Ғұмар Қараш туралы тың деректер

Жуырда жолымыз түсіп Уфа қаласында, Башқұртстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінде болдық. Көздеп келген мақсатымыз – Бөкей Ордасы мешіттерінің ХІХ-ХХ ғғ басындағы метірке кітаптарымен танысу еді. Жолымыз болып, ақын-ағартушы Ғұмар Қараштың өз қолымен толтырған құжаттар қолымызға түсті.

Егемен Қазақстан
19.07.2018 450
2

Мешіттің метрикалық кітапшасы, яғни метірке дегеніміз – мешіт имамы­ның өзіне қарасты жамағат ішіндегі туу, қайтыс болу, үйлену және ажырасу оқиғаларын тіркеп отыратын құжат-кітабы.

Патшалық Ресейдің күллі мұсыл­ман жұрты қараған Орынбор мұсылман­дарының діни басқармасының барлық құжаты сақтаулы тұрған Уфа архивіндегі біз көрген метірке кітаптары негізінен жоғарыда айтылған төрт бөліктен тұрады екен. Соның ішінде туу фактілерін тіркеу журналында нәрестенің аты, жы­нысы, туған жері, туған күні мен айы, әке-шешесінің аты-жөні, руы, осы мәліметтерді тіркеген имамның аты-жөні жазылған. Қайтыс болуды тіркеу журналында марқұмның дүниеден өткен уақыты, жан тапсыру себебі, жерленген жері, тіркеген имамның аты-жөні туралы деректер енгізілген. Неке қию журналында некелесушілердің аты-жөні, жасы, руы, екі жақтың туыстарының аты-жөндері, руы, куәгерлердің аты-­жөндері, руы, берілген қалың мал­дың мөлшері, ру таңбалары, неке қи­ған имамның аты-жөні, ру таңбасы тір­келген. Талақ тастау (ажырасу) журналында ажырасушылардың аты-жөні, руы, талақ ету себептері, куәлардың аты-жө­ні, руы, тіркеген молданың аты-жөні, ру таңбасы көрсетілген.

Бұған қоса әр мешіттің мекен-жайы, қай уақыттан бері қызмет ететіндігі, ме­шіт ұстаушы молданың аты-жөні, жасы, имамдық құжатының нөмірі мен тіркелген уақыты, құжатты берген мекеменің дерегі, имамның білім алған жерлері, ұстаздары, мешіт жамағатының саны, оның ішінде ерлер мен әйелдердің арасалмағы, тағы басқа көптеген деректер қамтылған екен.

Біз негізінен Ішкі қырғыз (қазақ) ордасына, яғни бөкейлікке қарасты мешіттердің метірке кітаптарын ғана шолып шықтық. Архивте сондай-ақ қазақ жерінің Ақмола, Семей, Петропавл өңірлеріндегі мешіттерге қатысты құ­жат­­тар да сақталған.

Сонымен, 1801 жылы Бөкей ханның бастамасымен құрылған Ішкі қырғыз (қазақ) ордасы әкімшілік билік жағынан Астрахань губерниясына қарап, бес қисым (бөлік), екі округтен құралғаны белгілі. ХХ ғасырдың басында осы аймақта ресми қызмет еткен 128 мешіт болған екен. Башқұртстан Республикасы мемлекеттік архивінде сақталған «Қыр­ғыз (қазақ) даласындағы мешіттер мен­ мұсылман діні туралы ведомость» («Ведомость о мечетяхи магометанском духо­венста по Киргизской степи») деген құжатта осы 128 мешітте қызмет ететін 129 діни лауазымды тұлғаның тізімі берілген. Бұл тұлғалардың діни білімді Меккеде, Египетте, Орта Азиядағы және Қазан мен Уфадағы діни орталықтар мен оқу орындарында алғаны көрсетілген (И-295 қор, №2 тізбе, №1а іс, «Астрахань, Вятск, Нижегород, Рязан, Симбирск губерниялары мен бірқатар қалалардағы діни орындар және діни тұлғалар туралы ведомость», 386-бетте).

Енді Ғұмар Қарашқа келейік.

Осы кезге дейін Ғұмардың өмір жо­лын зерттеушілер ақынның ту­ған жылын әртүрлі айтып келді. Мәсе­лен, ғұмартануда көп еңбек еткен зерт­теуші Мұстафа Ысмағұлов өзінің жария­ланбаған «Ой төркіндері» монография­сында «Ғұмар Қарашев – 1876-1921 жылдары өмір сүрген көрнекті ақын, публицист, қоғам қайраткері» десе, ғалым Қабиболла Сыдиқов «Замана» жинағының алғысөзінде «1875 жылы Ішкі Бөкейлікте, Қырқұдық деген жерде туған» дейді. Ғалым Исатай Нәсекенұлы (Кенжәлиев) «Ғұмар Қараш» кітабында ақынның 1920 жылы көкек айында өз қолымен толтырған Бөкей губер­ния­лық партия комитетіне тіркеу кар­точкасындағы «жасым 45-те» деген дерекке сүйеніп, 1875 жылы туған деген пі­кірге келген. Ғұмартанушы ғалым Мақ­сат Тәж-Мұрат та «Ғұмар Қараш» кітабында ақынның туған жылы 1875 деген тұжырымды айтқан еді.

Ал Уфа архивіндегі деректе: «Ішкі қырғыз (қазақ) ордасы Талов қисымы №1 старшындықтың ахуны Ғұмар Қарашев» өз қолымен толтырған метірке кітабында «Мешіт құзырында болған имам уа мударистердің есімі, фамилиялары һәм туған жылдары» деген бағананың тұсына араб әрпімен: «Имам хатиб уа мударрис ахун Ғұмар Қарашоф 1874 санати миладие, 1291 санати хижратие уәжуде келміш-дүр» деп жазған екен. Яғни Ғұмардың милади жыл санауы бойынша 1874 жылы, хижра бойынша 1291 жылы дүниеге келгені анық болды. 1920 жылы толтырған өмірбаянында ақын «45-темін» деп толық жасын ғана көрсеткен екен.

Тағы бір мәселе – осы метірке кіта­бындағы деректер Ғұмардың білім алған жері, ұстаздары туралы мәліметті нақтылауға да мүмкіндік беріп отыр. Себебі бұған дейін Ғұмардың ұстаздары, әсіресе діни жоғары білімді қай жерден ал­ғаны туралы анық дерек жоқ болатын.

Ғұмардың өмірбаянын тұңғыш рет жүйелі зерттеген ғалым Мұстафа Ысма­ғұлов «Ағайын-туғандары Ғұмардың оқуға ынтасы барлығын аңғарады. Оны Жанша деген молдаға оқуға берген. Бұдан кейін мешіт ұстаған указной молда Ғұмар Жазықовтың шәкірті болған. Бұл екі молдадан алған біліміне қанағат етпей, Ғұмар Қарашев Ысмағұл Қашқари деген молданың шәкірті болады. Оған да тұрақтай алмай, ақырында бұрынғы Жалпақтал (Фурманов) қаласында мешіт, медресе ұстаған Ғұбайдолла Ғалі­кеев хазіреттің оқушысы болған. ...Қарашев Ғұбайдолла хазіретке аялдап, осы ұстазынан «мешіт ашып, молда бола алады» деген иршат (куәлік) алып, сосын өзінің ауылында, яғни Қырқұдық басындағы мешітте указной молда болып жүрген» деп жазған. Кейін ғалым Мақсат Тәж-Мұрат осы деректерді қай­та­лайды.

М.Ысмағұлов Ғұмардың жоғары ді­ни білімі туралы ештеңе жазбаса да, М.Тәж-Мұрат «Ғұмар Қараш» кіта­бында бұл жайында біраз дерек келтіреді. Соның ішінде Ғұмардың Ыстан­бұлда оқығаны, Уфадағы «Ғалия», Қазандағы «Маржани» медреселерінде білім алғаны туралы болжамдарды қоз­ға­ған. Бірақ нақты құжат, қолға ұстар де­рек болмаған еді.

Жоғарыда сөз еткен 1909 жылғы ме­тір­ке кітабында Ғұмар ұстаздары туралы өз қолымен былай деп жазады:

«Ғылым тахсил еткен медреселері яки имамдары, ұстаздары – Уральский област Сламихин қариесінде ахун мол­ла Ғұбайдулла Ғаликеев, Уфа шаһа­рында молла Хайрулла Ғұсманов, Қазан­да молла Ғабдолғаллам Салихұғлы хазрет­лерінден».

Мұны қазіргі қазақшаға икемдесек – Ғұмардың ілім алған медреселері мен ұстаз­дары – Орал облысы Сламихин (қазір­гі Жалпақтал) ауылындағы ахун мол­да Ғұбайдолла Ғалікеев, Уфа қаласы­нан молда Хайролла Ғұсманов, Қазанда Ғаб­дол­ғаллам хазірет Салихов» болып шы­ғады.

Метіркеде Ғұмардың имамдық еткен мешіті Оразақай ауылында тіркелгені, бұл мешіттің атырабындағы сахара тайпалары – Қояс, Қостамғалы, Қазанқұлақ, Үйсін (ноғай-қазақ руының бөлімдері) екендігі, мешіттен ең жырақ ауылдары – 15 шақырым мұғдарында тұрғандығы, жалпы старшындық аумағында 1117 ер, 1135 әйел адам бар екендігі, мешіттің метірке кітабы 1886 жылдан бастап жүр­гізіле бастағандығы жазылған.

Біз жоғарыда келтірген «Қырғыз (қа­зақ) даласындағы мешіттер мен мұсылман діні туралы ведомость» («Ведомость о мечетяхи магометанском духовенс­та по Киргизской степи») деген құ­жат­та (Башқұртстан Республикасы мем­лекеттік архиві, Уфа қаласы, И-295 қор, №2 тізбе, №1а іс, 386 бет) Ғұмар Қараш­тың есімі №62 болып тіркелген.

«Талов қисымы 1 старшындық меші­ті «Казачий лиман» деген мекенде орналасқан, мешіт жамағаты 1107 ер, 1109 әйел адамнан, 545 шаңырақтан тұ­ра­ды, мешіт 1884 жылы қоғамның рұқ­сатымен тұрғызылған, тіркеуге 1886 жылы алынған, ахун Ғұмар Қарашевқа Астрахань губерниялық басқармасы 1903 жылғы 21 ақпанда бекіткен №637 куәлік берілген» делінген бұл құжатта.

Енді бірер сөзді Ғұмардың өзі «ұстаздарым» деп көрсеткен Хайролла Ғұсманов пен Ғабдолғаллам Салихов хақында айта кетейік.

Орынбор мұсылмандарының ді­­ни бас­қар­масында қызмет атқарған Ризаэд­дин Фахриддиннің «Асар» атты кітабында (1900-1904 жылдары Қазан, Орынбор баспаларында бірнеше мәрте жарық көрген) жоғарыдағы екі хазірет туралы да дерек берілген екен.

Хайролла Ғұсманұлы – Уфадағы бірінші жамиғ мешітінің имам және му­­даррисі, ахуны болған, 1907 жылы 1 қарашада 61 жасында дүниеден өтіп, Уфа­да жерленген.

Хайролланың әкесі Ғұсман діни білімді Бұхарада алыпты. Кейін Істер­літамақ уезіндегі Ибрай ауылында мешіт ұстаған. Ұлы Хайролла сол жерде дүниеге келген. Хайролла болса Уфа шаһарында тұңғыш медресе ашып, шәкірт оқытқан ұстаз екен. Уфада ахун Шарафуддин Абдулуахитұлы дү­ние салған соң, орнына имам және ахун қызметін атқарған. Діни басқарма мү­шесі, қази қызметін атқарып жүріп өмір­ден өтіпті. Хайролла хазірет ашқан «Ус­мания» медресесінің ғимараты Уфада күні бүгінге дейін сақталған екен.

Ал қазандық Ғабдолғаллам хазі­рет Салихұлы туралы Ризаэддин Фахрид­дин оның «Қазан қаласындағы ІІ жа­миғ мешітінде имам және мударрис бол­ғанын, 1899 жылы 17 қаңтарда 70 жасында қайтыс болғанын» жазады. «Мәшһүр Жүніс ахунның жұрағаты еді, әуелі Хабиболла Рахманқұлынан оқып, кейін Бұхарадан діни білім алып келді. Өзі туған Чыршы ауылында имамдық етті, 1880 жылы Тәжетдин Баширұлы әл-Курсави дүниеден өткен соң Қазанға көшіп келіп, қайтыс болғанға дейін шәкірт оқытты» делінген Ғабдолғаллам хазірет туралы.

1885-1887 жылдары ашылған «Ус­мания» медресесінде 1890 жылдардан бастап сабақ жаңа тәртіппен, яғни «ұсұл жәдитпен» оқытыла бастапты. Ғұмар­дың Қырқұдықтағы медресесіндегі жә­дит­шілдік төркіні қайдан шыққаны енді белгілі болғандай.

Әрине, ғұмартануда ашылмаған ақтаңдақтар әлі де жетерлік. Әсіресе 1917 жылғы Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің делегаты, Орынбордағы жал­пықазақ съезінде қази болып сайланған Ғұмар Қараштың діни қызметі жеке зерттеуді қажет етеді. Біз бүгін Уфа архивінде көзімізге шалынған кейбір деректерді ғана ортаға салып отырмыз.

Қазыбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Орал – Уфа – Орал

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

11.12.2018

Маңғыстау облысының әкімдігі Халықаралық жасыл технологиялар орталығымен меморандумға қол қойды

11.12.2018

Алматы облысында «Маревен Фуд» зауыты іске қосылды

11.12.2018

Жерлесіміз УЕФА Атқару комитеті мүшелігіне ұсынылды

11.12.2018

Ақтөбе облысының жастары сарапшылармен бірге Президент мақаласын талқылады

11.12.2018

Талғар агробизнес және менеджмент колледжі 100  жылдығын атап өтті

11.12.2018

Қазақстандық автоөнеркәсіп саласына ірі инвестор келді

11.12.2018

Дональд Трамп Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

11.12.2018

Қ.Тоқаев Чехия және Жапония елшілеріне алғыс білдірді

11.12.2018

Қазақстанда ойнайтын үш футболшы Арменияның үздігі атануға үмітті

11.12.2018

Аян Бейсенбаев «Жыл спортшысы» атанды

11.12.2018

Теміртас Жүсіпов: Жылдың үздік боксшысы атағын аламын деп ойламадым

11.12.2018

Елбасы қазақстандық өнім шығаратын үш кәсіпорынды іске қосты

11.12.2018

Ж.Қасымбек әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады

11.12.2018

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 2,9%-ға артты - А.Евниев

11.12.2018

Биылғы мемлекеттік бюджеттің орындалу қорытындылары қаралды

11.12.2018

Үкіметте жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау барысы қаралды

11.12.2018

Н.Нығматулин Чехияның Қазақстандағы Елшісі Э.Жигованы қабылдады

11.12.2018

ЖІӨ тұрақты өсімі үш ай бойы 4,1% деңгейінде сақталып отыр - ҰЭМ

11.12.2018

Алматыда мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды

11.12.2018

Таразда сатушысы жоқ дүкен ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Halyq sózinde birtutastyq, birlik bar

«Halyq» sóziniń mán-maǵynasy óte tereń ekeni barshaǵa málim. Másele – osyndaı saıası astary aıryqsha sózdi qalaı qoldanyp júrgenimizde. Merzimdi baspasóz betterindegi habarlardan,  teleradıo arnalardan, ózara áńgimeden «aýyl halqy», «qala halqy» degendi oqyp ta, estip te júrmiz. Máselen, telearnalardyń birinen «Arshaly aýdanynda 27 myń halyq bar» degendi estidim de, «halyq sózin durys qoldanaıyq» dep, ózimniń oı dápte­rime jazyp qoıdym. Sebebi orys tilinde «narod sela» nemese «narod derevnı», «na­rod raıona», «narod goroda» demeıdi, tipti jazbaı­dy. Bul tilde «naselenıe», «jıtelı», «gorojane», «selchane» deıtinin bilemiz. Biz qazaqsha «aýyl turǵyndary», «qalalyqtar» nemese «qala turǵyndary» desek, ekpini báseń bolyp, birdeńe joǵaltyp alatyndaı, «aýyl halqy», «qala halqy» dep qysqa qaıyramyz. Sonda deımin-aý, qazaǵymyzdy bólip, jiktep, birtutas halyq sanatyna qospaı turǵanymyzdy nege ańǵarmaımyz?!

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу