Дариға Назарбаева: Әскерилердің әлеуметтік мәселелері шешілетін болады

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бастаған комитеттің көшпелі отырысында мемлекеттік шекараны күзету мәсе­лелері талқыланды. Шара ҰҚК Шекара қызметінің Оңтүс­тік Қазақстан облысындағы 2020 әскери бөлімінің аясында өтті.
Егемен Қазақстан
31.03.2017 1904
2

Талқылау алдында сенатор­лар Икрам Адырбеков, Мұхтар Алтынб­аев, Серік Жақсыбеков, Георгий Ким, Ләззат Қиынов Сары­ағаш шекара жасағының «Жібек жолы» өткізу бекеті мен «Дар­хан» шекара заставасында бол­ды. Олар қазақстандық шекара­шы­лардың жауынгерлік қыз­метімен танысып, инфра­құ­рылым нысандарын аралады.

Еліміздің Шекара қызметінің ба­сшысы, генерал-майор Дар­хан Ділманов отырыс барысын­да шекарадағы қазіргі жағдай, атқарылған жұмыстар, сондай-ақ шешуді талап ететін өзекті мәсе­лелер туралы жан-жақты хабардар етті. «Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерді (терроризм, экстремизм, есірткі, қару-жарақ контрабандасы, заңсыз көші-қон) ескере отырып, Шекара қызметі шығыс және солтүстік бағыттардағы шекараны күзету деңгейін төмендеткен жоқ, әрі басты назарды оңтүстік және оңтүстік-батыс стратегиялық бағыт­тарға аударуда», – деді ҰҚК Төрағасының орынбасары-Шекара қызметінің директоры Д.Діл­манов.

Қазіргі таңда Қазақстан-Қыр­ғызстан және Қазақстан-Түрік­менстан мемлекеттік шекарасын шегендеу процесі аяқталды. Қазақстан-Қырғызстан шекарасын шегендеу мен тәртібі туралы халықаралық шарттарға қол қоюға дайындық және келісу жұмыстары жүргізілуде.

2017 жылғы қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін Мемлекеттік шекараны күзету кезінде шекара аймағында 3 545 құқық бұ­зу­шылықтың жолы кесілді. 75,5 килограмм есірткі заты (оның ішінде, 50 килограмнан астамы – героин), сондай-ақ 16 қару мен 523 оқ айналымнан алынды.

Дариға Назарбаева Оңтүстік Қазақстан облысына екі күндік сапарды қорытындылай келіп, шекара қызметінің техникалық жаб­дықталуының жоғары дең­гейін атап өтті. «Бұл саланың басым­дыққа ие екені баршаға белгілі, әскери қызметшілерге әлеуметтік жағынан қорғалуы үшін барлық жағдай жасалады. Мәжілісте әскери қызмет туралы заңнамаға әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәсе­лелерін елеулі түрде жеңілде­тетін түзетулер енгізілді. Ол – өте ауқымды жұмыс, оны депутат­тар­дың еңбегі деп санаймын», – деді сенатор республи­калық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында.

Комитет төрайымы Д.Назар­бае­ва бюджет қаржысын елеулі түрде оңтайландыратын бірыңғай авиация қызметін құру керек деп санайды. «Жалпы алғанда, қиындықтарға қарамастан, адал қызмет ететін біздің әскерилерге ризашылығымды білдіремін. Біз осы мамандықты таңдаған адамдарға зор құрметпен қарап, олардың амандығына тілекші болуымыз керек. Алда Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығы келе жатыр, сондықтан біздің әске­ри­лерге журналистердің назар аударуын өтінемін. Олар біз­дің бейбітшілігімізді қамтамасыз етіп келеді. Қоғамды осы маман­дық­қа құрмет көрсетуге тәрбие­леу керек», – деді сенатор.

Сенаторлар сондай-ақ рес­пуб­ликалық «Жас ұлан» әскер мектебінде болды. Олар Ота­ны­мыздың жас қорғаушылары – мектеп тәрбиеленушілерімен кездесіп, әскери мектепке ком­пью­терлік сынып және дәрігерлік жабдықтар тарту етті.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Бас прокуратура өтемақы қорына өндіру тәртібін түсіндірді

21.02.2019

Дариға Назарбаева Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

21.02.2019

Airastana 1 сәуірден бастап Қазақстан арқылы Ташкентке рейстерді ұлғайтады

21.02.2019

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

21.02.2019

Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

21.02.2019

Семейлік оқушы-кәсіпкер Нәдір Сәбитов жиһаз шығаратын цех ашты

21.02.2019

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

21.02.2019

Қызылорда облысында электронды кітапханалар жұмыс істейді

21.02.2019

Шымкентте «Шымкентплан» құрылды

21.02.2019

Қарағанды облысында биыл дәрігерлерге 63 пәтер беріледі

21.02.2019

Ғалымбек Кенжебаев қазақ боксшыларының финалдағы жеңілісін түсіндірді

21.02.2019

Бангладеште өрт салдарынан 81 адам қаза тапты

21.02.2019

Мәжілісте Арал өңірінің өзекті мәселелері талқыланды

21.02.2019

Михаил Кукушкин Марсельдегі турнирдің ширек финалына өтті

21.02.2019

Қазақстан баскетболшылары әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Австралияны қабылдайды

21.02.2019

Қазақстандық гимнастар Мельбурндегі әлем кубогі кезеңіне қатысуда

21.02.2019

Австрияда шаңғы спорты түрлерінен әлем чемпионаты басталды

21.02.2019

Мәжілісте оңалту және банкроттық рәсімдерді жетiлдiру мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өтті

21.02.2019

Обыр дертінің соңғы кезеңінен келетін қауіп сейілді

21.02.2019

Бала Бақытжан «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу