Ер туған жеріне тартады!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды», деген жолдар еңсесін енді көтерген тәуелсіз мемлекетіміздің әрбір азаматына ой салса, деген тілектеміз.
Егемен Қазақстан
02.05.2017 7368
2

Әрине, жұмыр жер адам бала­сының игілігі үшін жа­ра­тылған. Оның қай қиырында тұр­саң да, өз еркің. Бірақ, қазақта «Отан» деген қасиетті ұғым бар. «Отан үшін отқа түс, күймейсің», дейтін жүректі тербейтін ғажап сөз тағы бар. Біз үшін қазақ даласына жететін жер жоқ. Біздің айт­пағымыз: туған жерге деген пер­зенттік сезім, атажұртқа деген ал­ғаусыз көңіл тұрғысында болмақ.

Кезінде Кеңес Одағы құрама­сының бапкерлері тарапынан көп әділетсіздік көрген Жақсылық Үш­кемпіровті Украина мамандары шақырған екен. Киевтің дәл төрінен саңғырлаған үй, советтік өлшеммен алғанда ең жақсы көлік – «Волга» береміз, басқа да тұрмыстық игіліктер бар, ең бастысы, Олимпиада ойындарына, әлем чемпионатына жо­лың ашық, дейді украин күресінің дөкейлері. КСРО халықтарының спартакиадасын ұтып, бірнеше жыл қатарынан одақ чемпионатында медаль алып жүрсе де, ең болмаса, Еуропа чемпионатына жолы түспеген Жақсылық ағамыз кәдім­гідей толқиды. Бірақ, жеме-жемге келгенде атажұртын тастап кетуге дәті шыдамайды. Сол ниетіне қарай, Алла Тағала жа­рылқады: Жақсылық Олимпиада чемпионы атанды.

Су добынан әлем чемпионы, Олимпиада жүлдегері Нұрлан Меңдіғалиевке нағыз бабында жүрген кезінде Мәскеудің «Дина­мосы» қолқа салды. Нұрлан біраз жыл Мәскеудің атынан ойнады да, қанжығасын қазаққа өте қажет олжаларға толтырып барып, елге оралды. Сол жақта қалып қойса, қайтер едік?

Су добынан Еуропаның күміс жүлдегері, КСРО-ның 2 мәрте чем­пионы Асқар Оразалинов Венгрия, Израиль чемпионаттарында шебер­лігімен танылды. Венгрия – су добынан 8 дүркін Олимпиада жеңімпазы! Асқар мадияр бауырларды мойындатып, екі жыл қатарынан осы ел чемпионатының үздік мергені болды. Израильден да маңдайы жарқырап, чемпион болып қайтты. Әңгіме ың­ғайында Оразалиновқа Нидерланд, Италия, Испания елдерінің «құда» түскенін айта кетейік. Асқар бөтен елде қалған жоқ, Отанына оралды.

Көгалдағы хоккейден КСРО-ның 6 дүркін чемпионы, 2 мәрте үздік мергені Берікқазы Сексенбаев бірнеше жыл Малайзияда ойнады. Сол елдің ең үздік шабуылшысы, бірнеше рет чемпионы атанды. Азияның символикалық құрамасына енді. Берікқазының ғажап өнеріне сүйсінген Малайзия королі Сұлтан Азлан шах оған аза­маттық алып, малай туы астында алаңға шығуды, бұған қоса бас айналдыратын материалдық игі­ліктер ұсынады. Біздің жігіт өмі­ріне жететін байлық пен жат елдің марапатынан өз Отанының бір уыс топырағын артық санап, ауылға қайтты. Қазір шаруасы шалқыған бизнесмен.

Ермахан Ыбрайымовқа да қолқа салушылар болған. Ермахан­ның табиғи бейімін, шойын жұды­рығын сырттан бақылап жүрген АҚШ пен Канада промоутерлері 1999 жылы Хьюстондағы әлем чемпионатының үстінде оған «кәсіпқой боксқа ауыс», деп ұсыныс жасайды. Сенің мүм­кіндігіңмен ақшаны қырып табуға болады, дейді кәсіпқой бокстың жілік майын шағатын көкжалдар. Ермахан кәдімгідей ойланып қалады. Ауылға оралған соң болған жайды әкесіне айтпай ма. Сонда Сағи әке: «Сен қазақсың! Сен қайда барсаң да, тек қазақтың атынан бар. Өзгенің атынан алған атағың мен миллионың мен үшін түкке тұрмайды!» деп шорт кесіпті. Әке сөзін құп алған Ермахан келесі, 2000 жылы Олимпиада жеңімпазы атанды.

Жүрек тебірентер тағы бір мысал: миллиардтан мол асатын адамы бар Қытайды мойындатқан Қанат Ислам «Орыстана бастаған Қазақстанға барып не опа таба­сың?» деген ағайын­дарға: «Атажұртымда мықты малшы болсам да, мен үшін абырой!» деп елге тартып отырды. Сол ниетіне қа­рай қадамы құтты болды: Қанат кә­сіпқой бокстың айтулы шебер­лерінің қатарына қосылды. Өз ұл­тының абыройлы ұлдарының бірі.

Енді әңгімені басқа арнаға бұрсақ. Кеңеске қараған заманда, одан кейінгі тәуелсіздік тұсында жоғарыдағы сайыпқырандарға қоса Олимпиада және әлем чемпиондары, жүлдегерлері бірінен соң бірі шығып жатты. Хош, жеңістің аты – жеңіс. Көк байрағың миллиардтаған халықтың көз алдында желбіреп, әнұраның мұқым дүние аспанында шырқалғаннан артық қандай мәртебе болуы мүм­кін.Сол мезет чемпионды аяқ-қолын жерге тигізбей, тік көтеріп әкет­кің келеді. Еліңнің мерейін асқақтатқаны үшін, ұлтыңның атын айдай әлемге жария қылғаны үшін. Бірақ өмір ағын судай жыл­дам. Бүгінгі чемпион ертең жаңа жеңімпаздардың тасасында қалады. Атағы, дәрежесі тарих шежі­ресінде қаттаулы, бірақ көз­ден кеткен соң, көңілден де алыст­ай береді екен.

Хош, әңгіме орайымен қазақ спор­тының тарихындағы әйгілі чем­пиондардың біразын іздестіріп көрейікші:

Олимпиаданың 2, әлемнің 5 мәр­те чемпионы, Гиннестің рекордтар кітабына енген әйгілі балуан Валерий Резанцев қазір Мәс­кеуде тұрады. Олимпиада чем­пионы әрі күміс жүлдегері, әлем чемпионы Анатолий Быков (күрес) – Канадада, Олимпиаданың күміс жүлдегері, дүние жүзінің 3 дүркін чемпионы Анатолий Назаренко(күрес) – АҚШ-та, 5 мәрте Олимпиада, 5 дүркін әлем чемпионы Нелли Ким (гимнастика) – АҚШ-та, Олимпиаданың 2 мәр­те жеңімпазы, дүние жүзінің бірнеше дүркін чемпионы Валерий Люкин (гимнастика) – АҚШ-та, Олимпиада чемпионы Виктор Мазин (ауыр атлетика) – Ресейде, 2 мәрте Олимпиада жеңімпазы Владимир Муравьев (жеңіл атлетика) – Германияда, Олимпиада чемпионы Виталий Савин (жеңіл атлетика) – Ресейде, күрестен әлемнің 2 дүркін чемпионы Игорь Растороцкий – Ресейде, бессайыстан Олимпиада жеңімпазы Александр Парыгин – Австралияда, бокстан Олимпиада жеңімпазы Василий Жиров – АҚШ-та, гимнастикадан Олимпиада жеңімпазы Владимир Новиков – АҚШ-та, жүзуден әлем чемпионы Владислав Поляков – АҚШ-та, бокстан әлем чем­пионы Игорь Ружников – Ресейде, футболдан Олимпиада жеңім­пазы Евгений Яровенко Украинада тұрып жатыр.

Егер осылай кете берсек, кезін­де Қазақ елінің намысын қорғап, кейін тағдырдың жазуымен өзге елдерге көшіп кеткен чемпиондарды түгендеп шығу оңайға соқ­пайды. Бұлардың бәрі бірдей із-түзсіз кеткен жоқ. Қазақ еліне ат ізін салып тұратындары бар. Валерий Резанцев пен Нелли Кимді елдегі ірі жарыстар кезінде сирек те болса, көріп тұрамыз. Евгений Яровенко футбол майданының бел ортасынан төбе көрсетіп қояды. Таяу жылдары Анатолий Быков Алматыға келіп кетті. Грекияда тұра­тын атақты футболшы Евста­фий Пехлеваниди жақында өзінің ұстазы Тимур Сегізбаевқа сәлем бере кіріп шықты. Бір жылдары Александр Парыгиннің баспасөзде Авс­тралияға бекер кеткендігін айтып, өкінген сұхбаты жарияланды...

Біз басқа жұртқа қоныс аудар­ған жоғарыдағы саңлақтарды кінәлаудан аулақпыз. Біздікі, кім қайда жүр дегенді хатқа түсіріп қой­сақ деген ниет қана. Өзге елдерге көшкен чемпиондардың қай-қайсысы да Қазақ елі десе, елең ете түсері сөзсіз. Cебебі, біз­дің халықтың қонақжайлығы, жо­марттығы, мейірімі – талай ұлыс­тарды тәнті еткен табиғи қасиет.

Президент аталмыш мақала­сында: «Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөздің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәу­елсіздік дәуірінде өзінің ең­бегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш», дейді.

Аллаға шүкір, әлемдік айтулы сындарда ұлт мерейін көтерген жүздеген сайыпқырандарымыз өз ортамызда ғұмыр кешіп жатыр. Оларды ел біледі, бәріміз құрмет тұтамыз: Жақсылық Үш­­­кем­піров, Серік Қонақбаев, Дәулет Тұрлықанов, Нұрлан Мең­ді­ғалиев, Марат Саты­балдиев, Алмас Мұсабеков, Айтжан Шаң­ғараев, Серік Қалымбаев, Асылбек Қилымов, Берікқазы Сек­­сен­баев, Бақтияр Байсейітов, Асқар Оразалинов, Жомарт Саты­балдин, Қанат, Талғат, Жанат Байшолақовтар, Ермахан Ыбрайы­мов, Болат Жұ­маділов, Бақтияр Артаев, Ардақ Назаров, Мәулен Мамыров, Серік Сәпиев, Бақыт Сәрсекбаев, Нұрбақыт Теңізбаев, Алмас Өтешев, Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов, Мерей Ақшалов, Жәнібек Әлім­ханұлы, Алмат Кебісбаев, Нұрмахан Тінәлиев... Бұлардың қай-қайсысы да Отанымыздың игілігі үшін тер төгіп жүрген азаматтар. Бірі министр болған, бірі депутат, енді бірі шаруашылығы дөңгеленген кәсіпкер. Мемлекеттік мекеме басқарып отырғандары қаншама. Ең бастысы, ардақты ұлдарының қадірін біліп, қасиетін танитын елі орнында! Олай болса, осы мықтылардың өкшесін баса қалың қолдай тұтасқан жастар күні ертең ағалары салған даңғылға түсетіні даусыз. Бұл дегеніңіз, мемлекеттің ауызбірлігі мен берекесінің айнасы, әрі жігіттеріміздің ұлттық сезімінің орнықтылығын, күш­тілігін білдірсе керек.

«Туған жерге деген сүйіспен­шілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады», дейді Президент Нұрсұлтан Назарбаев. Алаш жұртына, кейінгі өскелең ұр­паққа керегі де осындай аталы сөз екені анық.

Қазақтың Қазақ елінен басқа Отаны жоқ! Мұны ұлт намысының шарқайрағындай спорт саңлақтары жан жүрегімен ұғынары даусыз.

Қыдырбек РЫСБЕК


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.09.2018

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін?

23.09.2018

Түркістанда халықаралық деңгейдегі инвестициялық және туристік форум өтеді

23.09.2018

Әдет қалыптастыру оңай ма?

23.09.2018

Тіл ықылассыз істі емес, періште көңілді ұнатады

23.09.2018

«Әкім Тарази шығармашылығының феномені» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

23.09.2018

Қостанайда екі полицей жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды

23.09.2018

Павлодарға Дүниежүзілік Украиндар конгресінің президенті Евгений Чолий келді

23.09.2018

Балалар Евровидениесінде еліміздің намысын Даниэла Төлешова қорғайтын болды

23.09.2018

Энтони Джошуа ресейлік боксшы Александр Поветкинді жеңді

23.09.2018

Астанада ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

23.09.2018

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

23.09.2018

Маңғыстауда VI Халық спорты ойындары басталды

23.09.2018

Астаналықтар заң мәселесі бойынша тегін кеңес алды

23.09.2018

Ақтауда триатлоннан Қазақстан Кубогының финалы басталды

22.09.2018

Жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

22.09.2018

Халықаралық «Ясауитану-2018» байқауы өз мәресіне жетті

22.09.2018

Елбасы елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

22.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу