ЭКСПО кезінде Астанада бірқатар азық-түлікті тұтыну 50%- ға дейін артпақ

Қала басшылығы Қазақстан астанасында өтетін халықаралық форум кезінде азық-түлік бағасының күрт өсуін болдырмау бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Егемен Қазақстан
08.06.2017 2102
2

– Бізде бағаны қалыптастыру саласына мүмкіндігінше әсер ететін бірқатар нарықтық механизмдер бар. Атап айтқанда, сауда желілеріне және көтерме жеткізушілерге жеңілдікпен несие беру бойынша екі бағдарлама табысты жұмыстар атқаруда. Егер, екінші деңгейлі банктер оларға 16-18%-бен несие берсе, ал әкімдік несиені дәл сол банктер арқылы 7-8,5%-бен береді. Сәйкесінше, бұл тауардың нақты бағасына тұтынушылар үшін оң әсер етеді, – деп Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова хабарлады.

Бұдан бөлек, М.Бектұрова атап өткендей, жеңілдетілген несиелендіру түрі кәсіпкерлерге белгілі бір мерзім аралығында келісімшартқа енгізілген тауарлар сын көтермеу міндетін міндетін жүктейді.

– Біз баға мүлдем көтерілмейді деп айтпаймыз. Бірақ, күрт өсуі мен қасақана өсіру болмайтындығын жеткізгіміз келеді. Сонымен қатар, көтерілу үрдісін басып және бағаның сақталуын бір диапазонда ұстап, қаржыландырудың осындай түрін ұзақ мерзімге ұсынып отырмыз, – деді М.Бектұрова.

Бағаны ұстау мақсатында қолданылатын әкімдіктің басқа механизмі – азық-түлік қорын құрып, олардың жетткізілуін қамтамасыз ету. 

– Біз барлық мүдделі ұйымдармен есептестік, соның ішінде ірі сауда желілерінің басшыларымен де, содан түйгеніміз – ЭКСПО өткізу кезінде өнімдерді атау реті бойынша тұтыну айтарлықтай 10-нан 50 пайызға өседі. Соның ішінде алкогольсіз сусындар. Сондықтан сәуірдің басынан-ақ өнімнің осы түрі бойынша және тағы басқа қатардағы өнімдерді тиеу жүргізілуде, – деп Астана әкімінің орынбасары жалғастырды.

Сонымен қатар, Бектұрова тұрғындар 10-15 пайыз арзан бағаға азық-түлік сатып ала алатын аймақтық өндірушілердің тұрақты жәрмеңкелері елордадағы баға тұрақтылығына оң әсер ететінін де атап өтті.

– Астанада ауылшаруашылық өнімдерін жеткізуде кідіріс пен бөгеліс жоқ. Жазғы маусым басталды, осы аптаның өзінде жаңа маусымның төрт жүз тонна өнімі тиелді. Қазақстанның оңтүстік облыстары, сонымен бірге көрші елдерден де кесте бойынша барлық тапсырыстар келіп жатыр, – деп хабарлады М.Бектұрова.

Сондай-ақ, ол азық-түлік өнімдері бағасын елорда басшылығы үнемі бақылауда ұстап отырғанын айииы.

– Күнделікті бақылау жүргіземіз, егер қандай да бір тауарға жетіспеушілік болса, бірден қосымша тауар тиеуді бастаймыз. Менің ойымша, біз бағаның кенет өсуін, жасанды тапшылықты болдырмау үшін барлық тетікті пайдаландық, – деп қорытындылады Малика Бектұрова.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Мұқтаж отбасылар баспаналы болуда

22.02.2019

Жұма күні Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашын болуы мүмкін

22.02.2019

Мүгедек жандар үшін құнды құрылғы

22.02.2019

Қазақстанның футболшылары Молдованы ұтты

22.02.2019

Жекешелендірілген балабақшаларды неге қайтармайды?

22.02.2019

Конькиден әлем чемпионаты басталады

22.02.2019

Жамбыл өңіріндегі жақсы бастама

22.02.2019

Бағдарламаның жемісі айқын аңғарылады

22.02.2019

Туған жерге туыңды тік!

22.02.2019

Жолдау жүгін елмен бірге көтеріп жүр

22.02.2019

Қазақстанның баскетболшылары Австралиядан ұтылды

22.02.2019

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

22.02.2019

СҚО-да әлемдегi iрi қалайы кен орны ашылады

22.02.2019

Шалқар-Имантау демалыс аймағын жаңғыртуға  1 млрд теңге жұмсалады

22.02.2019

Павлодарда облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің 90 жылдық мерейтойы  өтті

22.02.2019

Ауылы аралас, қойы қоралас ағайын...

22.02.2019

Солтүстiк Қазақстаннан көшiп кеткен тұрғындардың саны 15% азайды

22.02.2019

АҚШ-тың келесі президенті кім болады?

22.02.2019

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі тұрғындар алдында есеп берді

22.02.2019

Биылғы жылдың межелері бекітілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу