Еркін теңге экспортты ынталандырады

ТМД елдерінің және бірінші кезекте Ресейдің дайын тауарларының қазақстандық экспортының ұрылымындағы үлкен үлесі теңгенің Ресей рубліне қатысты ағамының өзгеруіне, республиканың сыртқы саудасының жоғары сезімтал болуына себепші болды.
Егемен Қазақстан
30.03.2017 940
2

Қазақстан Ұлттық Банкінің зерттеуі 2015 жылғы тамызға дейінгі кезеңде теңгенің долларға қатысты бағамын нақты белгілеу рубльдің құнсыздануы аясында РФ-ға экспорттық жеткізулердің құлдырауына және қазақстандық тауарлардың үшінші елдерге бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне әкелгендігін көрсетті.

«Бағам саясатының Қазақ­стан­ның экспортында болып жат­қан өзгерістерге ықпалы ци­лин­др­­ға түрлі нүктелерден деген көз­қа­расқа ұқсайды: төменнен шеңбер ғана көрінеді, бүйірден тек тік төртбұрыш көрінеді. Біреулер теңгенің еркін өзгермелі болуынан экспорттаушылар үшін оң факторларды, басқалары тек теріс сәттерді көреді. Мұның бәрі қоғамның бір­текті емес қабылдауын қалып­тас­тырады.», – деп атап өтті Қазақ­стан Республикасы Ұлттық Бан­кінің Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінің бас маманы – «Теңгенің бағамын түзету талаптарымен Қазақстан экспорты» зерттеуінің авторы Қанат Қожам­құлов.

Ұлттық Банктің маманы өзінің жұмысында энергия ресурстары бағасының және экономикалық ахуалды тұрақтандыру және отан­дық тауар өндірушілерді қор­ғау мақсатында импорт тарапынан қысымның құлдырауы аясында 2015 жылғы 20 тамызда Қазақ­станда кейіннен теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамына өте отырып, валюталық дәлізді жою туралы шешім қабылданғанын атап өтті. Осы шешімнен кейін болған бағамды түзету импорттың өсуін ғана шектеп қойған жоқ, сондай-ақ, Қазақстанның экс­порттық құрылымына да нақты ықпал етті.

Зерттеуде шоғырлану тобы ретінде дайын тауарлар экспор­тының серпіні қаралып отыр, ол 2015 жылғы тамыздағы бағамның түзетілуінен кейін 12 айда 2,4 млрд долларды немесе шикізат емес экспорттың бестен бір бөлі­гін және Қазақстанның жалпы экспортының 6,6%-ын құрайды. Қазақстан экспорттайтын дайын тауарлардың ішінде ең көп үлесті тамақ өнімдері (дайын тауарлар экспортының 39,5%-ы, оның ішінде ұн, темекі өнімдері, балық өнімдері, сусындар, күнбағыс майы, кондитерлік өнімдер), химия өнеркәсібі және онымен байланысты салалардың өнімдері (23,3%), машиналар мен жабдықтар (19,2%, оның ішінде жеңіл автокөліктер, аккумуляторлар, подшипниктер), металдар және олардан жасалған бұйымдар (11,6%) құрайды.

Дайын тауарлар өндіру мен экспорттау – бұл, негізінен, ша­ғын және орта бизнес (ШОБ) қыз­­метінің аясы, ол неғұрлым дамыған, алайда көбіне қосымша құн­­дардың халықаралық тізбегіне кірікпегеніне байланысты сыртқы факторлардың әсері мен валюта бағамының ауытқуларына барынша тез ұшырайды.

Жыл бойы 2015 жылғы та­мызға дейінгі кезеңде отандық өндірушілер мен ШОБ экпорттау­шылары шикізат ресурстарына әлемдік бағалардың түсуінен кейін болған сауда әріптес елдердің валютасының девальвациясы салдарынан импорттың қысымын қатты сезінді. Бұл кезең ішінде дайын тауарлар экспортының нақты жеткізулері өткен 12 аймен салыстырғанда, 18% қарқынмен төмендеді, ал шикізат тауарлары 7%-ға, аралық өңделген тауарлар 1%-ға төмендеді. Теңге бағамын тамыздағы түзету және теңгенің рубльге қатысты тепе-теңдігін қалпына келтіру дайын тауарлар экспортының нақты көлемін қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Ұлттық Банктің деректері бойынша Қазақстанның дайын тауарларының экспортын өткізу нарықтары 20-дан астам елді қамтиды, оның ішінде экспорттың жалпы көлемінің 78%-ы 10 ірі импорттаушы елге тиесілі. Бағам түзетілгеннен кейін 2015 жылғы тамызда 2,4 млрд долларға баға­лан­ған Қазақстанның дайын тауар­ларының экспорты негізгі импорттаушы елдер бойынша былай қа­лыптасты: Ресей (23,9%), Өзбекстан (14,1%), Ауғанстан (12,5%), Қыр­ғызстан (8,2%), Қытай (4,6%).

Статистика дайын тауарлар экспортының жартысынан астамы ТМД елдеріне (56,8%) және төртінші бөлігі дерлік Ресей Феде­рациясының нарығына тие­сілі екендігін қөрсетіп отыр. Бұл ретте ТМД елдері валюталары бағамының серпіні көбінесе Ресей рублі бағамының өзгеруімен айқындалады.

Зерттеу барысында жүргізілген дайын тауарлар экспортының көлемдерін және Ресей рублінің Қазақстан теңгесіне қатысты номиналды бағамын салыстыру экспорт көлемінің төмендеуі ресейлік рубльдің девальвациясы аясында теңгенің долларға қатысты номиналды бағамы нақты тіркелген кезеңдерде болғанын көрсетті. Бұл ретте осы кезеңдерде жекелеген осындай Ресей тауарлары Қазақстан экспортының осыған ұқсас тауарларымен салыстырғанда ішкі нарықта ғана емес, үшінші елдердің нарықтарында да ана­ғұрлым бәсекеге қабілетті бола бастады. «Яғни дәстүрлі өткі­зу нарықтарында отандық экспорт­таушы­лардың логистикалық басым­дықтары болмаған кезде Ресей рублі Қазақстан тауар­ларының ішкі, сондай-ақ сырт­қы бәсекеге қабі­леттілігін айқын­дайды», – деп тұжырымдады еңбек­тің авторы.

Өңделген тауарлар экспор­тының теңге рубльге қатысты баға­мына тәуелділігі азық-түлік­тің негізгі түрлері бойынша бай­қалады. Теңгенің рубльге тепе-теңдігінің сақталуы сыртқы на­рықта отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, экспорт жеткізілімдерінің нақты көлемін қалпына келтіруге және ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл 2015 жылдың екінші жартысынан бастап байқалады.

Теңге бағамы өзгеруінің өң­делген тауарлардың экспортына әсер етуін бағалау мақсатында экспорттың ай сайынғы деректері номиналдық және нақты айырбастау бағамдарының индекс­терімен салыстырылды. Талдау нәтижелері экспорттың нақты жеткізілімдерінің теңге бағамының құбылуымен өзара байланысты екенін дәлелдеді. Атап айтқанда, теңгенің 2014 жылғы ақпандағы девальвациясының әсері бай­қалады, ол дайын тауарлардың экс­порттық жеткізілімдерінің бар көлемін сақтап қалуға мүм­кіндік берді. Дегенмен, 2015 жылғы тамыздағы валюталық дәлізді алып тастау алдындағы кезеңде рубльдің девальвациясы мен теңгенің нығаюы салдарынан экспорттың күрт төмендеуі байқалады. Өз кезегінде теңгенің еркін өзгермелі бағамы режімі енгізілгеннен кейін теңгенің рубльге тепе-теңдігінің қалпына келуі және нақты жеткізілімдердің өсуі байқалады.

Дайын тауарлар экспорты нақты көлемінің серпіні көбіне теңгенің рубльге номиналдық (түзету коэффициенті - 0,75) және нақты бағамдарының ин­дексімен түсіндіріледі. Бұл ретте 2015 жылғы тамызға дейінгі және кейінгі кезеңдерде түзету 0,84-ке жетті. Зерттеу бар­лық қаралатын кезеңдерде (2013 жылғы қыркүйектен бастап 2016 жылғы тамызға дейін) дайын тауарлар экспортының нақты жеткізілімдері индексінің теңгенің рубльге қатысты номиналды бағамы индексіне түзету коэффициенті долларға қарағанда жоғары болғанын көрсетті. Мәсе­лен, теңгенің рубльге қатысты айырбастау бағамы нығайған кезде қазақстандық өнімнің қымбаттағаны және дайын тауарлар экспортының төмендегені, ал теңгенің рубльге тепе-теңдігі қалпына келген кезде олардың экспортының өсуі байқалады. Сонымен бірге, дайын тауарлар экспорты құнының индексі доллармен неғұрлым тығыз байланысты болады, бұл әсіресе 2015 жылғы тамыздан кейін байқалады. Бұл экспорттың құнын бағалау кезінде бағалардың доллар баламасында көрсетілуімен түсіндіріледі.

«Жоғарыда жазылғандарды қорытындылай келе, қазіргі теңге бағамының рубльге тепе-теңдігі жағдайында дайын та­уарлар экспортының оң үрдісі байқа­латындығын атап көр­сетуге болады. Мемлекет тара­пынан шикізатқа жатпайтын экспортты қолдау қолайлы макроэкономикалық жағ­дайды және сыртқы нарықтарда отан­дық тауарлардың бәсекеге қабі­леттілігін қолдай алатын және Қазақстанның экспорттық позицияларын әртараптандыруға мүмкіндік беретін сараланған валюта саясатын қалыптастыру кезінде ең жоғары тиімділікті беретін болады», – деп тұжырымдады Қанат Қожамқұлов.


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.09.2018

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін?

23.09.2018

Түркістанда халықаралық деңгейдегі инвестициялық және туристік форум өтеді

23.09.2018

Әдет қалыптастыру оңай ма?

23.09.2018

Тіл ықылассыз істі емес, періште көңілді ұнатады

23.09.2018

«Әкім Тарази шығармашылығының феномені» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

23.09.2018

Қостанайда екі полицей жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды

23.09.2018

Павлодарға Дүниежүзілік Украиндар конгресінің президенті Евгений Чолий келді

23.09.2018

Балалар Евровидениесінде еліміздің намысын Даниэла Төлешова қорғайтын болды

23.09.2018

Энтони Джошуа ресейлік боксшы Александр Поветкинді жеңді

23.09.2018

Астанада ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

23.09.2018

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

23.09.2018

Маңғыстауда VI Халық спорты ойындары басталды

23.09.2018

Астаналықтар заң мәселесі бойынша тегін кеңес алды

23.09.2018

Ақтауда триатлоннан Қазақстан Кубогының финалы басталды

22.09.2018

Жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

22.09.2018

Халықаралық «Ясауитану-2018» байқауы өз мәресіне жетті

22.09.2018

Елбасы елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

22.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу