Жерар Гоу: «Қайрат» маған үлкен мүмкіндік сыйлады

«Қайрат» сапында ойнайтын ивуар шабуылшысы Жерар Гоу Қазақстан премьер-лигасы жайлы, алдағы уақытта ұлттық құрамалардың бірінде ойнағысы келетіні жайлы uefa.com сайтына сұхбат берді. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
Егемен Қазақстан
23.01.2017 5647
2

Соңғы екі маусымда ол Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені атанған ол осы жетістігі жайлы: «Өзіме деген сенімділігімнің арқасында үшінші жылымды ойдағыдай аяқтадым. Маған берілген басты тапсырма – гол соғу. Алаңда жүргенімде тек осы жағын ғана ойлаймын. Көңілімдегі кірбіңді жою үшін қарсы қақпаға гол соғуым керек. Жанкүйерлердің артқан сенімі маған ерекше күш береді», – деді ол.

Жасындай жарқылдап жүрген ойыншы әйгілі клубтардың көзіне түспеуі мүмкін емес. Бірақ ол «Қайраттан» кетер ме екен?

«Рас, маған бірнеше клуб қызығушылығын білдірді. Бірақ қазіргі командаммен келісімшартым әлі бір жылға дейін жарамды. Нақтырақ айтар болсам, арабтардан, қытайдан, сондай-ақ Еуропадан бірнеше ұсыныс келіп түскен. Әзірге «Қайраттар» кетер ойым жоқ», – деді Жерар.

Кей футболшылар бірнеше команда ауыстырғанмен, өзінің стиліне келетін клубты әрең жолықтырып жатады.


«26-28 жаста ойыншыларға ерекше күш бітіп, футболдың не екенін шынайы түрде сезініп жатады. Мен де дәл қазір сол жастамын. Өзімді дамыту үшін күн сайын еңбектенемін. Ал «Қайрат» маған бәрін берген команда. Бір кездері Ресейдің «Краснодарында» аздап доп теуіп үлгердім. Үздіктердің бірі екенімді дәлелдеуім үшін алаңға жиі шығуым керек. Бірақ ылғи да шет қалып жаттым. Командам жеңіске жетіп жатқанның өзінде көңілімдегі мұң сейіле қоймады. Егер мүмкіндігім көп болғанда нәтижелі форвардтың бірі болар едім», – деп еске алды.

Сұхбаттарының бірінде ол Андрей Аршавин мен Анатолий Тимощукті бұған дейінгі әріптестерінің ішіндегі ең үздігі деп атаған болатын. Неліктен?

«Тимощук Бундеслигадағы әйгілі «Бавария» командасында, ал Аршавин «Арсенал» мен Ресей құрамасында көшбасшы ойыншылардың бірі болды. Әлемдік деңгейдегі қос жігіт бізге келіп, кәсіби деңгейге көтерілуімізге септігін тигізді. «Қайрат» маған дейін де өзіндік орнын қалыптастырып қойған, ал таңдаулы легионерлер келгеннен кейін жақсара түсті. Қайрат Боранбаев (клуб басшысы) команданы дамыту үшін үлкен істер атқарып жүр», – деді ивуар ойыншысы.

Мансабын аяқтаған Анатолий жаттықтырушы болуы мүмкін екендігі жөнінде ақпарат бірнеше рет тараған. Футболда адам жақсы ойыншы болғанмен, бапкер ретінде өзін оң қырынан көрсете алмайтындар жетеді. Мәселен, әйгілі Марадонаны алайық. Аргентинаны әлем чемпиондығына сүйрегенмен, бапкерлік жолда Германиядан ойсырай ұтылып, орнынан қуылғаны бар. Ал Тимощуктің жолы қандай болмақ?

«Ол алаңда бізге жөн сілтейтін жандардың бірі болатын. Футболдың қыр-сырын жетік біледі. Бұл істе де үлкен жетістіктерге жететініне сенім артамын. Әлемдік футболда үлкен белестерді бағындыруына тілектеспін!» – деді.

Жақында ол Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғағысы келетінін мәлімдеген болатын. «Мен Ұлы дала еліне көшіп келгеніме екі жылдан асты. Журналистер де, жанкүйерлер де осы сұрақты жиі қояды. Мен әрине, дайынмын. Бірақ бұл іс жүзеге асуы үшін бірінші менің төлқұжатым болуы керек әрі федерациядан ұсыныс түсуі керек», – деп ағынан жарылды ол.

Алматының командасы өткен маусымда чемпиондықтан кезекті мәрте құр қалып, ел Кубогының финалында «Астанаға» жол берген.

«Бір жағынан алып қарайтын болсақ, маусымды жақсы аяқтадық деп айтуға болады. «Қайратты» Қазақстанның үздік клубы деп сенімді түрде айта аламын. «Астанамен» төрт мәрте кездесіп, үшеуінде жеңіске жеттік. Ал финалда ауа райының қолайсыздығына байланысты есе жібердік. Көбіне комбинациялы футболға үйренгендіктен, толассыз жауған қардың салдарынан бұл жоспарымызды жүзеге асыра алмадық», – деді Гоу.

Ивуар ойыншысы бұған дейін әріптестерінің әзілге жақын екендігін мәлімдеген.

«Бізде ешкімге көрсетуге болмайтын бір видео бар. Бірақ оны әлеуметтік желілерге шығармаймын, журналистерге көрсетпеймін. Бірде Исламбек Қуат киім салатын сөмкеме ойыншық өрмекшіні салып қойып, бүкіл команда болып, осыны түсіру үшін тығылып күтіп отырған екен. Бөлмеге кіріп келіп, сөмкемді аша бергенім сол еді әлгі ойыншық көз алдыма тірі жәндік сияқты елестеп, шошып кеттім. Бұл жайтты ешқашан ұмытпаспын», – деп еске алды.

Болашағынан зор үміт күттіретін Бауыржан Исламхан 23 жасында капитан болып үлгерді. Премьер-лиганың бірнеше рет үздік ойыншысы атанды.

«Ол жоғары деңгейлі чемпионаттарда ойнауға қабілетті. Жас болса да бізге бас болып жүр. Осы қалпында тоқтап қалмай, шыңдалып, біраз белестерді бағындырады деп үміттенемін», – деді әріптесі жайлы.

«Астана» мен «Шахтер» Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнап үлгерді. Ендігі қазақ жанкүйерлері тарихы терең «Қайраттан» да осы нәтижені күтіп жүргені белгілі.

«Қазақстан командаларының мұндай чемпионаттарда өздерін көрсеткеніне іштей қуанамын. Қазақ футболының дамуы үшін мұның үлкен септігі тиеді. Ал біз келесі маусымда осы нәтижеге қол жеткіземіз деп үміттенемін. Командамыз үшін де, жігіттер үшін де бұл жақсы болар еді. Әр маусым сайын осыған жетсек екен деп армандаймыз. Бірақ болмашы бір қателіктің салдарынан жолымыз болмай кетеді. Мәселен, «Маккабиге» қарсы бірінші ойынның соңғы секундтарында гол жіберіп қойсақ, 2015 жылы «Бордоға» қарсы матч та дәл осылай өрбіді. Іріктеу кезеңінде өзгелерге қарағанда жолымыз ұзақ, төрт ұжыммен кездесеміз. Дегенмен, топтық кезеңге түсу үшін барымызды саламыз», – деді Гоу.


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Б.Сағынтаев энергия үнемдеу жобалары бойынша инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды

19.11.2018

Энергия үнемдеу жобаларын іске асырудан түсетін жыл сайынғы үнем 3,5 млрд теңгені құрайды

19.11.2018

Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

19.11.2018

Жыл басынан бері қазақстандық және шетел әуе тасымалдаушылары 13 жаңа бағытты ашты

19.11.2018

QazaqGeography съезі ұйымның жаңа кеңсесінде өтті

19.11.2018

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік төзімділік саммитіне қатысты

19.11.2018

Дін саласының жағдайы туралы баяндаманың қорытындысы жарияланды

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу