Жайылымдар жайын қарастыратын заң жобасы Мәжіліске қайтарылды

Кеше Сенат басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен палатаның кезекті жалпы отырысы болып, онда аса маңызды заң жобалары қаралды.
Егемен Қазақстан
27.01.2017 2225
2

Күн тәртібіне сәйкес Сот-сараптама қызметі туралы және оған ілеспе заң жобасы алдымен қаралды. Заң жобалары бойынша баяндаманы Әділет министрі Марат Бекетаев жасады. Заң жобаларында мынадай тұжырымда­ма­лық ережелер қарастырылған екен: 1. Сот-медициналық, сот-наркология­лық және сот-психиатриялық сараптамаларды жүргізу функция­ларын бір мемлекеттік органға заң ая­сында орталықтандыру. Осы сала­дағы мемлекеттік бақылауды Әділет министрлігі жүзеге асырады. 2. Заң жобаларымен жеке сот сарапшылары институтын дамыту арқылы бәсекелес ортаны кеңейту ұсынылады. Осы мақсатпен заң жобасы сот сарапшылары палатасын құру және оның құзыретін белгілейді. 3. Сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік материалдарды әзірлеу көзделген. 4. Сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензияның қолданысын тоқтату және айыру туралы ұсыныстар Әділет министрлі­гіне енгізіледі. 5. Сот сарапшысы­ның өз міндетіне адалдығы бақылана­ды. 6. Сот-сараптама қызметін кадрлық және материалдық базалармен ны­ғайту, сондай-ақ сарапшылардың ғылыми әлеуетін нығайту үшін құ­қық­­тық жағдайларды жасау көздел­ген және т.б.

Баяндама аяқталған соң бірнеше сенатор өздеріне түсініксіз жайларды анықтау мақсатымен сұрақ­тар қойды. Соның ішінде сенатор Асқар Бейсенбаев сот-сараптама органдарының біліктілігі мен кәсіби дайындығы сараптаманың сапалы болуына тікелей әсер етеді дей келіп, сарапшылардың біліктілігін арттыру үшін қандай жұмыстар жүргізіледі және кәсіби біліктіліктерін арттыру үшін заң жобасында қандай нормалар көзделген деп сұрады. Оған министр сот-сараптама органдарын кадрлық нығайтуды қамтамасыз ету бағытында Әділет министрлігі біршама шаралар жасап отырғанын айтты. Мысалы, деді ол,  былтыр бір жылда 26 сарапшы шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті. Олар өз тәжірибелері мен білімдерін басқа­ларға да үйретуде. Сенатор Серік Бектұрғанов сараптаманың шы­найы­лығына күдік туса, құрылған комис­сияның қатысуымен кешенді түрде жүргізетін жаңа сараптама­ға салынады, дей келіп, судья  сол сараптардың қайсысын негізге алу керек­тігін сұрады. Оған министр соңы­нан жасалған кешенді сараптың басымды болатынын жеткізді.

Осындай талқылаулардан кейін заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасын жүргізген сенатор Людмила Полторабатько оны екінші оқылымда да қарауды ұсынып, шағын үзілістен кейін заң жобасы екінші оқылымда да қаралып, заң қабылданды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Жайылымдар туралы» заң жобасы болды. Депутаттардың баста­машылдығымен әзірленген бұл заң жобасы Сенатта желтоқсан айы­ның соңында бірінші оқылымда мақұл­данып, көптеген дүдамал жайттар ашылып, оны екінші оқылымға мұқият әзірлеу керектігі жөнінде ұсыныстар айтылған еді. Енді, міне, сенаторлар аймақтарға барып, жергілікті халықпен оны талқылағаннан кейін, екінші оқылымға шығарылып отыр.

Заң жобасы туралы баяндаманы сенатор Серік Біләлов жасады. Ол сенаторлардың ұзақ талқысынан кейін оған мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін айтты: республикалық маңызы бар қалалар және Астана мен Алматы қалаларының шегіндегі жерлерден жайылымдарды пайдалану жөніндегі нормаларды алып тастау; заң жобасын «аридтік жайылымдар», «жайылымдарды суландыру», «жайылымдардың жем-шөп мөлшері» ұғымдарына қатысты нормалармен толықтыру; жайылымдардағы су көздерінің тізбесін нақтылау; бір облыстың аумағындағы жайылымдарды басқа облыстардың пайдалануы­на беру бойынша нормаларды Жер кодексінің нормаларына сәйкестендіру және жайылымдарды алып қою нормаларын нақтылау.

Баяндама аяқталған соң сенатор Рашит Ахметов қазір Қазақстандағы малдың 80 пайызы жекеменшік қосалқы шаруашылықтарда екенін айта келіп, отырысқа қатысып отырған Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Г.Исаевадан осы саланы реттейтін заңның қашан дайындалатынын сұрады. Егер бұл заң болмаса «Жайылымдар туралы» Заңның да тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік болмайды, деді сенатор. Вице-министр 2007 жылы мұндай заң әзірленгенімен оны Мәжіліс кейін қайтарғанын айта келіп, енді ол заңнама әзірлеу жоспарына 2018 жылы ғана енгізілетінін айтты.

Заң жобасын енгізілген түзету­лері­мен Мәжіліске жіберу туралы шешім қабылданар алдында оны әзірлеуге қатысқандар арасынан сенатор Дулат Құсдәулетов мұндай шешімге өзінің қарсы екенін білдірген пікірлерін ортаға салды.  Оның ойынша «аридтік жайылымдар» деген түсінікті заң жобасына енгізудің жөні жоқ. Өйткені, ол ешқандай нормативтік-құқықтық негізге сүйенбеген. Барлық құқылық құжаттарда «аридтік аймақтар», «шөл және шөлейт жерлер» деген ұғымдар ғана қолданылады. Сондықтан «арид­тік жайылымдар» деп заңды нақ­ты­­лаудың қажеттілігі жоқ. Сенатор осы және басқа да түзе­ту­лер мен толық­ты­руларды ен­гізу негізсіз екенін атады.

Оған қарсы пікірді сенатор Қуа­ныш Айтаханов айтып, ұсынылған түзету­лер мен толықтырулардың негіз­ді екенін дәлелдеуге тырысты. Ол заң жобасының салалық ғылыми инсти­тут­тардың ғалымдарымен де талқылан­ғанын ортаға салды. Республиканың 14 облысының 11-індегі жайылымдар аридтік, яғни қуаң, шөл және шөлейт жерлердегі жайылымдар екен. Сондай өте ұланғайыр алқаптың, маңызды жайылымдардың мәселесін заңға енгізбей, көзге ілмеу қисынсыз екенін айтты шешен. Сонымен қатар, ол заң жобасына суландыру мәселесін енгізудің де маңызды екенін жеткізді. Жер кодексінде ондай ұғым жоқ, онда тек «суландырылған» деген ұғым бар. Ал біз «суландыру» деген ұғым енгізіп отырмыз, бұл келешекте суландыратын деген ұғым, деді сенатор.

Осындай қызу талқылаулардан кейін,  салыстырмалы кесте қаралған соң, «Жайылымдар туралы» және оған ілеспе заң жобаларын енгізілген түзетулерімен Мәжіліске қайтару туралы көпшілік дауыспен шешім қабылданды. Сенаторлар енгізілген түзетулерді бірауыздан емес, тек көпшілік дауыстармен ғана қабылдап отырды. Осының өзі Сенат жұмысына деген қызығушылықты тудырды.

Күн тәртібіндегі мәселелер қара­лып болған соң, бірнеше сенатор орта­лық билік органдарына өздерінің депу­тат­тық сауалдарын жариялады.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

ҰБТ-ке өзгерістер енгізілуде

21.11.2018

Елбасы білім беру жүйесін одан әрі жаңғырту мәселесі жөнінде кеңес өткізді

21.11.2018

Түркістанның ежелгі беделін қайта көтеру – бүкіл түркі әлемі үшін үлкен жетістік болады

21.11.2018

Мархабат Байғұт: Әлемдік әдемі әңгіме

21.11.2018

Түркі киносын әлемге танымал етудің жайы талқыланды

21.11.2018

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы өндіріс нысандарын аралады

21.11.2018

«Егемен Қазақстан» газетінің журналистері болашақ тілшілермен кездесті

21.11.2018

Голландиялық бизнесмен Ақтөбе облысының инвесторларға тартымды екенін айтты

21.11.2018

Нұрболат Ахметжанов: Көне тарих көмескі тартпасын

21.11.2018

Әбдіманап Бектұрғанов: Тарихқа тағзым

21.11.2018

Қ.Әбдірахманов: «Ұлы даланың жеті қыры» әлем мәдениетін жақындастырады

21.11.2018

Павлодарда археологтар б.з.д. 5-ші мыңжылдықта жерленген жылқылар сүйектерін тапқан

21.11.2018

«Ақтөбе» футбол клубы сенімді басқармаға берілді

21.11.2018

Ұлттар Лигасының қорытындысы шығарылды

21.11.2018

Такир Балықбаев: Жаңа еңбек жаңаша ой салды

21.11.2018

Ақтөбеде кәсіп бастағысы келетін жандарға кеңес берілді

21.11.2018

Мәулен Әшімбаев: Ұлт тарихын танудың жаңа кезеңі

21.11.2018

Chartbeat жобасы аясындағы байқау жеңімпаздары ашық деректер панелін құрады

21.11.2018

Жапония мен Грузия дзюдошылардың қарқыны күшті

21.11.2018

Дархан Кәлетаев: Ұлы даланың ұлағаты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу