Ет жеуге де еп керек

Егемен Қазақстан
17.01.2017 365
3

Сунгат ага 2Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжауынша, алдағы қырық жылда адамзаттың тамаққа деген сұранысы екі есе артады. Бұған бірінші кезекте әлем бойынша халық санының өсуі және көптеген елдерде халық жағдайының жақсаруы себепкер болады. Аталған ұйымның сарапшылары осы жағдайға орай адамзаттың, әсіресе, етке деген сұранысын қанағаттандыру қиынға түсетіндігін айтып отыр. Бұл болжаммен осы мәселеде білікті басқа да халықаралық ұйымдар келісіп отыр. Мәселен, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мамандары 2050 жылға дейін-ақ адамзаттың етке деген сұранысының екі есе өсетіндігін мәлімдеген. Мамандар қазірдің өзінде Жер шарындағы ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің 70 пайызын мал шаруашылығы жайлап отырғандығын еске сала келе келешекте ет сұранысын қамтамасыз етудің өте қиынға соғатындығын, өйткені жаңа жайылымдықтардың қалмағандығын, сондықтан алдағы уақыттары ет бағасының шарықтай өсуі мүмкін екендігін ескерткен. Осы жағдайға орай аталған ұйымның сарапшысы Хеннинг Штайнфельд ірі қараның етін «болашақтың уылдырығы» деп атаған. Бұл жерде сарапшының неге сиыр етіне екпін түсіріп отырғаны түсінікті болса керек. Өйткені сиыр етін әлемнің көптеген халықтары тұтынады. Алдағы уақытта әлемде ет тапшылығының орнауы мүмкін екендігін ескере отырып, америкалық ModernMeadow компаниясы мал еті мен табиғи теріні индустрия жолымен әзірлеудің технологиясын ойлап тапқан. Мұндай ет пен теріні әзірлеу үдерісі бірнеше кезеңнен тұрады. Ең алдымен, ғалымдар мен мамандар донор малдардан миллиондаған клеткаларды бөліп алады. Олардың өзі кәдімгі малдар немесе терісі үшін жиі өлтіріліп жататын экзотикалық жануарлар болуы мүмкін. Алынған клеткалар биореакторларда көбейтіледі. Мұнан кейінгі кезеңде клеткалар бойындағы қоректік сұйықтардан ажыратылып барып, бір массаға біріктіріледі. Одан кейін 3D биопринтерінің көмегімен қабаттастырылады. Бұл біріктірілген клетка қабаттары қайтадан биореакторға орналастырылып өсіріледі. Тері клеткалары коллагенді талшықтарды қалыптастырып, ет клеткалары нағыз бұлшық ет жіпшелерін құрайтын болады. Бұл үдеріске бірнеше апта қажет. Мұнан кейін жасанды жолмен алынған бұлшық ет пен май тағам әзірлеу үшін қолданылса, ал терілерден киім, аяқкиім, сөмкелер әзірленеді. Компания мамандарының айтуынша, қазіргі табиғи жолмен мал өсіруге қарағанда 3D принтері арқылы ет өндіруге қуат көзі үш есе, су 10 есе аз жұмсалады, ауаның ластануы 20 есе азаяды. Оның үстіне, пайдаланылатын жер көлемі 100 есеге жуық қысқара түседі. Былайша айтқанда, жайылым қажет болмайды. Тек жасанды жолмен өнім алатын зауытты орнатуға ғана жер бөлінеді. Мамандардың пікірінше, мұндай жолмен ет өндіру үшін әлі талай уақыт керек. Оның үстіне, жасанды етті адамзат қалай қабылдамақ? Ол ағзаға қалай әсер ететін болады? Бұл жағы әлі белгісіз. Оның үстіне, әлемде жасанды ет пайда болған кезде табиғи жолмен алынған еттің бағасы шарықтай көтеріледі деген болжам бар. Шамасы, Хеннинг Штайнфельдтің сиыр етін «болашақтың уылдырығы» деп бағалауы да осыдан болса керек. Міне, осы болжамдар біздің Қазақстанның оң жамбасына дөп келетіндей. Бізде бос жатқан жайылымдықтар жетеді. Мал санын еселей арттырудың мүмкіндіктері бар. Оның үстіне, ет бағасы да жылдан жылға көтеріліп келеді. Мәселен, Астананың іргесіндегі «Алтын таға» мал базарында былтыр тайлар 180-200 мың теңгеге бағаланса, биыл 250 мың теңгеден кем түспей тұр. Ойлап қарасаңыз, ендігі уақыттары ет жеуге де еп қажет болатын секілді. Мемлекет соңғы жылдардан бері мал шаруашылығын дамытуға ерекше екпін түсіруде. Осы үшін субсидиялардың көптеген түрі белгіленді. Әлемде және өз еліміздің ішінде жүріп жатқан осы өзгерістердің барлығы азық-түлік саласындағы білікті халықаралық ұйымдардың ет мәселесіндегі жасап отырған болжамдарына алдын-ала дайындықтың белгісі іспетті. Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда өткен ел біріншілігінде Н. Жарылғапов «түйе палуан» атанды

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда «Қозыбаев оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

18.11.2018

Қор нарығы ел экономикасына серпін береді

18.11.2018

Қостанайда Батырбек Байназаровтың «Қобыз – аңыз» атты жеке концерті өтті

18.11.2018

Мәулен Әшімбаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

18.11.2018

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі турнирде үздік алтылыққа енді

18.11.2018

Қызылорда облысында МЖӘ бойынша екі спорт кешені ашылды

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу