Екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық маңызға ие

Венгрия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Андраш Баранимен әңгіме
Егемен Қазақстан
04.04.2017 3160
2

– Елші мырза, Қазақстан мен Венгрия арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына биыл 25 жыл толды. Қазақстан сіздің елді Шығыс Еуропадағы сенімді әріптес деп санайды. Жалпы, ширек ғасыр ішіндегі екі ел арасындағы қатынастардың даму қарқынын қалай бағалайсыз? Оған қаншалықты көңіліңіз толады? 

– Өз басым, Қазақстан мен Венгрияны дипломатиядан басқа да құнды дүниелер байланыстырады деп есептеймін. Біріншіден, біздің өткен тарихымыз ортақ, түбіміз бір. Мажарлар – өзінің Еуропадағы орнын ат арқасында жүріп тапқан Кәрі құрлықтағы жалғыз көшпелі халық. Аттан түскенімізге мың жылдан астам уақыт өтсе де, арғы тарихымызды білеміз, құрметпен қараймыз. 

Венгрия Ұлы Еуразия даласының ең батыс бөлігінде орналасқан. Осы географиялық орнымызды тапқан ұзақ сапарға бабаларымыз қазіргі Батыс Қазақстаннан аттанған. Моңғол шапқыншылығы кезінде қыпшақтар Қотан ханның бастауымен қазіргі Венгрия орналасқан аумақтан сая тауыпты.

Біздің елде Ұлы Құман және Кіші Құман деп аталатын екі орталық облыс бар. Бұл өңірлерде 200 мыңға тарта этностық қыпшақтар тұрады. Қаншама ғасыр өткеннен кейін олар тілдерін ұмытса да, өздерінің қыпшақ екенін ұмытқан жоқ, тектік тұтастығын сақтап қалды. Қыпшақ-Венгр одағы да құрылғанын айта кетейін, бұл одақтың құрметті төрағасы – Венгрияның Ұлттық экономика министрі Михай Варга.  

Ал осы ширек ғасырдағы екі елдің қатынастарына тоқталар болсам, бірінші кезекте, біз Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған ең алғашқы мемлекеттердің бірі екенімізді, дипломатиялық қатынастар орнатқан алғашқы елдерің бірі болғанымызды мақтан тұтамыз. Ширек ғасыр мемлекеттің тарихы үшін айтарлықтай маңызды кезең, осы уақыт аралығында Қазақстанда азаттықтың қадірін білетін, басқа елдермен дипломатиялық байланыстарды бағалайтын жаңа буын өсіп шықты.  

Осыдан бірнеше күн бұрын ғана 2016 жыл бойынша Қазақстан-Венгрия арасындағы экономимикалық байланыстарды суреттейтін статистикалық дерек шықты. Дерекке сүйенсек, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 16 пайызға өсіп, 188 миллион АҚШ долларын құрапты. Осылайша, тауар айналымының көлемі дағдарысқа дейінгі көрсеткішке жетіп отыр. Меніңше, жаһандық экономикалық үдерістерді назарға алар болсақ, бұл – жақсы көрсеткіш.  

Табысты әріптестіктің тағы бір көрінісі – бірер апта бұрын ғана Білім және ғылым министрі К.Сағадиевпен бірге Білім беру саласындағы әріптестік туралы келісімге қол қойдық. Осы келісімнің аясында Венгрия Үкіметі біздің елдің бетке ұстар жоғары оқу орындарында білім алатын қазақстандық студенттерге бөлетін грант саны 45-тен 200-ге көбейді. Яғни, алдағы оқу жылынан бастап 200 қазақстандық студент стипендиялық бағдарлама бойынша білім алуды бастайды.  

Сіз екеуміздің сұхбатымыз қашан жарияланатынын білмеймін. Айтайын дегенім, бірнеше күннен кейін Қазақстан мен Венгрияны тура және ауыспалы мағынада жақындастыра түсетін маңызды бір жаңалықты айтып, сүйінші сұрамақпыз. Дәл қазір ол туралы егжей-тегжейлі айта алмаймын. Шет жағасын баяндар болсам, Астана мен Будапешттің арасында 4 мың шақырымға жуық қашықтықты 5 сағатқа жетпейтін уақыт ішінде бағындыруға мүмкіндік туады.

– Жалпы, алдағы уақытта экономиканың қандай салаларында қатынас артады деп ойлайсыз?

– Өткен жылы Қазақстан-Венгрия арасында ауыл шаруашылығы саласына тікелей инвестиция құюды көздейтін қор құрылды. Құрылтайшылары «Қазагрохолдинг» пен Eximbank. Екі тарап 20 миллионнан бөлген қордың жарғылық капиталы 40 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұл қаражат соңғы тиынына дейін Қазақстанда кәдеге жаратылады. Біз венгриялық технологиялардың базасында бірлескен кәсіпорындар құруды көздейміз. 

Венгрияның ауыл шаруашылығы секторы айтарлықтай дамыған деп есептейміз. Қазір ел халқының саны 10 миллион адамды құрайды. Мамандарымыздың есептеуінше, ауылшаруашылық саласы бұдан екі есе көп адамды асырауға жетеді. Сол себепті, біз үшін Қазақстанмен арада ауылшаруашылық саласына қатысты әріптестікті дамытуға мүдделіміз, бірлескен қор құруымыздың бір себебі осы. Мәселе венгриялық өнімдерді сатумен ғана шектелмейді, себебі, екі елдің арасы біршама қашықтау. Біз венгриялық технологияның негізінде Қазақстанда өңдеуші кәсіпорындар салуды қалаймыз. 

Фармацевтика саласының жөні бір бөлек. Венгрияның Қазақстанға импортының маңызды бөлігін фармацевтикалық кәсіпорындардың өнімдері құрайды. Сондай-ақ, энергетика саласындағы байланыстарды да дамыту көзделеді. Қазақстандағы ең ірі венгриялық компания «MOL» мұнай-газ компаниясы соңғы он жыл ішінде қазақстан экономикасына 200 миллион долларға жуық инвестиция құйды. Таяуда Батыс Қазақстанда жұмыс істейтін бірлескен мұнай-газ компаниясы барлау жұмыстарын аяқтады. Көп ұзамай мұнай өндіруді бастайды деп үміттенеміз. 

– Өткен жылдың соңында Қазақстанның аймақтарын аралағаныңыздан хабардармыз? Осы сапардан қандай әсер алдыңыз, қандай ой түйдіңіз?

– Жалпы, Венгрия үшін Қазақстанның елордасымен, орталық қалаларымен ғана емес, басқа да өңірлерімен байланыс орнату маңызға ие. Жер көлемі жағынан әлемдегі тоғызыншы ел ретінде, барлық өңірлермен әріптестік орнату тиімді. Әдетте, мен облыс әкімдерімен кездескенде «Жер көлемі бойынша Еуропаның үлкен елдерімен теңесетін аймақтың басшысымен кездесу мен үшін үлкен мәртебе» екенін айтамын. Шынында да, сіздердің кейбір облыстарыңыздың жер көлемі Венгриядан бірнеше есе үлкен. Әр облыстың өз басымдығы, ерекшелігі бар, біз әріптестік байланыс кезінде соларды ескеруге тиіспіз. 

Әр өңірдің тарихи, мәдени ерекшелігі де таңғалдырады. Қызылордада болғанымда облыс әкімімен арадағы 15 минутқа жоспарланған кездесуіміз бір сағаттан артық уақытқа созылды. Келесі күні аймақ басшысы маған Қыпшақтардың астанасы болған Сығанаққа баруға мүмкіндік жасады. Семей сапарынан да үлкен әсер алдым. 25 жыл бұрын Президент Назарбаевтың Жарлығымен жабылған ядролық сынақтар жасалған жерлерге жақын өңірлерді көрдім. Ұлы Абайдың туған жерін араладым, өмір сүрген, шығармаларын жазған жермен таныстым. Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан белгіні көрдім, ұлы Абайдың дәл осын жерде туғынының өзі символдық мәнге ие сияқты. 

Үш жыл бұрын Будапештте Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылғанын мақтан тұтамын. Бұл – Қазақстаннан тыс жерде ұлы тұлғаға қойылған алғашқы ескерткіштедің бірі. Ескерткіш Астана көшесінің бойында тұр. Қазақстанның басқа да аймақтарынан алған әсері жайлы айта берсем әңгіме көп. Алматының өзі бір төбе. Өте әдемі жерде орналасқан, таулары көз тартатын өмір қайнаған шаһар екен. 

Айтпақшы, Маңғыстауға барған сапарымда Форт-Шевченкода болдым. Бұл қалада Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі австриялық, венгриялық әскери тұтқындардың құрметіне қойылған ескерткіш белгі қалпына келтірілгенін көрдім.  

Венгрияға барған қазақтар өздерінің біздің халықпен жақындығын сезінеді деп ойлаймын. Мен осы елде жүріп өзіме деген халықтың жақындығын, туыстық көңілін анық сезінемін. Венгрлер азиялық түбірі туралы жақсы біледі. Еуропадағы венгрлердің көкейінде арада талай уақыт өткеннен кейін өздерінің шыққан тегін, келген жерін танып-білуге деген құлшыныс оянды. Ғылыми теорияларға иек артсақ, Торғай даласындағы мадиярлар тайпасының өкілдері қазіргі венгрлердің бабалары болып табылады 

– Қазақ-мажар қатынастарының дамуындағы екі мемлекеттің президенттерінің рөліне тоқталып өтсеңіз.

– Екі елдің жан-жақты жақын байланыс орнатуына президенттеріміздің, лауазымды тұлғаларымыздың арасындағы кездесулер ерекше рөл атқарып келеді. 2014 жылы Қазақстан Премьер-Министрінің Венгрияға жасаған сапарының арқасында екі мемлекет арасындағы қатынастар стратегиялық ынтымақтастық, стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді. Соңғы рет 2015 жылдың наурыз айында Венгрия Премьер-министрі Қазақстанға сапар жасап, Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Осы кездесудің нәтижесінде венгриялық азаматтар үшін визасыз қатынас туралы келісімге қол қойылғанын атап өткен жөн.

Тағы бір атап өтерлігі, Президент Н.Назабаевпен осы кездесуде Венгрия тарапы биыл Астанада өтетін ЭСКПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатыны туралы мәлімдеді. Біз ЭКСПО көрмесіне қатысу туралы келісімге қол қойған алғашқы елдердің бірі болғанымызды, көрмедегі павильонымызды іске қосқан алғашқы бес мемлекеттің қатарынан көрінгенімізді мақтан тұтамыз. 

Әңгімелескен Арнұр АСҚАР,

Егемен Қазақстан

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Ресейлік БАҚ: Адамзаттың тіршілігіне 49 жыл қалды..

22.01.2019

Шымкентің орталық аудандарындағы балалар әліге дейін үш ауысымды мектепте білім алып жүр

22.01.2019

«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

22.01.2019

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

22.01.2019

Бақытжан Сағынтаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру бойынша нақты тапсырма берді

22.01.2019

Петропавлда алабай тұқымдас ит иелерін талап тастады

22.01.2019

Солтүстік Қазақстанда шетелдік мигранттар легі тыйылар емес

22.01.2019

Қ. Бозымбаев «Сарыарқа» магистральді газ құбырын салу жобасын іске асыру барысы туралы баяндады

22.01.2019

Шағын несие алушылар қосымша 12,6 мыңнан астам жұмыс орнын ашты

22.01.2019

Дәстүрлі өнер академиясы ашылады

22.01.2019

«Тал бесіктен жер бесікке дейін...»

22.01.2019

Жаңақорғандық кәсіпкер жүгеріден сусын шығарады

22.01.2019

Елбасының гранттар бөлу туралы тапсырмасы толық көлемде орындалды — ҚР БҒМ

22.01.2019

Мемлекеттік көмектің нәтижесін көріп отыр

22.01.2019

Қандастарды қабылдайтын байланыс орталығы ашылады

22.01.2019

Алматыда үстел теннисінен «ТОП-12» турнирі аяқталды

22.01.2019

Жүргізушісіз көліктерге жасалған шабуыл

22.01.2019

Қыраулы қаңтар (фотоэтюд)

22.01.2019

Облыс дәрігерлерінің біліктілігі нығайып келеді

22.01.2019

Сенат комитетінде «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу