Ержүрек оқушы төрт жанды ажалдан арашалап қалды

Он үш жасар Никита Кукушкин жақсы балалар санатынан. Бір шаңырақта жалғыз өс­кендіктен, кейде тен­тектік жасап қоятыны бар. Бірақ бас жарып, көз шығарған емес. Тәртібі жақсы, оқуға алғыр.
Егемен Қазақстан
18.03.2017 2917
2

Сол күні Никита ертерек жатып қалды. Неге екені белгісіз, түн ортасы ауа шошып оянды. Орнынан тұрғысы келгенімен, аяқ-қолы зіл батпан, көтертпейді. Басы ауырып, көзі қарауыта бастағанын, жүрегі лоқсығанын сезді. Әл-дәрмені құрып, белгісіз бір күш түпсіз тұңғиыққа сүйрелеп бара жатқандай. Маужырап, ұйқысы келгендей керенау күйге ене береді. Тістеніп алып, соңғы күш-қайратын бойына жинаған күйі орнына тұр­маққа ұмтылды. Үйдің іші көкала түтін. Өң мен түстің арасында жүріп, алдымен шырт ұйқыда жатқан атасы мен әкесін жұлқылады. Тірліктің нышаны байқалмайды. Қатты шошығандықтан ба, жынды адам құсап, екі қолын ербеңдете берді. Одан жан ұшырып, әжесі мен анасын жұлмалады. Тас мүсін сықылды. Не істерін білмей далаға атып шықты. Айнала тас қараңғы. Таза ауа тынысын сәл кеңітіп, өз-өзіне келгендей болды. Көрші үйде тұратын жамағайыны есіне сап ете қалды. Жүгіріп сонда барды. Есікті, терезені ұрғылап жүріп оятты. Он­дағылар бізге қатысы жоқ мәселелерге араластырмаңдар дегендей кейіп танытып, жылы төсектеріне оралғанша асықты. Үйге қайта кіргені сол, қою түтін қолқаны қауып, басы айналып, көзі қарауытып кетті. Әупірімдеп жүріп, анасының ұялы телефонын тауып алды. Жедел жәрдем диспетчеріне қоңыраулатып, жағдайды баян­дауға ғана шамасы жетті…
Өрт сөндіру қызметкерлері айтылған мекенжайға жедел жетіп, зардап шегушілерді шұ­ғыл түрде ауруханаға жет­кізді. Никита есін бірнеше күннен кейін жиды. Қызметтік тексеру барысында пеш жағудың қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан улы газ бөлініп, тұтас отбасы иіс тиіп, уланғаны белгілі болды.
Жақында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы №44 мектепке арнайы келіп, тұтас отбасына өмір сыйлаған ержүрек оқу­шыны алғыс хатпен марапаттап, ұялы телефонды сыйға тартты. Біздің қызметке қиын жағдайда ештеңеден тайсалмайтын, қолұшын беруге әркез даяр өзің сияқты батыл адамдар қажет. Мектеп бітіргеннен кейін құтқарушы боламын десең, құшақ жая қарсы аламыз, деді департамент бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев салтанатты жиында.
Никита Кукушкин үшін ең қымбаты – туған-туыстарының амандығы. Қаршадай баланың көңіл түкпірінде қатарымнан кем қалмай өсіп-жетілсем, қаба­ғымды кірбің шалмаса деген асыл арман менмұндалайды.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

ПЕТРОПАВЛ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.11.2018

Egemen Qazaqstan алғашқылардың бірі болып Chartbeat құралын пайдаланады

13.11.2018

Жаңақорған ауданында 116 бас қой белгісіз аурудан қырылып қалды

13.11.2018

Қызылордада қауіпті аймақтар анықталып, даярлық мәселелері күшейтілді

13.11.2018

Ақтөбеде жоғары жылдамдықтағы интернет желісі ұлғаяды

13.11.2018

Елбасы Астана клубының төртінші отырысына қатысты

13.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті

13.11.2018

«Айша бибі» мен «Ақыртас» әлемдегі ерекше туристік нысандардың тізіміне енді

13.11.2018

Павлодарда Португалиялық профессор студенттерге дәріс беріп жүр

13.11.2018

Т.Сүлейменов ел өңірлеріндегі жылу бағасының әртүрлілігін түсіндірді

13.11.2018

Тайваньда таеквондодан Президент кубогі додасы аяқталды

13.11.2018

Елордалықтар 14 қарашада жалпыхалықтық диктант жазуға қатысады

13.11.2018

Үкіметте 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды

13.11.2018

Б.Сағынтаев өңірлердегі халықтың нақты табысының көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлуді тапсырды

13.11.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтар адамдардың қажетіне жарай бастады

13.11.2018

Шымкентте 5 000 000 теңгеге бағаланған көгершін көрмеге қойылды

13.11.2018

Қызылорда облысында газ құбыры құрылысы басталады

13.11.2018

Елбасы Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті

13.11.2018

Венгрияда синхронды жүзуден жасөспірімдер құрамасы бірінші орынды иеленді

13.11.2018

Тарифтерді көтерген монополистер заң алдында жауап береді

13.11.2018

Алматыда мектеп оқушылары арасында шешендік өнер байқауы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу