Фируза Шәріпова WBC әлем чемпионы белбеуі үшін айқасын шілде айында Астанада өткізуі мүмкін. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне оның менеджері Сергей Завилейский мәлім етті.
Завилейскийдің сөзіне қарағанда, жекпе-жек Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтпек. Отандасымыздың қарсыласы осыған дейін жеңіліп көрмеген фин боксшысы Ева Вальстрем болмақ.
Естеріңізге сала кетейік, Фируза Шәріпова соңғы жекпе-жекте 4 наурыз күні Юлия Чернобородовамен жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын.
Пікірлер(0)
Пікір қосу