ДИДАРЫ АЖАРЛЫ, ӨМІРІ БАЗАРЛЫ

Егемен Қазақстан
13.01.2010 2152
Қандай қоғам болсын ең алдымен ынтымақ пен бірлікті ту көтеріп, ұлы мұраттарын да осы ұғымдармен байланыстырған. Осы қағидадан ауытқымаған қызыл коммунистер де өткен ғасырдың отызыншы жылдарында жаңадан құрған ұжымдарға “Ынтымақ”, “Бірлік”, “Үлгілі”, “Қоғамшыл”, “Жаңа құрылыс” деген атаулар беріпті. Жамбыл ауданында шағын ұжымшар ретінде ұйысқан ауылдар бүгінде өсіп-өніп, іргеленген. Де­ген­мен, әлі де солай аталады. Өйт­кені, ынтымақ пен бірліксіз дүние тірлігінің тізгіні тең болмай­тынын ауыл адамдары жақсы түсінеді, оны өмірлерінің арқауына айналдырған. Алатаудың етегіндегі Ынтымақ ауылына арнайы ат басын бұрып, қарлығаштың ұясын­дай қасиетті мекеннің тыныс-тіршілігімен та­ныс­­тық. Ондағы адамдардың шы­найы сыйлас­тығының куәсі бол­дық. Жадырай қарсы алған Ұзын­ағаш ауылдық округінің әкімі Жан­ғали Базарбаев, Ынтымақ орта мек­тебі­нің дирек­торы Гүлнаш Жы­лан­көзова ауылдың құрметті қа­рия­ларын, қарымды шаруа ие­лерінің басын қосып, таныстырды. Ын­тымақтағы ағайындар арасында алғашқы әңгі­ме­ге араласқан Яша Карслиев әңгі­ме­сін әріден бастады. Қазақ тілінде шешіле сөйлеп, бү­гінгі Елбасының жүргізіп отыр­ған сая­са­ты­на деген ыстық ықыласын білдірді. – Месхеттік түріктердің бір бөлігі 1944 жылы қараша айында Гру­зиядан жер аудары­лыпты. Ста­линдік саясаттың қаталды­ғынан қа­ғажу көрген аз ұлттардың қа­та­рын­да арып-ашып Қазақстанға зор­ға жеткен шешеміз осы ауылдан тұ­рақ табады. Әкеміз Апу 1938 жылы әс­керге алынып, содан соғыс сұра­пы­лын түгел басынан өткеріп, 1946 жылы отбасымен осы ауылда қауы­ша­ды. Қазақша оқыдым,– деді ол. Я.Карслиев әңгімесін былайша сабақтады: – Қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәс­түрі тұла бойымызға етене сіңісті. Тойымыз да, асымыз да ор­тақ. Былай алғанда, қазақ болып кеттік десе де болады. Тәуел­сіз­діктің арқасында Елбасының сын­дар­лы саясатымен талай дүниеге қолымыз жетті. Дербес шаруа қожалығын құрдық. Қазір 8 гектар суармалы, 3 гектар тәлімі жерімізге арпа, жоңышқа егеміз. Алматыға жақын орналас­қан­дық­тан, бұл – үлкен байлық. Сонымен бірге, жеке мал ұстаймыз. Бұрын да “Ұзын­ағаш” ұжымшарында ме­ханизатор, жүр­гізуші болып істеген маған тех­никаның тілі таныс. Трак­то­рымыз, соқамыз, басқа қажетті құрал-саймандарымыз жеткілікті. Әйелім Вайда екеуміз алты бала өсіріп тәрбиеледік. Елмен араласымыз, ынтымағымыз жақсы, ертеңімізге еш алаңдамаймыз. Менің бір ұққаным, жерді күтіп мәпелеген адамды жер-ана жерге қаратпайды екен. Соны түсіну керек. Ал, ауыл­дықтар арасындағы ынтымақ – баға жетпес байлығымыз. Ауылдасының сөзін жалғаған Га­лина Гиркина да әңгімеге ор­тақ­тасты: – Жұбайым Николай екеуміз 1985 жылы Атыраудан көшіп келіп, Ынтымақ ауылына қоныстандық. Содан бері де ширек ғасырдай уақыт өтіпті. Ауылдың тіршілігі, табиғаты, адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы керемет. Шын мәнінде, Ынтымақ десе ынтымақты ауылмыз. Бөліну, жіктелу, бөтенсу атымен жоқ. Көр­шілер тіпті туған бауы­рымыздай. Бір-бірімізсіз ас батпай тұрады. Мереке дастарқанынан, құдайы тамақ рәсімінен қалдырмайды. Ал, Ораза кезінде өзіміз де арнайы ау­ы­зашар беретініміз бар. Бары­мыз­ды бөлісіп ішіп, сыйласып өмір сүріп жатқанымыз бір ғанибет. Өз басым бұл ауылдан ешқайда кет­пей­мін. Шағын шаруа қожа­л­ы­ғы­мыз кенже ұлдың атымен “Вова” деп аталады. Суармалы жерге май­бұршақ, 4,5 гектар тәлімі егістікке арпа-бидай егіп, бұйырған өнімін алып жүрміз. Жұбайым – “Реал-Вей контракшн” фирмасының бас ин­женері. Астана – Атырау – Ақ­тау жолын салып жатыр. Үлкен ұлы­мыз Александр “Боран” арнайы бө­лімшесінде қызметте, қызымыз На­талья Алматыда тұрады, дәрігер. Кенжеміз Владимир осы Ынтымақ мектебінде қазақша оқиды. Қазір Қазақ көлік-коммуникация ака­де­миясының студенті. Өзім ма­ман­дығым бойынша агроном едім, жер­дің бабын біраз білемін. Шаруа қо­жалығын қолға алғаным да содан. Г.Гирхина этносаралық татулық пен мемлекеттік тіл туралы айт­қанда, оларды өте бір нәзік мәселелер ғой, дейді. Оның сөзіне қарағанда ең бастысы, адамдар құқығының барлық тұрғыдан сақталуы, әлеу­меттік теңдігі. Елбасы бастаған демократиялық қоғамның құнды­лығын түсіне отырып, мемлекет тәуелсіздігін ерекше бағалау қажет. Ал, түрлі этностар арасындағы дос­тық пен ынтымақ – мемлекеттік сая­саттың жемісі. Лайым осы саясат баянды болсын. Осы “Ынтымақ” ұжымшарында талай жыл звено жетекшісі болған Бопатай Барлыбаева­ның қызы Күлғайша Малаеваның пікірі де көңілге қонымды: – Өзім қазақтың қызымын, күйеуім Аббас Малаевтың ұлты – ұйғыр. Ол Қытайдан бері өткен соң, 1963 жылы тағдыр бұйры­ғы­мен жарасып қосылғанбыз. Тоғыз бала өсірдік, төрт қыз, бес ұлым, шүкір, ержетті. Екеуміз ұзақ жыл ұжымшардың қойын бағып, озат шопан деген құрметті де көрдік. Кейін сауыншы болдым. Қазір жасым 70-ке келді. Өз ағайын­да­рым­мен де, ұйғыр туыстарымызбен де жақсы араласамыз. Түсінгенім – адамның көңілі кең болса, жет­пей­тін ештеңе жоқ. Оның үстіне бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде не кием, не ішемін десең де бәрі бар. Соңғы жылдары ауылымыз тіпті көркейе түсті. Үйлер салынды, таза ауыз су құбыры тартылды, ағын су әр ауланың бау-бақшасына еркін жетеді. Шет елдерден қандаста­ры­мыз көшіп келіп, іргеміз кеңейіп жатыр. Бәрі жақсылықтың, ел іш­індегі ырыс-берекенің, ауыз­бір­ліктің арқасы. Біз сияқты аналар осы бақытымыз баянды болғанын қалаймыз. Бүгінгі елдің түтіні түзу шығып жатса, одан артық не керек. Бір кездері осы елді мекенде чешен ұлтының өкілдері тұрақтаған екен. Солардың бірі Қудуз Дадаев қария да өткен өмірі мен бүгіні жайлы айтқанды ұнатады екен: – Ауылдағы чешен отбасының біріміз. Ата-анамыз осы Ынты­маққа көшіп келген соң қазақ­тар­дың балаларымен, тай-құлындай асыр сап бірге өстік. 1970 жылдан бергі аралықта мен қой да бақтым, зоотехник те болдым. Шаруаның бәрін істедім. Қазір 51 гектар жерім бар. Оның 6,3 гектары суармалы, 12 гектары тәлімі егістік. Жыл са­йын майбұршақ егемін. Өткен жылы әр гектарынан 18 центнерден өнім алдық. Жағдайымыз жаман емес. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін бір адамдай білеміз. Бес баламыз бар. Үшеуі үйленіп, шаңырақ көтерді. Зайыбым Роза Мұсаева екеуміз мал баққан жылдары ол үнемі аға шопан болып, абыройға бөленді. Дастарқанымыздан қонақ үзіліп көрген емес. Бәрі сыйластықтың арқасы ғой. Осы арада әңгімеге Қудуздың зайыбы Роза араласты: – –“Чешендер сүргінге ұшыраған жылдары қазақтардың арқасында аман қалғанын біздің ата-анамыз балаларының құлағына құйып оты­ратын. Егер Алла шынайы рақы­мы­мен пейіштен орын сайласа, оған барар халықтың бірден-бірі осы қазақ”, дейтін. Біз соны естіп өстік. Өзіміз де қазақтармен бір үйдің балаларындай біте қайнасып, есейдік. Дархандығына бас иеміз, рахметіміз шексіз. Қазіргі бақытты, бейбіт өмірімізге, ел тәуелсіздігіне шын риза отбасының бірі бізбіз. Ұлы Отан соғысының ардагері Көбетай Созақбаев зеңбірекшілер бөлімшесінің командирі болған екен: –Танкіге қарсы снаряд ататын зеңбіректен оқ жаудырып жатқан Волоколамск түбіндегі ұрыста жарақат алдым. Алайда, жазылған соң сапқа қайта тұрып, 1950 жылға дейін әскер қатарында жүрдім. Елге оралған соң біраз жыл орта мектеп­тер­де директор болдым. Заре­ч­ный­дағы еңбекпен түзеу мекемесінің бас­тығы қыз­метінен зейнетке шықтым. Біздікі енді жастар­дың жетістігіне сүйіну. Ал, бәрінен қымбаты еліміздегі ынтымақ пен бір­лік. Кемпірім Нүрке екеуміз сегіз баланың ата-анасымыз. – Расында, біздің ауылдың аты­на заты сай,– деп бастады әңгімесін Нұрлан Ахметжанов. –Бірлігі бекем. Ынтымақ – өзіндік достық тағылымы бар, онысы өзге­лерге үлгі боларлық құтты мекен. Сондықтан да сонау 2001 жылы 14-17 шағын шаруа қо­жа­лық­­тарын біріктіріп, олардың же­кеменшік жерлерін жалға алдық та “Ынты­мақ” шаруашылы­ғын құр­дық. Бүгін­де жүздеген суармалы алқап­ты, тәлімі егістікті игерудеміз. 300 гектар жайылымдық, шұрайлы өріс өз алдына. Өткен жылы көкөніс, майбұршақ, темекі, астық септік. 30-40 адамды жұмыс­пен қамтыдық. Егін шаруашы­лы­ғына қосымша мал өсірумен де ай­на­лы­самыз. Төрт түлік өсіріп, жүйрік баптап, жылқы тұқымын асыл­дан­дыруға ден қоя бастадық. Ауылда бізден басқа Азамат Сұлу­беков, Гүлнәр Келген­баева, Мұқа­мет­қали Жұрынов сынды іскер азаматтар шаруашы­лық жүргізуді жолға қойып отыр. “Елде болса, ерінге тиеді” деген емес пе, алынған өнім­нің мөл­шері­не қарай жер иелеріне табыс үлесін тең бөлеміз. Одан тыс осы орта мектептің түрлі шара­ла­рына жәр­дем­десеміз. Жағ­дайы кел­мейтін отбасыларына жем-шөбін же­ткізіп береміз. Шама келсе, ауылдастың алғысын алғанға не жетсін. Кездесуді аудан әкімінің орын­ба­сары Жан­дар­бек Далабаев қо­рытындылап, Елбасының бас­та­ма­сымен жүзеге асқан “Жол картасы” бағдарламасының өткен жылы ауданда ойдағыдай орындалғанын, осыған орай биылғы жылдың жоспары бойынша Ынтымақтағы орталық көшеге де асфальт төсе­леті­нін айтып, жиналғандарды қуантты. Тұрғындарды таза ауыз сумен қамту мәселесінің толық шешілгені ортаға салынды. Иә, 2018 адам тұратын 300-ге жуық ауласы бар Ынтымақ ауылы осындай. Оның орта мектебін бітірген шәкірттер өткен оқу жы­лын­да ҰБТ нәтижесі бойынша ау­дан­да алдыңғы орындардың бірін иеленіп, жоғары оқу орындарына түсіп­ті. Озаттар мен екпінділер саны жеткілікті. Жыл сайын іргеленіп, күн сайын көркейген Ынтымақ ауы­лы­ның болашағы зор. Ондағы аза­мат­тардың дидары ажарлы, табысы базарлы. Әрдайым ынтымағы жарасып, қуанышы молая берсе деген тілек көкейде тұрды. Күмісжан БАЙЖАН, Аматы облысы.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.01.2019

Жас мамандар Балқашқа келіп, баспаналы болды

16.01.2019

Дәрі-дәрмек бағасы реттеледі

16.01.2019

Медициналық туризмді дамытуға үлес қоспақ

16.01.2019

Енді дәрігер «қағазсыз» емдейді

16.01.2019

Саланы ілгерілетудің соны мүмкіндіктері

16.01.2019

Түркістанның (Шауғар, Ясы) ортағасырлық кемеңгер перзенттері жайлы жаңа деректер

16.01.2019

Ескі тарихтың жаңаша жазылуы

16.01.2019

Нөмір сатудан 4 миллиард теңге табыс түсті

16.01.2019

Bas paıda algorıtmi

16.01.2019

Электронды қызмет – заманауи міндет

16.01.2019

Өмірдегі орны бөлек еді

16.01.2019

Қазақстанда баспасөздің міндеті

16.01.2019

Шыңғыс Айтматов. Эйфельдейін мұнараның маңында...

16.01.2019

Бағалы металдар нарығы: Инвестиция салғандар өкінбейді

16.01.2019

Теңге бағамының тұрақтылығы сақтала ма?

16.01.2019

Дуал дауы саяси текетіреске ұласты

15.01.2019

Елімізде бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік құрылады

15.01.2019

Македония бұдан былай екі тілді мемлекет

15.01.2019

Астанада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетушілер саны ұлғаяды

15.01.2019

Жер үшін жетпіс мың арызды арқалаған Ақтау

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Oıynshyq týraly oı

«Bárimiz balalyqtyń aýylynan kelgen­biz», oıynshyqpen oınaıtyn jastan áldeqas­han asyp ketsek te, keı-keıde balalarymyzdyń qolyndaǵyǵa qyzyǵa qarap qoıamyz. Qyńqyldap qandaı oıyn­s­hyq suraǵanyn, dúken sórelerinen kóz ala almaı turatynyn baqylaı júrip, búgingi balalardyń talǵamyn da birshama túsinip qalǵan sıaqtymyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ataý men aqaý

Dúken, meıramhana, qonaq úı, shashtaraz, sulýlyq, sán salondary, basqa da túrli nysandardyń ataýy mańdaıshaǵa japsyryla salǵan jáı ǵana jazý emes, ulttyq bolmysymyzdy, ulttyq rýhymyzdy, qoǵamdyq sanany qalyptastyratyn, tárbıelik máni zor mańyzdy faktor sanalady. Solaı degenmen ókinishke qaraı, bul qurǵyryń túbiri sýyrylmaı qalyp qoıatyn aramshópti qansha otaǵanyńmen qaıta-qaıta qaýlap shyǵa beretini sıaqty áli kúnge deıin sheshimin tappaǵan túıini kóp túıtkildiń birine aınalyp otyr.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу