Елбасы Сеулде іскер топ өкілдерімен кездесті

Қазақстан Президенті Сеулде Оңтүстік Кореяның іскер топ өкілдерімен, жетекші компанияларының бизнесмендерімен кездесті.
Егемен Қазақстан
10.11.2016 5963
2

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев жұмыстарының қауырттығына қарамастан, уақыт бөліп, өзіне үлкен құрмет көрсеткендері және қонақжайлылық  танытқандары үшін бизнес өкілдеріне ризашылығын білдірді.

«Біз мұны Қазақстанға көрсетілген айрықша құрмет деп білеміз. Бүгінде Корея Республикасы – еліміздің Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің  бірі.  Біз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, Корея Республикасының тәжірибесін зерттеуге, экономикадағы жетістіктерін зерделеуге айрықша мән беріп келеміз.  Қазақстанға тәуелсіздік алған ширек ғасырдан бері Кореядан ағылған инвестиция көлемі  шамамен 10 млрд АҚШ долларына жеткен. Өзара  тауар айналым 1,5 млрд АҚШ долларын құраған.  Алайда, 2014 қаржылық дағдарыс пен  биржа бағамының төмендеуіне байланысты тауар айналым көрсеткіші төмендеп кетті.  Біз мұны уақытша қалыптасып отырған жағдай деп ойлаймыз. Бұл сыртқы факторлар мен объективті себептердің әсерінен орын алды.  Алайда, біз бұл жағдайды өзгерте аламыз.», – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Елбасы қос мемлекет арасындағы экономикалық ықпалдастыққа жаңаша серпін беру қажеттігін, бұл бағытта энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы, көліктік логистика секілді салаларға айрықша мән берудің маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінде сіздердің компанияларыңыз Қазақстанда  біздің арнайы шақыруымыз  бойынша келіп, жұмыс істеп жатыр.  Олардың ішінде «Samsung», «LG» секілді компаниялар бар.  Жалпы алғанда, Қазақстанда 465 бірлескен компаниялар мен кәсіпордар тетігі іске қосылып, белсенді түрде жұмыс жүргізуде.  Соңғы 3  жыл ішінде жалпы құны  160 миллион АҚШ долларынан астатын 14 инвестициялық жоба сәтті жүзеге асты», — деді Нұрсұлан Назарбаев.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Корея

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Энергия үнемдеу жобаларын іске асырудан түсетін жыл сайынғы үнем 3,5 млрд теңгені құрайды

19.11.2018

Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

19.11.2018

Жыл басынан бері қазақстандық және шетел әуе тасымалдаушылары 13 жаңа бағытты ашты

19.11.2018

QazaqGeography съезі ұйымның жаңа кеңсесінде өтті

19.11.2018

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік төзімділік саммитіне қатысты

19.11.2018

Дін саласының жағдайы туралы баяндаманың қорытындысы жарияланды

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

19.11.2018

Теміртауда Президенттік пән олимпиадасы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу