі әділетсіздікті еңсеру болып табылады.

Сессияның күн тәртібінде халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақты даму, адам құқықтары, гуманитарлық көмек, қарусыздану, сот төрелігін нығайту және халықаралық құқықты дамыту сияқты салаларда 175-тен астам мәселе қамтылды.

Эквадордың Сыртқы істер және көші-қон министрі Мария Фернанда Эспиноса Гарсес ағымдағы сессияда Бас Ассамблеяның Төрағасы болып сайланды. Бір жылға созылатын төрағалық кезеңінде ол көші-қон, қоршаған ортаны қорғау, мүгедектердің құқықтары, гендерлік теңдік және тұрақты дамуды насихаттау мәселелеріне баса назар аударуды жоспарлайды.

Бас Ассамблеяның жұмысында экономикалық дамуға жәрдемдесу және көші-қон және босқындар туралы жаһандық келісімдерді қабылдау тақырыбы да маңызды орын алады.

Жаңа сессияның алғашқы күндерінде Ассамблеяның алты негізгі комитеттеріне күн тәртібіндегі мәселелерді бөлуге қатысты мәселелер қарастырылатын болады. Жыл сайынғы жалпы пікірталас 25 қыркүйекте басталып, 1 қазанға дейін жалғасады.

БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы дебаттарына Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы қатысады. 24-29 қыркүйек аралығында көпжақты және екіжақты форматтағы бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстан Сыртқы істер министрінің сөз сөйлеуі 28 қыркүйекке жоспарланған.

Ассамблеяның сессиясында Қазақстан үшін басты оқиға «Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу» мінез-құлық кодексінің таныстырылымы болады. Құжат Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жасалды. Кодекстің негізгі мақсаты 2045 жылы БҰҰ-ның жүз жылдығына орай терроризмге қарсы күрес және терроризмнен еркін әлемге қол жеткізу бойынша серіктес елдердің кең халықаралық коалициясын құру болып табылады.

Қазақстан делегациясының көпжақты форматта өтетін түрлі кездесулерге қатысуы күтілуде Атап айтқанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясының жалпы дебаттарының ашылуы; Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі және ҚХР-дан Тәжікстанға төрағалықты тапсыру; Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі; Ядролық қаруды толық жоюға қарсы күрес халықаралық күніне арналған жоғары деңгейдегі кездесу; БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қызметі бойынша бірқатар отырыстар; Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Министрлер кеңесінің бейресми кездесуі; Теңізге шығу жолы жоқ дамушы елдер тобы мемлекеттерінің министрлер кездесуі; БҰҰ Өркениеттер Альянсының достары тобының министрлер кездесуі.

АҚШ төрағалығымен, сондай-ақ Президент Дональд Трамп пен Мемлекеттік хатшы Майкл Помпеоның қатысуымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бірқатар ашық отырыстары өтеді. 2017-2018 жылдар аралығында Қазақстан аталған Кеңестің тұрақты емес мүшесі болып табылады.

Бітімгершілік, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау салалардағы бірқатар маңызды іс-шаралар, атап айтқанда, туберкулезді жою жөніндегі жоғары деңгейдегі кездесулер назар аударады. БҰҰ штаб-пәтерінде Шыңғыс Айтматовтың 90-жылдық мерейтойына арналған салтанатты көрменің ашылуы жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қ. Әбдірахманов БҰҰ ресми өкілдері, сыртқы істер министрлері, американдық және халықаралық бизнес өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.

Жалпы алғанда, БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу және БҰҰ-ның 2030 күн тәртібінің шеңберінде таратпау және қарусыздану, бітімгершілік, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму салаларындағы бірқатар сыртқы саяси бастамаларын ілгерілетуге мүмкіндік береді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.10.2018

«Алтын тамыр» – аймақ тарихының айнасы

17.10.2018

Алтай сынды ұлы тауды ұлықтауға тиіспіз!

17.10.2018

Қазақ әдебиетінің антологиясы Мәскеуде жарық көреді

17.10.2018

Жолдау-2018: Мамандар пікірі

17.10.2018

«Парасат» цифрлы хабында болды

17.10.2018

Зауытты көбейтуге зауық жоқ па?

17.10.2018

Маман дайындаудағы маңызды қадам

17.10.2018

Еуроодақ мемлекеттерінің тұрмыс деңгейі нашарлаған

17.10.2018

Жастарға арналған халықаралық форум өтеді

17.10.2018

Бірқатар нысанды аралады

17.10.2018

Армения президенті үкіметтің отставкасын қабылдады

17.10.2018

Дэнис Кин: Алматыдағы мозаикаларды сақтап қалғым келеді

17.10.2018

Михаил Бортник пен Манап Көбенов аурухана ұжымымен жүздесті

17.10.2018

Әлихан Бөкейхановқа Санкт-Петербургте естелік тақта орнатылады

17.10.2018

Ауаны жаппай ластау көрінісі

17.10.2018

Эфиопиядағы үлкен өзгеріс

17.10.2018

Индонезиялық аралдың басынан бұлт арылмады

17.10.2018

Ош форумы

17.10.2018

Меңдешев білім алған мектеп 150 жылдығын атап өтті

17.10.2018

«Педагог мәртебесі туралы» заң қандай болуы керек?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу