Қазақстан Президенті Санкт-Петербург қаласы метросындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Бұл оқиға қабырғамызды қайыстырды, Ресей Федерациясы халқының ауыр қайғысына ортақпыз», - делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.
Пікірлер(5)
Фархад (05.04.2017 14:58:46)
Иманды болсын. Зардап шеккендер тезірек сауығып кетсін.
Жауап беру
Гасыр (04.04.2017 14:12:11)
Бәле-жәле елімізден аулақ жүрсінші. Өткен жылы лаңкестер біздің елде де дүрбелең салып еді. Содан кейін ондай дүниені ешкімге тілемейміз.
Жауап беру
Нургиса (04.04.2017 14:11:48)
Қаза тапқан отбасыларға Ресей билігі көмек көрсетеді деп ойлаймын. Мұндай жағдай енді ешбір жерде орын алмасын.
Жауап беру
Еркін (04.04.2017 14:11:31)
Жарылысты кім жасағаны қазіргі уақытта анықталу үстінде. Десе де бұл оқиғаға Қазақстандық баланың еш кінәсі жоқ екені хабарланды. Әйтпесе уайымдап кетіп едік.
Жауап беру
Гулим (04.04.2017 12:51:46)
Иманды болсын! Ауыр жағдай... құдай осындай білесінен сақтасын!
Жауап беру
Пікір қосу