Ғабит ғұмырнамасының жаңа парақтары

Бауыржан Момышұлы Ғабит Мүсіреповке 1955 жылы 20 сәуірде жазған бір хатында «Оянған өлке» романын оқып шыққанын, жорғаға мінгендей, ұзақ жол жүрсе де шаршамағанын айтады. Кібіртіктеп, сүрінген тұстары да болғанын жеткізе келе: «...Жалпы айтқанда, тілің жақсы. Оған қазақ түсінеді. Қазақтан шыққан министр мен миллионерлер түсінбейді. Е, бақытсыз жазушы – мен сені аяймын!..» – деген екен. Осы сөздерде керемет бір астар бар. Аяп отырып, аялау бар, ардақ тұту бар. Әсілі, Ғабит Мүсіреповтей сөз зергерінің, сөз шеберінің жазғандарын екінің бірі түсіне алмайды. Оны түсіну үшін ана тілінің уызына жарыған, қазақ тілінің құдіреті мен қасиетін терең түсінетін, рухани жан дүниесі аса бай оқырман болуы шарт.
Егемен Қазақстан
30.03.2017 4837
2

Еліміз Тәуелсіздік алып, жаңа дәуір табалдырығынан аттаған ширек ғасырдан астам уақыт аясында Ғ.Мүсіреповтің көп томдық шығармалар жинағының 3 томы («Жазушы», 2002), эксклюзивті «Таңдамалы шығармалары» (90 баспа табақ, 1150 бет, 200-ден аса фото-суреттермен, «ҚАЗақпарат», 2012), «Ұлпан» романының «Жазушы» (2002), «Раритет» (2003), «Аударма» (2010), «Ан-арыс» (2009), «ҚазАқпарат» (2012) баспаларынан қайта басылымдары жарық көрді. Ғ.Мүсіреповтің бірқатар шығармалары бұрын да көптеген шетел тілдеріне аударылып шыққаны мәлім. Ал, осыдан аз уақыт бұрын «Ұлпан» романы Түркияда, Анкарада, түрік тілінде жарық көрді. Аудармашысы – ғылым докторы, түрік халықтары әдебиетін зерттеуші Жемиле Қынаджы. Түрік тілінде шыққан «Ұлпан» романының тұсаукесер рәсімі Анкара қаласындағы Гази университетінде өтті (2016 жыл, 16 сәуір). Оған сол кездегі Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, ЕуроАзия Жазушылар қауымдастығының төрағасы Якуб Өміроғлы және Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Жанарбек Әшімжан, Алматыдағы Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің басшысы ретінде мен – арнайы шақыртумен барып қатыстық. Түрік ғалымдары қазақ-түрік әдеби байланыстарының қазіргі дамуына тоқталғанда Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романының көркемдік-эстетикалық, танымдық-тәрбиелік мәніне айрықша мән берді. Осы орайда Дмитрий Снегиннің Ғабеңнен: «Ұлпан» не жайындағы роман?» – деп сұрағанында, ол: «Ұлпан» – менің Мона Лизам!» – деп жауап бергені жиі ойыма орала берді.

Алматыдағы қазақ әдебиетінің қос классигінің Музей кешеніне келушілердің дені мектеп оқушылары және студенттер. С.Мұқановтың да, Ғ.Мүсіреповтің де өмірі мен шығармашылығы мектеп бағдарламасы бойынша оқытылатындықтан, біз мектеп пен музей арасындағы байланыстардың ілкімді әдіс-тәсілдерін үнемі іздестіреміз. Мәселен, «Мұқановпен серуен» дейтін жобамыз Алматыда өткен музейлер проблемасына арналған Халықаралық конференцияда (2015) арнайы грантқа – бас жүлдеге ие болды. Академик-жазушы С.Мұқановтың 1930-1973 жылдар аралығындағы өмір тынысы Алматымен тікелей байланысты. Осында көптеген шығармалары дүниеге келді, қоғамдық қызметі өрістеді, ұрпақтары өсіп-өнді. Сондықтан біз Сәбең ең жиі баратын 14 нысанды таңдап алдық. Бұлар – Қазақстан Жазушылар одағы, ҰҒА-ның Әдебиет және өнер институты, Ұлттық кітапхана, Мемлекеттік Орталық мұрағат, Ш.Уәлиханов атындағы №12 орта мектеп, Хайуанаттар бағы, т.б. Ал енді осылардың қатарында Қонаев пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысындағы алып бәйтерек, Шевченко мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы тұшпарахана, «Астана алаңы» жанындағы гүлзардағы орындық та бар. Алып бәйтерекке қараторғайдың ұясын ілдік. Ондағы темір тақтайшада мынадай жазу бар: «Бұл жерде С.Сейфуллиннің үйі болған. Мына ағашқа Сәкен қолжуғышын іліп қойған. Сол қолжуғыштан М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, т.б. ұлт зиялылары қолдарын жуған». Бұл мәтіннен төменірек музейдің мекен-жайы көрсетілген... Осындай жазулары бар тақтайша 14 нысанның бәріне де ілінген. Ал, тұшпараханаға неге ілдік? Өйткені, осы асханадан (қазір «Дастархан» деген мейрамхана) Сәбең жиі келіп тұшпара жегенді ұнатқан. Сәбеңнің жары Мариям апай: «Сәбит-ау, мұның не? Дәл сондай тұшпараны үйде-ақ пісіріп берем ғой!» – дегенде, Сәбең: «Ол жердегі тұшпараның дәмі сен жасаған тұшпараға жетеғабыл. Сенбесең, жүрші, кешке асты сол жерден ішейік!» – дейтін көрінеді. Қазір «Дастархан» мейрамханасының ас мәзіріне «Мұқанов тұшпарасы» деген дәм енгізілген. Сенбесеңіздер, Алматыға барғанда арнайы соға кетіңіздер. Дәл осындай ізбен «Мүсіреповпен серуен» жобасы да әзірленуде.

Ал, «Алақай, алақай, музейде балақай!» жобасы бойынша шығарылған «Ғабең әлеміне саяхат» жолнұсқаулығының да жөні бөлек. Бұл өзі 11-13 жастағы балаларға арналған. Музейге келуші балалардың қолына бір-бірден жолнұсқаулық таратылады. Жолнұсқаушы (экскурсовод) рөлін жазушының Индонезияға сапары кезінде,1966 жылы алып келген сыйлық зат – елік атқарады. Яғни, жол нұсқаулықтың бірінші бетінде мынандай ақпарат бар: «Қымбатты дос! Ғ.Мүсіреповтің музейіне қош келдің! Жазушы 1968–1985 жылдары осы пәтерде тұрған. Мен – Елікпін. Осы үйде тұрғаныма 49 жыл болды. Мен бүгін сенің жолнұсқаушың боламын. Карта-сызбада 7 аялдама белгіленген. Әр аялдамада сиқырлы алма бөліктері жапсырылған. Тапсырмаларды орындау арқылы алма бөліктерін құрастырсаң, жазушының ұлы сөзін оқисың». Әрбір аялдама әрбір экспонаттың сырын ашады. Мәселен, «Ойлан, тап!» аялдамасы. Жұмбақ: «Денесі бар, сөзі жоқ. Аяғы жоқ жүреді. Күнді, түнді өлшейді, Екі тілді жүрегі. Шешуін кім біледі?». Әрине, шешуі – сағат. Ал сіздің дәл алдыңызда – үлкен жар сағат тұр. Ғабеңе 1962 жылы бір топ жазушы інілері сыйға тартқан. Ресейдің Саратов қаласында жасалған. 23 жыл бойы жазушыға уақыт өлшеп, серік болған. Жазушы жүрегі тоқтағанда – бұл сағат та тоқтаған. Осы жерде тұрғанына 54 жыл! Міне, өстіп 

Жыл сайын Халықаралық музейлер күні аталып өтіледі (18 мамыр). Соған орайлас «Музей түнін» өткізу дәстүрге айналғалы да біраз болды. С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің музейлері көп қабатты тұрғын үйдің екінші және үшінші қабаттарында орналасқандықтан, көршілердің мазасын алмауды да ойластыруға тура келеді. «Музей түні» іс-шарасы кешкі 18.00-ден түнгі 11.00-ге дейінгі аралықта өтеді. Кезекті бір «Музей түнінде» біз Ғ.Мүсіреповтің «Екінші Би-аға» әңгімесі бойынша шағын скетч қойдық. Оған Т.Жүргенев атындағы Өнер академиясы жанындағы интернат-колледждің шәкірттері қатысты. Режиссері – Мәдениет қайраткері, профессор Есім Сегізбаев. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Балауса Ағыман актерлық мамандықты таңдаған шәкірттерін талап пен талғам биігінде дайындады. Біз жайшылықта «Ғ.Мүсіреповтің қай әңгімесін оқыдың?» деп мектеп оқушыларынан жиі сұраймыз. Оқушылар көбінесе бұған күмілжіп, жауап бере алмай қалып жатады. Ал мына тәсіл арқылы біз бір түнде «Екінші Би-ағаны» төрт рет қойып, 200-ге жуық оқушыны қамтыдық. Тіпті, ересектер де келіп көрді. Енді олардың жадында Ғабеңнің осы бір шуақты әңгімесі ұзақ уақыт сақталарына күмән жоқ. Өркениетті елдерде сол елдің, ұлттың тарихында өшпестей із қалдырған көрнекті қайраткерлерін мәңгі есте қалдырудың, рухани ескерткіш қоюдың бір көрінісі – тұлғалық энциклопедияларын шығару. Бұл тиянақты әрі түпкілікті ғылыми зерттеуді қажет ететін жұмыс. Күні бүгінге дейін «Абай», «Шәкәрім», «Жамбыл», «Сәкен Сейфуллин», «Мұхтар Әуезов», «Қаныш Сәтбаев», «Мұқағали Мақатаев», т.б. тұлғалық энциклопедиялары жарық көрді. Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің ғылыми қызметкерлері қолға алуымен «Ғабит Мүсірепов» тұлғалық энциклопедиясын дайындап жатырмыз.

«Аңыз адам» журналында «Аңыз адам – Ғабит МҮСІРЕПОВ»: 2012 жылы қыркүйекте (№18 (54), «Аңыз адам – Сәбит МҰҚАНОВ»: 2016 жылы қыркүйекте (№17 (149) жарық көргенін, оған да Музей кешені қызметкерлері тікелей атсалысқанын айта кеткім келеді. Биыл Ғ.Мүсіреповтің 115 жылдығына орай «Музейге мәдени жорық» жобасы аясында мектеп оқушыларын, студенттерді музейдегі мақсатты іс-шараларға тартудамыз. Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназияның, Талғардағы арнайы мектеп-интернаттың оқушылары, «Каменское плато» санаторийінің демалушылары алғашқылар қатарында келіп үлгерді. Бүгін М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Жаһандану жағдайы мен білім беру жүйесіндегі Ғ.Мүсірепов шығармашылығы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтеді. Осылайша Ғабит ғұмырнамасының жаңа парақтары жазылуда. Жоғарыда аталған, атқарылған және атқарылатын іс-шаралар соның бір-ер дәлелі ғой деп ойлаймын.

Биыл туғанына 115 жыл толып отырған қазақ әдебиетінің классигі, Еңбек Ері, академик, халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің шығармашылық ғұмырнамасы ХХІ ғасырда да жалғасын тауып, кітаптары жас ұрпақ – жаңа қоғам өкілдерінің игілігіне айналуда, оның рухани мұрасы Тәуелсіз Қазақ Елімен мәңгі бірге жасай беретініне сенімдіміз. 

Әділғазы ҚАЙЫРБЕКОВ,

Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің басшысы,

филология ғылымдарының кандидаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.03.2019

Солтүстік Кореяның келесі қадамы қандай болмақ?

24.03.2019

Қ.Тоқаев Қазақстан - Ресей кездесуін тамашалады

24.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен хаттар

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен құттықтаулар

24.03.2019

Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

24.03.2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

24.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы өзгерді (видео)

24.03.2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

24.03.2019

Қаламқас кен орнында болған апат себептері анықталып жатыр

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

24.03.2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

24.03.2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

24.03.2019

Жетісудағы жетістіктер Үкімет басшысының назарына ұсынылды

24.03.2019

Қазақстан және Ресей матчы 20:00-де басталады

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

24.03.2019

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

24.03.2019

Қ.Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қабылдады

24.03.2019

Самбошы Бағлан Ибрагим – Әлем кубогының иегері

24.03.2019

Мұрат Нұртілеуов Президент көмекшісі болып тағайындалды

24.03.2019

М.Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу