Етене байланысқа екі мың шақырым да кедергі болмады

Жергілікті атқарушы билік өкілдерінің алдында тұрған бүгінгі басты міндеттердің бірі – өңіраралық байланысты дамыту. Осы шеңберде еліміздің батысы мен оңтүстік өңірінде Ақтөбе мен Жамбыл облыстарының тауар өндірушілері бір бірімен тәжірибе алмасты.
Егемен Қазақстан
29.03.2017 1531
2

Кездесулер кезінде Ақтөбе мен Тараздың арасын екі мың шақырым жер бөліп тұр­­ға­нымен, бұл қашықтық өңір­ара­лық ынтымақтастықты дамы­туға кедергі келтіре ал­май­ты­ны ашық айтылды. Өзара тә­жі­рибе алмасу деген ұғым­ның өзі бір бірінен үйрену, бір бірі­не қолдау мен көмек көр­се­ту, бірінде жоғын екінші­сі­нен табу деген сөз емес пе? Осы орайда ақтөбеліктер өз­дері­не ынтымақтасу ниетімен кел­ген ежелгі Әулиеата еліне қан­­дай көмегін бере алар еді де­ген заңды сауал туындайды. Талас жоқ, өңірдің бай табиғи ресур­сы мен жоғары өндірістік әлеуеті экономикалық ынты­мақ­­тастықты нығайтудың бас­ты кілті болып қала бермек. Мұн­да индустриялық аймақтың мүмкіндігі де оңтүстік өңірден берілетін сұраныстарды өтеуге толығымен жетіп-артылады. Өйткені, өндіріс пен көлік-ло­гистика қызметін өркендетуге қа­жет­ті қондырғылар мен жаб­дық­­тар­ға деген қажеттілік қай өңір­­де де болмай тұрмай­ды. Өңір­­ара­­лық кооперация­ны да­мы­­ту жө­ніндегі басты келі­сім­­дер­­дің бірі осы бағытта жасалды. 

Ал енді жамбылдықтар ақтөбелік әріптестерінен нені үйреніп, нені көкейлеріне тү­йіп қайтты дегенге келейік. Мәсе­лен, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевты Ақ­төбе аймағындағы жауыннан кейін­гі көктей дүркіреп өсіп келе жатқан мемлекет-жеке­мен­шік әріптестігі аясында қолға ал­ған жұмыстар қызықты­ра­ды екен. Әсіресе, қалада тұрғы­зылған сәнді де сәулетті білім беру, денсаулық сақтау, мә­дениет пен Өнер және спорт нысандарын көріп, риза бол­ды. Облыс орталығындағы Сым­бат мектебі, Өнер академиясы­мен танысып шыққаннан кейін жамбылдық делегация жетек­шісі бұған тек қызыға қарай­тындарын жеткізді.

Өз кезегінде Жамбыл об­лысы ақтөбеліктерге не ұсы­на алады? Әрине Әулиеата топы­рағында өндірілетін басты құрылыс индустриясы өнімінің бірі – цемент құрылыс алаңдары кеңінен қанат жайған аймақтың сұранысын туғызбай қалмасы анық. Сондай-ақ, облыс химия өнімдері бойынша елімізде көш бастап келеді. Қазір оның тұтас­тай республикалық ауқым­дағы үлесі отыз пайыз болса, таяудағы жылдарда мұны екі есеге дейін ұлғайту көзделген.

Ақтөбе облысының әкімі Бер­ді­бек Сапарбаевтың мәлім­деуінше, Жамбыл жерінде ба­ла­малы энергия көздерін дамыту жөніндегі жобалар үлгі алуға тұрарлықтай. Мемо­ран­думға қол қою рәсімі кезінде айтылғандай, алдағы үш-төрт жылда жасыл экономиканың үлесі Жамбыл облысында 50-60 пайызға дейін жеткізілмек. Міне, осылайша ежелгі Әулие­ата топырағында күн мен жел­дің және судың қуатын пайда­ланып арзан энергия өндіру жылдан-жылға ұлғая бермек.

Жамбыл облысында Үкі­мет­тен субсидиялық көмек ал­ған ауылшаруашылық өн­ді­ріс­шілерінің жоғары қай­тарым­мен еңбек етіп жүргені де ынтымақтастық аясын­­да­ғы кездесулер кезінде тағылым алар­лық оң мысал ретінде көрі­­ніс тапты. Солардың бірі «Шәу­шенбай» шаруа қожалы­ғының жетекшісі Мейрамбай Дөненбаев мемлекеттен алған 140 миллион теңге көлеміндегі демеуқаржыны артығымен қайтарып, 600 миллион теңгенің өні­мін өндіріпті. Сонымен бір­ге, ол Астана қаласының азық-түлік белдеуін құру ісіне де өз үлесін қосуға бекем бел буған­дардың бірі болып шықты.

Өңіраралық ынтымақтас­тық пен кооперацияны дамыту шеңберінде Ақтөбе мен Жам­был облыстары ара­сын­да мемо­рандумға қол қойыл­ды. Екі өңірдің ауыл шаруа­шы­­лығы басқармалары және іскер әйелдері арасында бөлек келі­сім­­дер жасалуы өзара бай­ла­ныс­­тар мен қарым-қаты­нас­тар көк­жиегін кеңейте түсері кәміл.

Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан»

Ақтөбе облысы



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Б.Сағынтаев энергия үнемдеу жобалары бойынша инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды

19.11.2018

Энергия үнемдеу жобаларын іске асырудан түсетін жыл сайынғы үнем 3,5 млрд теңгені құрайды

19.11.2018

Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

19.11.2018

Жыл басынан бері қазақстандық және шетел әуе тасымалдаушылары 13 жаңа бағытты ашты

19.11.2018

QazaqGeography съезі ұйымның жаңа кеңсесінде өтті

19.11.2018

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік төзімділік саммитіне қатысты

19.11.2018

Дін саласының жағдайы туралы баяндаманың қорытындысы жарияланды

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу