Е. Біртанов Қызылорда облысының медициналық активімен кездесті

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қызылорда облысының медицина қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Егемен Қазақстан
06.04.2017 2666
2

Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында денсаулық сақтау саласындағы негізгі инновацияларды, отандық медицинаны жаңғыртудың бағыттарын түсіндірді. Жұмыс сапары барысында министр облыстың медициналық активімен, медициналық қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлермен кездесіп, республикадағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шаралары туралы түсіндірді.

Е. Біртанов  жұмыс сапарын Қызылорда облысының Ахуалдық орталығы жағдайымен танысудан бастады. Аталған орталық өңірдің қоғамдық-саяси ахуалының макроэкономикалық көрсеткіштерін болжаумен, әлеуметтік-экономикалық  даму мониторингін талдаумен айналысады. Е. Біртанов орталықтың жұмысымен танысумен қатар, «Денсаулық сақтау» жүйесінің тармақтарына назар аударды.

«Жүйенің аталмыш тармағы ауру мен өлім-жітімнің жалпы көрсеткіштерін аймақтар бойынша бақылау және салыстырмалы талдаулар жасап, ана мен бала өлімінің себептерін, әлеуметтік маңызы бар аурулар, эпидемиологиялық жағдай мен алдын алу шараларын жедел бақылайды және өңірдің медициналық мекемелерінің ахуалын қадағалауды қамтамасыз етеді», - деп хабарлады орталық басшысы Индира Ақжігітова.

Сондай-ақ, Е. Біртанов аймақтың медицина қызметкерлерімен кездесіп, Елбасы Жолдауында денсаулық сақтау саласы бойынша берілген тапсымаларды орындау барысы туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде сөз қозғады.

«2016 жылы медцина саласының қызметкерлеріне, жергілікті тұрғындар мен жұмыс берушілерге енгізілген өзгерістерді түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Арнайы штабтар құрылып, БАҚ арқылы ақпараттандыру шаралары белсенді түрде жүзеге асырылды», -деді облыс әкімі Қ. Көшербаев жиналыстағы кіріспе сөзінде.

ҚР Денсаулық сақтау министрі шектеулі мерзім аралығында МӘМС жүйесін енгізу жөніндегі ақпараттандыру-насихаттау жұмыстарын күшейту қажет екендігін айта келіп, 5 сәуір мен 31 маусым аралығында елімізде жаппай емханаға тіркелу науқаны жүзеге асырылатынын атап айтты.

Сондай-ақ, ҚР азаматтары қосымша медицина қызметтері немесе ақылы медицина қызмет түрлерін (ақылы палата, қымбат дәрілерді бірлесе отырып сатып алу, науқастың қалауы бойынша тексерілу және т.б.), ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) немесе тегін медицина қызмет түрлерін қабылдауға құқылы.

«ҚР Заңына сәйкес, медициналық сақтандыру жүйесі ҚР тұрғылықты азаматтары мен Қазақстанда тұратын, жұмыс істейтін шетел азаматтарына да міндетті болып табылатынына назарларыңызды аударғым келеді. Бұл - Қазақстанда тұратын әр адамға, шетелде тұратын әр қазақстандыққа мемлекеттен немесе жұмыс берушіден, азаматтың өз қаржысынан ӘМС қорына жарна немесе төлем аударылуы тиіс дегенді білдіреді», - деді ведомоство басшысы.

Әрі қарай Е. Біртанов №2 қалалық емхананың жобасы бойынша денсаулық сақтау басқармасы мен «Қызылорда шипажайы» ЖШС арасындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде өзара келісімшартқа қол қою шарасына қатысты. Облыста мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында денсаулық сақтау бойынша 6 жоба мақұлданды, оның ішінде №2,4 емханалар және 4 дәрігерлік амбулаториялар жұмыс атқаруда.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2019

Сенаторлар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

19.02.2019

56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды

19.02.2019

«Сергек» жобасы жол-көлік оқиғаларының санын 15%-ға төмендетті

19.02.2019

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

19.02.2019

Халық сауалы жауапсыз қалмайды

19.02.2019

Қызылордада алаяқтар азаймай тұр

19.02.2019

Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

19.02.2019

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

19.02.2019

«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

19.02.2019

Оразалы Досбосынов атындағы аудитория ашылды

19.02.2019

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

19.02.2019

«Смарт-Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды

19.02.2019

Дәурен Сүйеукенов: дзюдодан Еуропа кубогінде ел чемпионатындағы есемді қайтардым

19.02.2019

Әлия Юсупова Гран-при кезеңі мен Будапешттегі халықаралық турнирді қорытындылады

19.02.2019

Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев батыр баламен кездесті

19.02.2019

Жер жаһанды шарлаған Мағжан

19.02.2019

Қарағандыда 24 000 жер үйге газ құбыры тартылады

19.02.2019

Абылайхан Жүсіпов Софиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

19.02.2019

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

19.02.2019

Қарағандыда биыл қандай жолдар жөнделеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу