«Сіз мына керемет дауысты естіп тұрсыз ба? Бұл ғажап дауыс иесінің есімі - Димаш. Бүгін біз осы жас жігіт туралы және оны Қытайда соншалықты танымал еткен әлеуметтік желілер жөнінде әңгіме қозғайтын боламыз», - деп бастайды сөзін Франция телеаудиториясының 40 пайызын қамтып отырған таңертеңгілік бағдарламаның жүргізушісі.
- Ол Даниэль Балавуанның өте күрделі әнін орындады. Осы үшін оған медаль табыс ету қажет, - деп әзілдеді жүргізуші.
Француз бағдарламасы Димашты «өте көрікті, түр әлпеті қытайға ұқсайды» деп сипаттады. Репортажда «Димаш Құдайбергеннің ұлты қазақ, ол қытай тілінде сөйлемейді» деп атап өткен. Бірақ, соған қарамастан Weibo-дағы (Қытайдағы туиттердің баламасы) оның оқырмандарының саны 3 миллионға жетікен. Жалпы Димаш ән орындаған видеоны әлеуметтік желіде 1,5 миллиард адам тамашалаған.
Пікірлер(0)
Пікір қосу