Головкин таза ұтты, оған Джейкобспен реванш керек емес - Boxingnews24.com

Америкалық Boxingnews24.com сайтының журналисі Джастин Грэмнің пікірінше, Геннадий Головкинге Дэниел Джейкобспен қарымта кездесу өткізудің еш қажеті жоқ. Неге?
Егемен Қазақстан
22.03.2017 2551
2

Головкиннің жасы келіп қалды, ол енді тек орта салмақтағы чемпиондық белбеу иелерімен кездесуі керек деп есептейді сарапшы. Оның сөзін қазақстандық sports.kz басылымы келтіреді.

«Егер GGG маусымда немесе қыркүйекте Джейкобспен қайта шықса және жеңіліп қалса, Головкинге дос еместердің мерейі үстем болады. Ал Канело Альварес жекпе-жектен бас тартуы ықтимал. Ал егер Головкин американды 12 раундтан кейін төрешілер шешімімен жеңсе, ол үшін құрметке ие болмайды.

8 сәуірде Головкин 35 жасқа келеді. Спорттың кез келген негізгі түрінде 35 жас кәрілік болып саналады. Бокста физикалық күшпен қатар психологияның мықтылығы да маңызды. Алайда, аса жоғары деңгейдегі қарсыласпен шыққанда жас айырмасы да айтарлықтай рөл атқарады. Бұған Геннадийдің Дэннимен кездесуі кезінде куә болдық.

Головкин мұны естен шығармауы және жасы келген сайын әр кездесуді әбден таразылап барып таңдауы керек. 

GGG Джейкобсты таза ұрып алды. CompuBox статистикасы бойынша, Головкиннің дәл тиген соққылары Джейкобспен салыстырғанда 56-ға көп болған. Яғни, раунд сайын 4-5 соққы. Головкиннің Джейкобсті нокдаунға жібергенін және бүкіл кездесуде агрессивті қимылдағанын ұмытпау қажет. Ендеше бұл жекпе-жекте еш ойланбастан жеңісті 115-112 немесе тіпті 116-111 есебімен қазақтың пайдасына беруге болады.

Головкин тарихта ең мықты боксшылардың бірі ретінде қалғысы келсе, онда орта салмақтағы титулдардың бәрін иеленуі керек. Соңғы 35 жылда үш боксшы ғана бұл категориядағы  негізгі белбеулерді алды. Олар: Марвин Хаглер, Бернард Хопкинс және Джермейн Тейлор (ол 2005-те Хопкинсті жеңген болатын).

Егер Головкин WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Джо Сондерсті жеңіп, белбеуін иеленсе, одан кейін Сауль Альвареспен кездесіп, ұтар болса, онда жаңағы рекордты жаңартып, орта дивизиондағы барлық белбеулерді біріктірген болар еді. Онда GGG бүкіл бокс тарихындағы ең үздік үштікке кіреді.

Осындай статусқа жеткісі келсе, Головкин үшін Джейкобс сияқты боксшылармен реванш өткізуге уақыт жоғалтауы керек. Ал Джейкобсты ол таза жеңген болатын» дейді Джастин Грэм.



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.11.2018

Egemen Qazaqstan алғашқылардың бірі болып Chartbeat құралын пайдаланады

13.11.2018

Жаңақорған ауданында 116 бас қой белгісіз аурудан қырылып қалды

13.11.2018

Қызылордада қауіпті аймақтар анықталып, даярлық мәселелері күшейтілді

13.11.2018

Ақтөбеде жоғары жылдамдықтағы интернет желісі ұлғаяды

13.11.2018

Елбасы Астана клубының төртінші отырысына қатысты

13.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті

13.11.2018

«Айша бибі» мен «Ақыртас» әлемдегі ерекше туристік нысандардың тізіміне енді

13.11.2018

Павлодарда Португалиялық профессор студенттерге дәріс беріп жүр

13.11.2018

Т.Сүлейменов ел өңірлеріндегі жылу бағасының әртүрлілігін түсіндірді

13.11.2018

Тайваньда таеквондодан Президент кубогі додасы аяқталды

13.11.2018

Елордалықтар 14 қарашада жалпыхалықтық диктант жазуға қатысады

13.11.2018

Үкіметте 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды

13.11.2018

Б.Сағынтаев өңірлердегі халықтың нақты табысының көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлуді тапсырды

13.11.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтар адамдардың қажетіне жарай бастады

13.11.2018

Шымкентте 5 000 000 теңгеге бағаланған көгершін көрмеге қойылды

13.11.2018

Қызылорда облысында газ құбыры құрылысы басталады

13.11.2018

Елбасы Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті

13.11.2018

Венгрияда синхронды жүзуден жасөспірімдер құрамасы бірінші орынды иеленді

13.11.2018

Тарифтерді көтерген монополистер заң алдында жауап береді

13.11.2018

Алматыда мектеп оқушылары арасында шешендік өнер байқауы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(1)

Аскар (23.03.2017 01:25:40)

Жасы келіп жатканы рас, 35 деген сондай кари жас та емес. Мыкты боксшылар кырык жаста да жогары деңгейде бокстаса алады. Мейвезер 40-ка таяганда Канелоны жеңді. Ал Хопкинс ше? Ол биздин Бейбітті иремей сойганда канша еди? Почти 50-ге келген болатын. Олай болса Головкин картайды деп кара аспанды тондире бермеңдер.

Пікір қосу